Автор: un_admin

Тай жарыста жүлделі ІІІ орынды Аслан Даврушовтың баптауындағы «Қарқын» сайгүлікпен Санжар шабандоз иеленді. Мәрені екінші болып кескен жүйрік «Көзайым», Жанасыл шабандос тізгіндеген Жайлаубай Тілеуқабыловтың баптауындағы тай. Тай бәйгеде топты бастап І орын иеленген «Таскүрең», Мұратбек Пірекеновтың Бекнұр жүгендеген жүйрік тай. Жүйріктер «Топ» бәйгеде топтасып бақсынады. Шын мықтылар тізгіндескен бәсекеде 12 аттан 3 тұлпар мәреден өтті. 8 айналымнан тұратын тартысты сында Рамаз тізгіндеген, Бердібек Мықановтың сайгүлігі «Сыр сұлуы» топ бастап жүлделі І орын иеленді. Топ бәйгенің ІІ орынды Нұртілеу балақай шапқан «Венеград» иеленді. Бапкері Ғабит Қойшығұл, Аққұм ауылы. ІІІ орын Қазалы ауданынан келген, Шынтас шабандоздың «Секунда» тұлпарына бұйырды. Жүйріктен жүйрік озған…

Read More

Құтқарушылардың айтуынша, бесінші қабаттағы пәтердің бір бөлмесі мен балконы өртенген. Қабылданған шаралардың арқасында өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеген. ТЖМ күштері өртті 15 шаршы метр алаңда сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіру бөлімшелері жеткенге дейін тұрғындар өз бетінше далаға шығып үлгерген. Тұрғындарды жылыту үшін өрт орнына арнайы техника жіберілген.

Read More

Атап айтқанда, «Парасат» ор­денімен Ұлттық құрылтайдың мү­шесі, Түркістан облыстық қоғам­дық кеңесінің төрағасы Байділдә Жылқышиев марапатталды. Ал Ұлттық құрылтайдың, Батыс Қа­зақ­стан облыстық қоғам­дық кеңесінің мүшесі Бауыржан Ғұбай­дуллин, М.Өтемісов атын­да­ғы Батыс Қазақстан универ­сите­тінің доценті Жаңабек Жақсығалиев, Қостанай автомобиль көлігі колледжі­нің директоры Дмитрий Пав­ленко «Құрмет» орденінің иегері атанды. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Азаматтық альянсының төрағасы, облыстық коғамдық ке­ңестің мүшесі Аяужан Әшімова мен Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданындағы Қасым Қайсенов атын­дағы орта мектептің директоры Әсем Чамкаеваға «Ерен еңбегі үшін» медалі тапсырылды. Президент жанындағы Жастар сая­саты жөніндегі кеңестің мү­шелері – дінтанушы, діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі сарапшы Елнар Берікбаев, «Қоғамдық келісім» институтының директоры Элина Масагутова,…

Read More

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы отандық ғылымды дамытудағы айрықша жетістіктері, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі аса үздік еңбегі үшін Президент жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаевқа берілді. Жерлесімізді марапатымен құттықтаймыз!

Read More

Олардың қатарында білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және ғылым қайраткерлері, өндіріс, бизнес салаларының көрнекті өкілдері, депутаттар, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, спортшылар және еңбек ардагерлері бар. Мереке қарсаңында Қызылорда облысы, Шиелі ауданындағы «Арғымақ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры О.Байділда «Парасат» орденінің иегері атанды. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жарлығымен тағайындалған марапаттың иегері атанған жерлесімізді құттықтаймыз!

Read More

«Жастар Рухы» мен Ұлттық пікірсайыс федерациясы ұйымдастырып жатқан турнирдің финалдық ойындарына ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаттары Самат Нұртаза, Болат Керімбек, Максим Рожин, журналист, «Уəде» тележобасының авторы Ерболат Мұхамеджан, Қызылорда облысы əкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов жəне «Жастар Рухы» төрағасы Ақерке Искандерова, сондай-ақ жергілікті мəслихат депутаттары мен қоғам белсенділері қатысты. Екі күндік ойын нəтижесі бойынша қазақ лигасында «AMANAT CUP» кубогы мен 600 000 теңгені Алматы қаласының «Ақеспе» фракциясы (Әлімбаев Мұхаммедәлі, Есенов Темірлан), 400 000 теңгемен ІІ орынды Алматы қаласы мен Ақтөбе облысынан құралған «Қорқыт ата» фракциясы (Жәкен Нұрхан, Жәкен Нұркен), ал Алматы облысынан «Райым» фракциясы…

Read More

Нысандағы құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған. Жобаға бағытталған 20 млрд теңгенің 15 млрд 700 млн теңгесі «Болат Өтемұратов» қорынан бөлінген. Жергілікті бюджеттің 4 млрд 300 млн теңгесі инфрақұрылымды дамытуға, абаттандыруға, яғни жылу, су, электр, телефон және кәріз желілерін, автожол жүргізуге жұмсалған. Қазір әуежай және оған іргелес аумақ абаттандырылып, инфрақұрылымдық жүйелердің барлығы жасақталған. Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Асқарұлы Байманов халық қалаулыларын жаңа терминалмен, ондағы соңғы үлгідегі техника жұмысымен таныстырды. Бүгінде әуежай маңында «ЭКО такси» және қоғамдық көліктер қызмет етуде. Аталмыш терминал халықаралық стандарттарға сәйкес жасақталған. Айта кетейік, нысанның құрылысы аймақ басшысының бастамасымен «Болат Өтемұратов» қорының демеушілігімен партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Read More

Сол жағалаудағы жаңа мектеп жұмысымен танысқан халық қалаулылары білім ошағының ауқымдылығына, көп функционалдығына және жайлылығына оң бағасын берді. Мектеп ішінде 3 спорт зал, 240 балаға арналған асхана және түрлі бағыттағы сыныптар жұмыс жасауда. Әр сынып интерактивті тақтамен жабдықталған. Құрылыс барысында қолданылған материалдардың басым бөлігі жергілікті өндірушілердікі. Білім саласының өркендеуі үшін аймақ басшысының қолдауымен өңірімізде ауқымды жұмыстар атқарылуда. Соның негізінде, биыл білім саласына бөлінген қаржы 262 млрд 100 млн теңгеге жетіп, облыс бюджетінің 35,2 пайызын құрады. Аймақ басшысының орынбасары Шахмардан Байманов пен партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек пен Максим Рожинге соңғы жылдары аймағымызда бастау…

Read More

Мәселен, Бесарықта «Абай-Дәулет» серіктестігінің бастамасымен фри зауыты, партияның «Ауыл аманаты» жобасымен наубайхана, кондитерлік және жартылай дайын өнім цехтары, жұмыс қолғабы, шұлық, пластик ыдыстар, сабын, ағаш бұйымдары өндірістері жұмысын жасауда. Сондай-ақ, тұрғындардың сұранысына ие «Қызылорда» супермаркеті мен «Помидор» дәмханасы да жоғары сапалы қызмет көрсетуде. Атқарылған жұмыстарды көру үшін бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек пен Максим Рожин Бесарық ауылына арнайы табан тіреді. Аймақ басшысының орынбасары Шахмардан Байманов халық қалаулыларына ауылда атқарылған жұмыстарды таныстырды. Бұнда жергілікті өнімдер нарық бағасынан төмен саудалануда. Сәйкесінше сұраныс та жоғары. Сонымен қатар, ауылда басқа да салалар қарқынды дамуда. Бұған «Абай-Дәулет» серіктестігі үлкен қолдау білдіруде. Соңғы жылдары…

Read More

Комиссия отырысына қалалық мәслихат төрағасы Құттықожаев Ибадулла Дүйсенбайұлы, қалалық мәслихат депутаттары, облыстық, қалалық ветаринарлық қызмет және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласының жауапты басшылары, өңірлік қаржы институттары (“Қызылорда” өңірлік инвестициялық орталығы” микроқаржылық ұйымы”, «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы, «Байқоңыр әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы») өкілдері, кент және ауылдық округ әкімдері, қалалық кірістер басқармасы, тиісті қалалық дербес бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Комиссияың күн тәртібіне: 1. «Қала және кент, ауылдық округ тұрғындарына (осал топтарға) берілген мемлекеттік гранттар бойынша жобалардың іске асырылу барысы, нәтижесі мен тиімділігі туралы»; 2. «Өңірлік қаржы институттары мен екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен кәсіпкерлерді субсидиялау…

Read More