Автор: un_admin

Бүгінде еліміздегі мыс саласында ішкі өңдеу қарқынды дамып келеді. 2021 жылы Қазақстанда шығарылатын мыстың 5,3 мың тоннасы іште өңделсе, былтыр бұл көрсеткіш 13,2 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы өңдеуді арттырып, 16,2 мың тонна дайын өнім шығару жоспарланған. Қазір 16 кәсіпорын  мыспен қамтамасыз етілуде. Мәселен, қуат трансформаторларын орауға арналған сымдар шығару көлемін жалпы өткен жылға қарағанда 31%-ға, мыс катанкасын және дөңгелек жалпақ прокат өндіру көлемін 29%-ға ұлғайту көзделген. Бұл жайлы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, қазір 460 мың тоннаға жуық мыс өндірілсе, 2029 жылға дейін соның 91 мың тоннасын…

Read More

Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Жиынға өңірлер мен моноқалалардың әкімдері, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Президенттің тапсырмасын ескере отырып, моноқалаларды дамытудың жаңа тәсілдері қаралды. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің баяндамалары тыңдалды. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 1,5 млн адам тұратын 20 моноқала бар. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша олардың үлесіне өнеркәсіп өндірісі көлемінің үштен бірінен астамы тиесілі – 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл…

Read More

«Мерейлі отбасы-2025» байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстандағы өнегелі отбасы мәртебесін иелену үшін 3434 үміткер бақ сынамақ, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Ең көп өтінім Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Жетісу өңірінен түскен. Сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары да көшбасшылар қатарында. Ал Ұлытау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенділік таныта қоймаған. Байқауға өтінімдер тек қатысушылар тарапынан ғана емес, 1711 отбасының кандидатурасын жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен еңбек ұжымдары да ұсынған. Алда байқаудың аудандық, қалалық және облыстық кезеңдері өтеді. Өңірлік кезең жеңімпаздары дәстүрлі түрде Отбасы күні қарсаңында елордада өтетін «Мерейлі отбасы» марапаттау рәсіміне қатысады. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге сыйақы табысталады.…

Read More

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында форум өтті. Алқалы жиынға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындады. «Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы талқыланды. Аймақ басшысы облыс, аудан орталықтары мен елді мекендердегі тазалық, көркейту шараларына күнделікті әрі жүйелі бақылау орнатуды тапсырды. «Жаз мезгілінде қала мен елді мекендердегі қоғамдық орындардың тазалығы, жайлылығы басты назарда болуы тиіс. Аптап ыстық басылған соң демалуға сыртқа шыққан халықтың, каникулдағы балалардың баратын орындарын күнделікті қадағалаңыздар. Саябақтар, демалыс аймақтары, жағажайлар мен балалар алаңдары таза әрі қауіпсіз болуы керек. Бұл іске тұрғындар да белсенді араласуы қажет. Тазалық сақтау тек коммуналдық қызметтердің ғана міндеті емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Көше бойларының, аулалардың, қоғамдық орындардың тазалығы…

Read More

Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан филиал қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жарияланған еді. Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру кезінде филиал тұтынушылардан заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойып, құжаттар талап еткен. Бұл әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын және заң нормаларын бұзу ретінде танылды. Қазір Қызылорда облысы бойынша…

Read More

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Тек мамыр айында ғана елде 128,1 мың көлік тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп. Оның ішінде 113 мыңы жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, мамыр айында 8 мың жүк көлігі және 1,4 мың автобус жолға шыққан. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 20,33 миллион адамды құрайды. Демек, әр үшінші қазақстандықтың атына көлік тіркелген. Экологиялық көлікке деген қызығушылық артып келеді. 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда электромобильдер саны 66,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, жанармаймен жүретін көліктер де әлі де сұранысқа ие: Бензинмен…

Read More

Жарыстар кестесі сала министрлігінен мәлім болды. 16-23 маусымда Индонезия Нуса Дуа қаласында cемсерлесуден Азия чемпионатына ел құрамасынан 23 спортшы қатысады. 16-23 күндері көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында (София қаласы, Болгария) 7 отандасымыз бақ сынайды. 16-24 маусымда жағажай волейболынан Таиланд Рой-Эт қаласында Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады. 18-19 күндері күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты (Вунгтау қаласы, Вьетнам) ел намысын 30 палуан қорғайды. 18-21 маусымда спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңіне отандық 6 гимнаст қатысады. Дода – Ташкент қаласында өтеді. 18-26 күндері пара пауэрлифтингтен Әлем кубогінде Қазақстаннан 10 спортшы сайысады. Байрақты бәсеке Қытайдың бас шаһары Бейжіңде өтеді. 20-21 маусымда Германия Котбус қаласында велотрек турнирінде 4 велошабандозымыз жарысады. 21-22…

Read More

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде Бразилия өкілі Габриэль Фалькаоға қарсы татамиге шыққан. Жұбаназар қарсыласына қарсы тиімді әдіс қолданып, екі мәрте «юко» ұпайын еншілеген. Осы нәтижемен белдесуді өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге өтті. Ширек финалға шығу үшін Абылайхан Жұбаназар енді ресейлік балуан Тимур Арбузовпен белдеседі.

Read More

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады. Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер – біз үшін қымбат. Біз – біртұтас командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі тиіс», деген болатын. Айта кетсек, соңғы…

Read More