Жамбыл облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында қайтарылған қаражат есебінен 5,1 млрд теңгеге 711 жоба несиелендірілді. Атап айтқанда, мал шаруашылығын дамытуға – 240 жоба, жылыжай кешендерін салу бағытында – 33 жоба, ал басқа да бизнес бастамалар бойынша 438 жобаға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды өңір әкімдігі. 2025 жылы бағдарламаны іске асыруға 5 млрд теңге қарастырылған. Бұл қаржы 25 ауыл шаруашылығы кооперативі мен 450 жеке кәсіпкерді қолдауға бағытталып, 525 жаңа жұмыс орны құрылмақ. Мәселен, Т. Рысқұлов ауданы Құлан ауылының тұрғыны Марат Алғашбек мемлекеттік бағдарлама аясында 9 млн 200 мың теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, газоблок шығаратын өндірістік цех ашты. Жоба шеңберінде бірнеше жергілікті тұрғын…
Автор: un_admin
Қызылорда облысындағы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың бірі — Шиеліде әлеуметтің әлеуетін арттырып, халық игілігіне бағытталған іргелі жобалар жүйелі жүзеге асуда. Осыған орай республикалық және жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған арнайы баспасөз туры ұйымдастырылып, жаңадан ашылған әлеуметтік нысандар мен құрылысы қарқынды жүріп жатқан жобалардың барысы таныстырылды. БАҚ өкілдері сапарын қаңтар айында есігін айқара ашқан «Руханият орталығынан» бастады. Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын орталық — ауданның мәдени-рухани өміріне серпін беретін маңызды нысан. Екі қабатты заманауи ғимаратта түрлі шығармашылық және зияткерлік бағыттағы үйірмелер мен кездесулер ұйымдастырылып, тұрғындардың мәдени қажеттілігіне қызмет етеді. Жаңа орталық — Шиелінің рухани тынысын ашатын, өскелең ұрпақтың тәрбиесіне…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Жаңақорған ауданында теміржол арқылы өтетін аспалы көпір ашылды. Оған Парламент Мәжілісінің депутаттары Мұрат Ергешбаев, Мұрат Әбенов, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жаңақорғандықтарды жаңа көпірдің ашылуымен құттықтап, өңірдегі жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстарына тоқталды. “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жер көлемі жөнінен әлемде тоғызыншы орын алатын еліміздің көлік-транзит саласында зор мүмкіндіктері бар. Бұл – айрықша назар аударуды талап ететін стратегиялық бағыт», — деген болатын. 2023-2025 жылдары аймағымыздың 1 232 шақырым автомобиль жолдары мен көшелерін, 18 көпір өткелін салуға, күрделі жөндеуге 121 млрд. 500 млн. теңге бөлінді. Нәтижесінде жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 92 пайызға жетті.…
ҚР Ішкі істер министрлігі «AI Тергеуші көмекшісі» атты пилоттық жобаны іске қосты. Алғаш болып бұл жаңашылдықты сынақтан өткізген бөлім – Қосшы қаласының полиция бөлімі болды, деп хабарлайды Ақмола облысының әкімдігі. Жобаның таныстырылымына Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов, Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің төрағасы Сабит Нұрлыбай және ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Мұхтар Қожаев қатысты. «AI Тергеуші көмекшісі» жобасы ведомстволық дерекқорды жаңғыртып, қылмыстық істерді тергеу барысында цифрлық мүмкіндіктерді пайдалануды көздейді. Жаңа ақпараттық жүйе – жасанды интеллектіні ішкі істер органдарының күнделікті қызметіне енгізудің нәтижесі. Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың айтуынша, бұл жоба азаматтарды…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысының ардагері, «Халық қаһарманы» Әбдіғали Қаймолдиннің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты. «Әбдіғали Қаймолдин жастай майдан даласына аттанып, ерен ерлігімен жеңісті жақындатуға зор үлес қосқан батыр тұлға болды. Бейбіт кезеңде мемлекеттік және қоғамдық істерге белсене араласып, ел игілігі жолында ұзақ жыл қызмет етті. Ғасыр жасап, соңына өнегелі жол қалдырған Әбдіғали Қаймолдиннің жарқын бейнесі мен есімі ұмытылмайды. Иманы саламат, жаны жаннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
2026 жылы Астанада фиджитал-спорттан «Болашақ ойындары» халықаралық мультиспорттық турнирін өткізу жоспарда бар. Жарыс 18 шілде мен 1 тамыз аралығында өтеді, оған 100-ден астам мемлекеттен 1500-ден артық спортшы қатыспақ. Турнир 13 дисциплина бойынша ұйымдастырылады. Ойындарға елорданың барлық ірі спорт нысаны тартылмақ. Бұл туралы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, жарыс Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешені, «Барыс Арена» МА, «Сарыарқа» велотрегі, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы, «Алау» Мұз сарайы, «Билайн Арена», инклюзивті спорт орталығы, Конгресс-орталық және т. б.сияқты жетекші стадиондарда өтеді. «Бүгінгі таңда турнирдің дисциплиналары анықталды: Phygital Football, Phygital Fighting, Phygital Basketball, Phygital Dancing, Phygital Hockey,…
Мемлекет басшысына ұлттық компанияның атқарған жұмысының нәтижесі таныстырылды. Президентке бүгінгі таңда еліміздегі газдандыру деңгейі 62,4 пайызға жеткені жөнінде баяндалды. Соңғы үш жылда 1,7 миллион отандасымыз табиғи газдың игілігін көре бастады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының 66 елді мекенін газбен қамтамасыз ететін Талдықорған – Үшарал газ құбырының желілік бөлігінің құрылысы аяқталғаны туралы есеп берілді. Бұдан бөлек, Қашаған кен орнында сұйытылған мұнай газын ауыстырып тиеу және фракциялау зауытының құрылысы, Бейнеу – Бозой – Шымкент магистральдық газ құбырының екінші желісін салу жұмыстары басталды. Түрік инвесторы – ESTA компаниясының қатысуымен құны 1,35 миллиард доллар болатын карбамид зауытының жобасы қолға алынды. Санжар Жаркешовтың айтуынша, ресейлік көгілдір…
2025 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша «Күміс жас» жобасы бойынша 12,4 мың адам жұмысқа орналастырылды. 2025 жылы осы бағыт бойынша барлығы 23,8 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. «Күміс жас» жобасы бойынша жұмысқа орналасқандардың ең көп саны келесі облыстарда байқалады: Алматы – 1 118 адам, Жамбыл – 1 032 адам, Ақтөбе – 1 007 адам, Қарағанды – 1 004 адам және Жетісу облысында – 1 040 адам. Қатысушылардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласында – 36%, қызмет көрсетуде – 23%, қоғамдық тамақтандыруда – 21% жұмыспен қамтылған. Бұл жобаға 50 жастан асқан жұмыссыз азаматтар зейнеткерлік…
13 шілдеде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау кампаниясы басталды, ол 20 шілдеге дейін жүргізіледі. Бірінші күннің қорытындысы бойынша 10 мыңнан астам талапкер грант конкурсына қатысуға ниет білдіріп, өтініштерін жіберді, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Ең көп өтініш «Педагогикалық ғылымдар» және «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» бағыттарына берілді. Биыл құжаттарды egov.kz порталы арқылы онлайн немесе жоғары оқу орындарындағы қабылдау орталықтары арқылы (кез келген жақын орналасқан ЖОО-да) тапсыруға болады. Грант конкурсына қатысу үшін талапкерлер жеке куәлік, ҰБТ сертификатын; 3х4 көлеміндегі фото, орта білім туралы аттестат (техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектері үшін диплом) тапсыру…
Қасым-Жомарт Тоқаев Эмманюэль Макронды Француз Республикасының ұлттық мерекесі – Бастилияны алу күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы бүгінде Франция саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда елеулі жетістікке жеткен халықаралық қоғамдастықтың беделді мүшесі екенін атап өтіп, достас француз халқының одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдірді. Сондай-ақ Қазақстан мен Франция қарым-қатынасы стратегиялық серіктестікке ұласқанына назар аударып, осы игі іске Эмманюэль Макронның қосқан үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді.
