Биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. «Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», делінген құттықтауда.
Автор: un_admin
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, биылғы алғашқы дән себу іс-шарасына қатысты. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері келді. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен бірге қамба астыққа толып, шаруа еңбегі табысты болуына тілектестік білдірді. Әрі қарай шара қонақтары ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыш, гербицидтер және тұқым көрмесімен танысты. Егіс алқабында өткен жиын «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты. Семинарда мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық басшылары саладағы өзекті мәселелерді баяндады. Өткен жылы елімізде диқандарға көктемгі егін, күзгі жиын-терін жұмыстарына 5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 500…
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралап, ондағы жұмыс барысын тексерді. Алдымен Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстарымен танысты. Мұнда халықтың сұранасына сай автокөлік тұрағы салынады, гүлзармен көмкерілген көркем келбеті қалыптасады. Парк ішінде 3 аллея, 3 бөліктен тұратын субұрқақ, амфитеатр, бетон-скейтпарк, 7 балалар ойын алаңы, 4 спорт алаңы, 4 workout аймағы, 4 фудкорт, шағын сәулеттік пішіндер және аттракциондар болады. Әрі қарай қалалық мәдениет және демалыс саябағын қайта жаңғырту жұмыстарын көрді. Қазір мұнда 20-дан астам заманауи атракцион орнатылып, серуен жолына қырлы кеспе плита төселуде. «Bi Global» серіктестігі демонтаж жұмыстарын бітіріп, субұрқақтар мен жарық шамдарын монтаждауға кіріскен. Мамыр айында…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Шіркейлі», «Жаңадария», Сыздық каналдарындағы көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын тексерді. «Шіркейлі» каналындағы көпірді жөндеуді қолға алған бас мердігер «Жылу 21» ЖШС 24 аралық балка және 250 аралық плита орнатты, 4 аралықтың беті бетондалды. Арнасы тазартылып, бетон конструкциялары сырлануда. Жиектегі тіреулерге плита орнату және кірме жолды жөндеу қарқын алған. Құрылыс материалдары толық жеткізіліп, жұмысқа 20 адам мен 5 техника жұмылдырылған. Сыздық каналындағы жұмысты да аталған серіктестік жүргізуде. Каналдың табаны мен жиектері тегістеліп, бетондалды. Құрылыс материалдары жеткілікті, көпір басында 12 адам, 3 техника жұмыс істеуде. Жаңадария каналындағы көпірге «Best Stroi Grup инжиниринг» ЖШС құрылыс материалдарын жеткізіп, бетондап, сырлауда. Кірме…
2025 жылдың 26-27 сәуір аралығында Алматы қаласында, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен студенттер арасында көктемгі біліктілік лигасы басталады. Лига студенттік спортты дамытуға және жастар арасында дене белсенділігінің деңгейін арттыруға бағытталған. Үш спорт түрінен (футбол, волейбол және баскетбол) өтетін үлкен додаға 35 ЖОО қатысады. Жарыстың ерекшелігі – командалардың қатысуы қатысу жарнасыз, тегін. Турнир барысын белгіленген стандарттар мен ережелерге сәйкес келетін білікті төрешілер мен лиганың Тәртіптік комитеті қадағалайды. Осы маусымның басты жаңалығы, лиганың арнайы сайттары іске қосылды: https://asvl.kz/ (волейбол),, https://asfl.kz (футбол), https://sblalmaty.mtgame.ru/ (баскетбол). Бұл платформалар командаларды тіркеуге, ойын кестесін, құрамдар мен кестелерді автоматты түрде қалыптастыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар голдар мен ұпайлардан бастап жеке…
Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының «Дүйсенбілік спорт» жобасы аясында орталық стадион жанындағы қосалқы шағын алаңда базар жастары арасында мини футболдан өткен турнир мәресіне жетті. Жарыс қорытындысы бойынша І-орынды «Байсат» базарынан келген «Жібек жолы» командасы иеленіп, 250 мың теңгенің сертификатын олжалады. ІІ-орынды «Саламат» базарының жастары алып, олар 150 мың теңгенің сертификатын қанжығаларына байлады. Үшінші орынды «Қазына» базары мен «Байсат» базарынан келген тағы бір команда өзара бөлісті, әрқайсысы 50 мың теңгенің сертификаттарын еншіледі. Сонымен қатар жеңімпаздар медаль, кубок және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Жарысқа Алматы қаласындағы базарлардан 16 команда қатысты. «Қырғауылды», «Байсат», «Қазына», «Жұлдыз» базарларынан екі командадан қатысса, «Саламат», «Тастақ», «Алтын орда», «Батыр»,…
Еліміздің Энергетика министрлігі биылғы егіс науқанына 401 мың тонна арзандатылған дизель отынын бөлді. Дизель отынын тиеп-жөнелту бойынша мұнай өңдеу зауыттарына облыстарды бекіту кестесі және бағасы айқындалды. Операторлардың шығындарын ескере отырып, шаруалар үшін түпкілікті баға литріне 254 теңгені құрайды, бұл нарықтан 15%-ға арзан. Қазір нарықтық баға литріне 295 теңгені құрап отыр. ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтың ОКҚ брифингінде мәлімдегендей, кестеге сәйкес ақпан-сәуір айларына дизель отынын жөнелту жоспарына сәйкес 94 мың тоннаға шарттар жасалды және төленді, 74 мың тоннасы шаруаларға жөнелтілді. «Жалпы, егіс науқанына 139 мың трактор, 5,6 мың бірлік жоғары өнімді егіс кешені, 71 мың сепкіш, 141 мың ауыл шаруашылығы құрылымдарының…
Президент стратегиялық маңызы зор Батыс Қытай – Батыс Еуропа көлік дәлізіне жақын орналасқан Almaar Logistics сауда-логистика орталығына барды. Аумағы 24 мың шаршы метрді құрайтын көп функционалды кешен құрылысына жеке инвестор 14,8 млрд теңге қаржы құйған. Орталық өнім сақтаудың озық технологиясымен жабдықталған. Атап айтқанда, тез бұзылатын азық-түлікті ұзақ сақтамай, барынша жедел таратуға мүмкіндік беретін жүйе енгізілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Shymkent City» шағын ауданына жақын маңдағы жаңа саябаққа барды. Аумағы 20 гектардан асатын паркте сейілдеуге және мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізуге барлық жағдай жасалған. Субұрқақты жасанды тоған, амфитеатр, ландшафтты аллеялар, воркаут және скейт алаңдары бар. Экологиялық жағдайды жақсартып, қала тұрғындарына қолайлы орта қалыптастыру үшін алдағы жылдары 1 миллион түптен астам ағаш көшеті отырғызылмақ. Шаһардағы 12 саябақты абаттандыру, сондай-ақ гүлзарларды, Қошқар ата өзенінің жағалауы мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұрынғы қоқыс полигонының орнында Экопарк құрылысы қолға алынды. Бұдан бөлек, Президентке қытайлық Shaanxi Construction Engineering компаниясы ұсынған қоқыс өртеу зауытының жобасы таныстырылды. Зауыт тәулігіне 1 мың тоннаға дейінгі қатты тұрмыстық қалдықтарды…
Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы маусым айында пайдалануға берілген конгресс-холл ғимаратымен танысты. Президент тапсырмасына сәйкес бой көтерген бұл көрікті нысан бұқаралық мәдени іс-шаралар өткізуге арналған. Сондай-ақ мұнда қолөнершілердің орталығы мен шеберханалары орналасқан. Мемлекет басшысы Шымкентте жүзеге асырылып жатқан цифрлық шешімдермен танысты. Олардың қатарында отандық «СМЭУ Астана» әзірлемесіне негізделген бағдаршамдарды интеллектуалдық басқару жүйесі, Avtobys цифрлық платформасы бар. Sergek Group және Freedom Telecom компанияларымен бірге FWA 5G технологиясы негізінде жұмыс істейтін, жол қозғалысы мен мен қоғамдық тәртіпке үздіксіз мониторинг жүргізетін сыртқы бейнебақылау және жылдамдығы жоғары интернет жүйесі енгізіліп жатыр.
