Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Жаңақорған ауданы – даму қарқыны жоғары өңірлердің бірі
Аймақ жаңалықтары

Жаңақорған ауданы – даму қарқыны жоғары өңірлердің бірі

22.07.2025722 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Қызылорда облысына қарасты Жаңақорған ауданы – соңғы жылдары серпінді дамып келе жатқан өңірлердің қатарында. Ауданда инфрақұрылымдық жаңғыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Өңірдегі өзгерістермен танысу мақсатында республикалық және жергілікті БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры ұйымдастырылды.

БАҚ өкілдерінің сапары Жаңақорған кентіндегі жақында пайдалануға берілген аспалы көпірден басталды. Бұл стратегиялық нысан – 15 елді мекеннің 22 мыңнан астам тұрғынын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізімен тікелей байланыстырады. Бұрын тұрғындар айналма жолмен қатынаса, енді көпір арқылы уақыт пен жол шығынын үнемдеп, қауіпсіз әрі тиімді қозғалыс мүмкіндігіне ие болды. Құны 1,4 млрд теңгені құрайтын көпірдің екі жағына жаяу жүргіншілерге арналған жол және жарық шамдары орнатылған.

Келесі нысан – қуаты арттырылған «Жаңақорған Автоматтандырылған Газ Тарату Станциясы». Құны 2,3 млрд теңге болатын бұл жоба аяқталуға жақын, бүгінде 98 пайызға дайын. Жоба іске қосылған соң, 8 елді мекеннің 11 мыңнан астам тұрғыны табиғи газбен қамтылады.

Баспасөз туры барысында журналистер Қыраш ауылдық округіндегі «Қадіржан» жеке кәсіпкерлігінің сабын өндіру цехына барды. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ашылған бұл цехта тәулігіне 100-200 дана сабын өндіріледі. Жергілікті кәсіптің дамуына жол ашқан жобаның өңір экономикасына оң ықпал етері сөзсіз.

Сапар барысында Шалқия кентінде салынып біткен асфальт зауыты да таныстырылды. 6 гектар аумақты алып жатқан өндіріс орны индустрияландыру картасына енгізілген. Зауыт іске қосылғаннан кейін аудан жолдары сапалы құрылыс материалымен қамтылады. Сонымен қатар, мұнда 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Ауыл шаруашылығы бағытындағы жобалар да назардан тыс қалмады. БАҚ өкілдері Жайылма ауылындағы «Мырзатай» шаруа қожалығында болды. Қожалықта ерте көктемде егілген қарбыз бүгінде пісіп, ішкі нарыққа жөнелтіле бастады. Биыл 3 гектар жерге егілген Жайылманың қарбызы – табиғи дәмі мен сапасы жағынан сұранысқа ие өнімдердің бірі. Қарбыздар жергілікті сауда орындарымен қатар, еліміздің өзге аймақтарына да жеткізілуде.

Сапар соңында тілшілер Екпінді елді мекеніндегі инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым жұмыстарының барысымен танысты. Атап айтқанда, жаңа электр желілері тартылып, 936 тұрғын сапалы әрі тұрақты электрмен қамтылады.

Жалпы, Жаңақорған ауданында жүзеге асырылып жатқан жобалар өңірдің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін арттыруға бағытталған. Жаңартылған инфрақұрылым мен өндірістік қуат – аудан дамуының нақты көрсеткіші. Алдағы уақытта да бұл бастамалар өз жалғасын табатыны анық.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана оқырмандары 28,8% артты

18.11.2025263 Views

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025558 Views

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025225 Views
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана оқырмандары 28,8% артты

18.11.2025

Головкин қоштасу жекпе-жегін Қазақстанда өткізе ме?

17.11.2025

Польша Қазақстанмен агроөнім саудасын арттыруға қызығушылық танытты

17.11.2025

Ресейден 20 тонна құс етін заңсыз әкелмек болған

17.11.2025

«Балқаш»: Еліміздегі алғашқы АЭС-қа атау берілді

17.11.2025

Қазгидромет: биылғы қыс жайлы болады

17.11.2025

Ақордада Эстония Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті

17.11.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.