Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗА ЖАҢАҚОРҒАН
Аймақ жаңалықтары

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ТАЗА ЖАҢАҚОРҒАН

30.08.20252 825 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында экологиялық жағдайды жақсарту, халыққа жайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру және заманауи демалыс инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

ЖАҢАРҒАН ЖЕҢІС САЯБАҒЫ

Аудан орталығында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойына орай «Жеңіс саябағы» ашылып, бүгінде бұл орын жаңақорғандықтардың патриоттық-мәдени іс-шаралар өткізетін алаңына айналды. Жобаның жалпы құны — 25 миллион теңге. Қаржыландыру толықтай жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылды. Саябақ аумағы толық абаттандырылып, көркейту жұмыстары жүргізілді. Әскери танк үлгісі орнатылып, жасыл желектер мен сәндік гүлзарлар, демалыс орындықтары орналастырылды.

ЖАҢАҚОРҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ЖАҢАРУДА

 Биыл мамыр айында Жаңақорған теміржол вокзалына «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ қаржыландыруымен күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Жоба аясында ғимарат іргетасы мен қабырғалары нығайтылып, шатыр, есік-терезелер толық жаңартылып, жолаушыларға арналған күту залдары заманауи стандарттарға сай жабдықталады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған қолжетімділік элементтері мен қауіпсіздік жүйелері орнатылады. Сонымен қатар, вокзал маңын көгалдандыру және брусчатка төсеу жұмыстары да қарастырылған. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталуға жақын.

ТЕМІР ЖОЛ АСТЫ ӨТКЕЛІ ЖАҢА КЕЙІПКЕ ЕНДІ

Жаңақорған кентінің көркін ашатын тағы бір жаңа нысан – А.Иманов пен Хорасан Ата көшелерінің қиылысындағы темір жол асты өткелі жаңартылып, халық игілігіне берілді. Аталған нысанды «Аңсар строй» ЖШС-і өз бастамасымен және демеушілік қолдау есебінен жаңғыртты. Өткелдің қабырғалары сапалы гранитпен қапталып, сәулеттік жағынан көрікті келбетке ие болды. Сонымен қатар, өткел маңынан «I LOVE JANAQORGAN» аллеясы заманауи жарықтандыру жүйесімен орнатылды. Бүгінде бұл аллея кешкі мезгілде жастардың, тұрғындардың жиі келетін демалыс орнына айналып, фотогенді орын ретінде танымал болуда.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖАҢАҚОРҒАНДА 35 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЕРІКТІ ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық тұжырымдамасы аясында ауданның барлық елді мекендерінде санитарлық тазарту, абаттандыру және көркейту-көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 34 100 ден аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты.

Нәтижесімен 464 тоннаға жуық қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 30 скверлер мен парктер, 7 тарихи-мәдени ескерткіштер, 145 әлеуметтік нысандар (мектептер, бала-бақшалар, спорт, денсаулық сақтау және т.б.), 17 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 110 су объектілері (өзендер, көлдер, жасанды су айдындары, субұрқақтар, арықтар және т.б)  мен 400 астам көшелердің бойы (көп қабатты үйлер мен  жер үйлердің аулалары) тазартылды. Оған 233-тен аса техника жұмылдырылды. Жыл басынан аудан бойынша 37 300 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін қарағаш, терек, клен және сырталының көшеттері отырғызылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.202671 Views

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views
Соңғы жаңалықтар

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.