Түркістан облысының Сайрам ауданында бордақылау алаңы мен ет комбинатының құрылыс жобасы «KAZ ECO MEAT» ЖШС тарапынан жүзеге асырылды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Жылына 10 мың тоннаға дейін ет өңдеуге бағытталған жобаның жалпы құны – 8,5 млрд теңге. Кәсіпорын Беларусь, Қытай және Түркиядан жеткізілген заманауи жабдықтармен жабдықталған. Өндірістің барлық кезеңінде озық технологиялық шешімдер енгізілген. Мал бордақылау үдерісін тиімді және тұрақты жүргізуге мүмкіндік беретін автоматтандырылған азықтандыру жүйесі орнатылған. Өнімді кешенді өңдеу мақсатында қан жинау және өңдеу қондырғылары, сондай-ақ сүйек өңдеуге арналған жабдықтар іске қосылып, қалдықсыз өндіріс циклі қамтамасыз етілген. Ет комбинаты халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келеді және өнім экспорттауға бағытталған.…
Автор: un_admin
Целиноград ауданында «Jańa Dala / Green Day – 2025» арнайы ауыл шаруашылығы көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Еліміздің агроөнеркәсіп саласындағы ірі шараға 20-дан астам мемлекеттен келген 200-ге жуық компания қатысты, деп хабарлайды өңір әкімдігі. 2013 жылдан бері «Jańa Dala / Green Day» елімізде жыл сайын өткізіліп келеді және бүгінде ол алдыңғы қатарлы агротехнологияларды, заманауи техниканы және селекциялық жетістіктерді көрсететін ең ірі алаң ретінде танылған. Көрме отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін, агробизнес өкілдерін және халықаралық серіктестерді бір арнаға тоғыстырады. Биылғы іс-шара дәстүрлі түрде Ақмола облысының аумағында аграрлық форум форматында ұйымдастырылды. Қонақтардың қатарында еліміздің түкпір-түкпірінен келген фермерлер мен диқандар, сондай-ақ Австрия, Ұлыбритания, Германия, Қытай,…
Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің ауыл шаруашылығын орнықты дамыту жөнінде қойған міндеттерін орындау шеңберінде вегетациялық кезеңнен өту және елдің оңтүстік өңірлерін суармалы сумен қамтамасыз ету мәселелері жөнінде жиын өткізді. Жергілікті жерлердегі ахуал туралы су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов баяндама жасап, Түркістан, Қызылорда облыстарының әкімдері тыңдалды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жиында оңтүстік өңірлердің бүгінгі су шаруашылығы жағдайы талқыланды. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметтері бойынша қазіргі уақытта су қоймаларындағы су көлемі – 19,2 млрд текше метр. Суармалы су көлемінің 98%-ын оңтүстіктегі бес өңір – Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары пайдаланады, бұл аймақтарда 1,2 млн га жер суарылады. Бекітілген жоспарға сәйкес,…
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі инфрақұрылымды жаңғырту бойынша белсенді жұмыс жүргізуде. Соңғы үш жылда 633 денсаулық сақтау нысаны салынды. Олардың қатарында Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығын және Алматыдағы Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығын қоса алғанда, ірі нысандар бар, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде жоспарланған 655 нысанның 508-і аяқталды. Ағымдағы жылдың 5 айында ДСМ 104,6 млрд теңге инвестиция тартты, оның ішінде 40 млрд теңге — жеке инвестиция. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық, бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін одан әрі дамыту үшін қаражат табысты тартылғанын айғақтайды.
Елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық жиналады, оның тек 25,8%-ы ғана қайта өңдеуге жіберіледі. Ахуалды жақсарту үшін заманауи инфрақұрылым белсенді дамып келеді. Толығырақ бұл жайында ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында ҚР экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансур Ошурбаев айтып берді. Қалаларда тапсырылған қайталама шикізат үшін бонустар төлейтін экобокстар мен фандоматтар орнатылады. Мәселен, жеке компания Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскеменде пластик пен алюминий жинауға арналған 100-ден астам фандоматты орналастырды. Тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғанның 129 мектебінде қоқысты бөлек жинауға арналған 1 мыңнан астам экобокс қойылады. Қалдықтарды сұрыптау және қайта өңдеу үшін инфрақұрылым…
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биылғы I жартыжылдықта 20 триллион теңгені қамтитын 12 мемлекеттік аудит жүргізілгені туралы баяндалды. Бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,1 есеге артық. Әлихан Смайыловтың айтуынша, аудиторлық тексерістер орта білім беру, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, цифрлық даму, электр энергетикасы және жоғары жетістіктер спортын қаржыландыру секілді негізгі салаларды қамтыған. Үкіметке және аудит жүргізілген нысандарға 60-тан астам ұсыным мен 450 тармақтан тұратын ұйғарым берілді. 20 факті бойынша іс материалдары құқық қорғау органдарына жолданды. Президентке Жоғары аудиторлық палатаның ұсынысымен әзірленген заңнамалық бастамалар жөнінде егжей-тегжейлі мәлімет берілді. Мәселен, енді Жоғары аудиторлық палата бюджеттен тыс қорларды тексеру құзыретіне ие болды. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында…
Елде туберкулездің алдын алу және емдеу жұмыстары жалғасуда. Қазақстанда бұл дертті емдеу, диагностикалау тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде тегін жүргізіледі. Туберкулезге шалдыққан науқастарға инъекциялық препараттарды қолданбай тиімді емдеу режимдеріне толық қолжетімділік қамтамасыз етілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ДСМ бас штаттан тыс фтизиатр-дәрігері, ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының директоры Мәлік Әденов мәлімдеді. Қолданыстағы негізгі құралдардың бірі БЦЖ вакцинациясы болып қала береді. Халықаралық стандарттар мен мәліметтерге сәйкес, 5-6 жас аралығындағы ревакцинация тоқтатылды. Бүгінде екпе тек бала туғаннан кейін бір рет салынады. Былтырғы және ағымдағы жылдың алғашқы 6 айының қорытындысы бойынша жаңа туған нәрестелердің 97%-дан астамы…
Қазақстан – Орталық Азия аймағында және посткеңестік кеңістікте туберкулезге қарсы барлық іс-шараны мемлекеттік қаражат есебінен жүргізетін жалғыз ел. Осылайша, алдын алу және емдеу тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас фтизиатр-дәрігері, Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының басшысы Мәлік Әденов мәлімдеді. Спикер соңғы 10 жылда елдегі туберкулез бойынша эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарғанын атап өтті. Осы уақытта оның таралу деңгейі 52%-ға төмендеді. Өлім-жітім көрсеткіші 75,6%-ға азайды. Пациенттердің белсенді контингенті 56%-ға төмендеді. Мәселен, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша 8092 туберкулезбен ауыратын науқас есепте тұр. «Паллиативті» деп аталатын…
2025 жылғы алғашқы алты айдың қорытындысы бойынша Қазақстанның машина жасау саласы 11,1% экономикалық өсім көрсетті. Вице-премьер – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен Экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі штаб отырысы сектордың қарқынын одан әрі жеделдетудің және қосымша әлеуетін ашудың мүмкіндігін егжей-тегжейлі талқылауға арналды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Машина жасау өңдеуші өнеркәсіптің негізгі секторының бірі ретінде оның жалпы көлемінің 19%-ын қамтамасыз етеді. Өсудің негізгі драйверлері: автомобиль (+12,1%), теміржол және басқа да көлік құралдары (+7,1%), ауыл шаруашылығы техникасы (+1,3%), электротехника (+21,5%), компьютер, электрондық және оптикалық жабдық (өсім 1,7 есе) өндірісі, сондай-ақ машина және жабдық жөндеу мен орнату (+12%). Автоөнеркәсіп: жаңа зауыттар және…
Бүгін Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанының 100 жылдық мерейтойы аясында «Қызылорда Саз-М» серіктестігінің заманауи кірпіш зауытының ашылу рәсімі өтті. Рәсімге ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев және зиялы қауым өкілдері, өңір кәсіпкерлері арнайы қатысты. Аймақ басшысы жиналған қауымды заманауи кірпіш зауытының ашылуымен құттықтап, өңірдің өнеркәсіп саласындағы жұмыстарға тоқталды. «Біз аймағымыздың экономикасын әртараптандыру арқылы жоғары өнімді, экспортқа бағдарланған шикізаттық емес өңдеу өнеркәсібін құруға бағытталған жұмыстарды кезең-кезеңімен атқарудамыз. Бұл бағытта алдағы бесжылдықта құны 2 трлн. теңгені құрайтын 89 инвестициялық жобаны жүзеге асыру, 11 мыңнан астам тұрақты жұмыс орнын ашу…
