Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінімдер тамыздың 27 тамызға дейін қабылданады
Жаңалықтар

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына өтінімдер тамыздың 27 тамызға дейін қабылданады

11.07.2025110 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Еліміздің білімді әрі шығармашылығын дамытып, еңбектенуге ұмтылған жастарын қолдауға бағытталған бірқатар бағдарлама мен жобалар іске асырылып жатыр. Солардың бірі – 1992 жылдан бері тағайындалып келген «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы. Биыл  «Дарын» сыйлығына үміткерлердің құжатын қабылдау 26 маусымда басталды. Өтінімдерді қабылдау 27 тамызға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ресми сайтында қолжетімді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров ОКҚ брифингінде хабарлады.

Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» сынды 10 аталым бойынша жүргізіледі.

«Дарын» – жастар үшін ең маңызды сыйлық. Оны алуға үміткерлерге әрқашан ерекше талаптар қойылады: әлеуетті лауреаттар тек таланттарға ие болып қана қоймай, шығармашылық, ғылыми немесе спорттық ортада жетістікке жетуі керек. Жоғары интеллектуалдық және азаматтық рух және бізді қоршаған әлемді жақсы жаққа өзгертуге деген ұмтылыс өте маңызды», – деді спикер.

Бүгінге дейін 360-тан астам жас қазақстандық «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Олардың ішінде  еліміздің туын әлемге танытқан спортшыларымыз Ольга Шишигина, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Динара Садуақасова, Денис Тен, өнер саласында өзіндік орны бар Әлтаев Аманжол, Айгүл Иманбаева, Досымжан Таңатаров, Мария Мудряк, Димаш Құдайберген, «Муз АРТ», «Жігіттер» және «Ұлытау» топтары, ғылым саласында Максим Здоровец, Мақсат Жабагин, журналистика саласында Гүлнәз Әлімгерей, Мақпал Жұмабай, Ирина Тен сынды өнерлі, талантты қоғам қайраткерлері бар. Бүгінде осы азаматтар әлем сахналарында өз өнерімен, білімімен, талантымен еліміздің абыройын асқақтатып жүр.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026741 Views

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026193 Views

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026218 Views
Соңғы жаңалықтар

ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

03.04.2026

Қазақстан Орталық Азиядағы алғашқы геологиялық форум алаңына айналды

03.04.2026

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

03.04.2026

Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласына тартылған инвестициялардың жалпы көлемі 1,2 трлн теңге

03.04.2026

Елімізде 4 мыңнан астам қоғамдық құрылым этносаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосып келеді

03.04.2026

Астанада Қазақстан машина жасаушыларының XIII форумы өтіп жатыр

03.04.2026

Мемлекет басшысы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованы қабылдады

03.04.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.