Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»ҚР АШМ «Апорт» алмасының аңызға айналған сортын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда
Жаңалықтар

ҚР АШМ «Апорт» алмасының аңызға айналған сортын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда

22.07.2025284 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

2025–2028 жылдарға арналған «Апорт» алмасының сортын қайта жаңғырту жөніндегі Жол картасының жүзеге асырылуына мониторинг жүргізілді. Бұл бағыттағы жүйелі жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2024 жылы басталды және еліміздің бірегей мәдени мұрасы әрі символы саналатын «Апорт» алмасының сортын қалпына келтіруге бағытталған, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Президент Іс Басқармасына қарасты «Астана 20» мемлекеттік қорының белсенді қолдауымен сапалы көшет материалын өсіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл материал болашақта «Апорт» сортын отырғызатын жаңа бақтардың негізіне айналмақ.

2024 жылы Жоңғар Алатауының таулы аймақтарынан Сиверс жабайы алмасының тұқымдары жиналып, олар себіліп, көшет питомнигі құрылды. 2025 жылғы ақпанда сапалы көшеттер дайындау мақсатында 10 гектар алқапта қысқы көзтаңба (окулировка) жұмыстары жүргізілді.

Министрлік өкілдерінің Алматы облысына жұмыс сапары ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың төрағалығымен өткен кеңеспен аяқталды. Кеңеске салалық құрылымдар мен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Онда Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының «Талғар» өңірлік филиалы басшысының есебі тыңдалды. Сонымен қатар жобаны іске асыруға кедергі келтіріп отырған мәселелер талқыланып, оларды шешудің нақты жолдары айқындалды. Тиісті құрылымдарға нақты тапсырмалар берілді.

2027 жылдың соңына дейін 110 гектар бақ отырғызу көзделіп отыр.

Сонымен қатар, «Апорт» алмасын ұлттық бренд ретінде кеңінен насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, биылғы қыркүйек айында Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының помологиялық бағы базасында «Бақ күні» шарасы өтеді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі Жол картасын іске асыру шеңберінде барлық іс-шараларды үйлестіріп, жобаның ғылыми негізін, сабақтастығын және орнықты дамуын қамтамасыз етуді жалғастырады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025273 Views

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025418 Views

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025327 Views
Соңғы жаңалықтар

ГҮЛДЕНЕ БЕР, ҚЫЗЫЛОРДА!

09.08.2025

Алматы облысында мектеп оқушыларына құқықтық мәдениет оқытылады

07.08.2025

Жарты миллионнан астам бала балабақшаларға ваучер алды

07.08.2025

Алматыда ерте диагностиканың арқасында онкологиялық аурулардан болатын өлім азайып келеді

07.08.2025

Мемлекеттік білім беру гранттарының иегерлері анықталды

07.08.2025

Орталық Азия елдері зілзалалар қаупін азайту саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

07.08.2025

1,8 млн тонна арпа экспортталды

07.08.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.