Қазақстанда азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілерді лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша АӘҚ көрсетушілердің 92%-ы лицензия алды, көрсетілетін қызметті алушылардың 97%-на осы ұйымдарда қызмет көрсетіледі, деп хабарлайды ҚР Еңбк және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталды. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензиялауға жатады. Бұл жаңашылдық АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің бірі және бірінші кезекте ұсынылатын АӘҚ сапасын арттыруға, қызмет алушылардың құқықтарын қорғауға және қауіпсіздікке кепілдік беруге, сондай-ақ АӘҚ ұсынатын ұйымдар үшін бірыңғай стандарттарды белгілеуге бағытталған. Лицензиялау енгізілгенге дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2024 жылы олардың қызметінің…
Автор: un_admin
Бүгін Қызылордада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан Республикасында тәуелсіз мейіргерлік қызметтің озық тәжірибелерін енгізу» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы сақтандыру кеңсесі басшысы Скендер Сыла, онлайн режимде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық аймақтық бюросының директоры Ханс Клюге, Германия, Қырғызстан, Латвия, Өзбекстан, Ресей, Түркия, Финляндия мемлекеттерінің өкілдері, ғалымдар, барлық өңірдің денсаулық сақтау басқармасының басшылары, дәрігерлер, мейіргерлер, медициналық оқу орындары мен клиника басшылары қатысты. Конференцияда аймақ басшысы денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне арналып 100 пәтерлік жаңа тұрғын үй салынатынын айтты. «Өңірде медицина қызметкерлерін шетелде оқыту үрдісі 5 жылдан соң қайта жаңғыртылып, қолға…
Бүгіннен бастап жыл сайын өтетін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына қатысуға өтінімдер беруге болады. Байқау адамгершілік қасиеттерді жандандыруға, отбасы мәртебесі мен құндылықтарын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Еңбек пен спортта, шығармашылық және зияткерлік салаларда, ғылым мен өнерде жетістіктері бар отбасылар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке белсенді араласатын отбасылар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 15 мамырдан 15 маусымға дейін өңірлік комиссияларда қабылданады. Байқау екі кезеңде өтеді: Аудандық (қалалық) кезең (15 маусымнан 30 маусымға дейін). Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар мен астана) кезең (30 маусымнан 15 шілдеге дейін). «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік деп танылған…
Қазақстан майлы өнімдердің әлемдік нарығында өз позициясын нығайтуда. Соңғы үш жылда елімізде күнбағыс майының өндірісі 2,5 есе, экспорт 4,8 есе өсті, ал оралған майдың импорты 11%-ға қысқарды. Қазақстан алғаш рет 2024 жылдың қорытындысы бойынша 8-ші орынға тұрақтап, әлемдегі ең ірі 10 күнбағыс майын экспорттаушылардың қатарына енді. Сондай-ақ, Еуропалық Одаққа күнбағыс өнімін жетекші жеткізушілердің үштігіне кірді. Бұл ондаған елдерде сұранысқа ие мал шаруашылығының негізгі өнімі, деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігі. Өткен маусымда май, ұн және торт сатудан түскен экспорттық кіріс 562 миллион АҚШ долларына жетті. Алдағы жылдары Қазақстан бұл көрсеткішті жыл сайын 1 миллиард долларға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Бұл нәтижеге қол жеткізу…
Шараға екі елдің бизнес-қауымдастығы мен көлік-логистикалық компанияларының 300-ден астам өкілі қатысып жатыр. Форум аясында B2B және G2B кездесулер өтеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Бұл форум жыл сайын өтетін шараға айналады деп күтілуде. Форум аясында SPG Циндао порттар тобы мен Қазақстанның Құрық порты арасында Меморандумға қол қойылды. Тараптар порттарды одан әрі дамыту, пайдалану және басқару процестерін оңтайландыру, ақылды (smart) әрі экологиялық таза порттар салу, қызметкерлерді оқыту, процестерді жетілдіру аясында ынтымақтастықты нығайтуға ниетті. Ақпарат пен тәжірибе алмасу үшін қысқа мерзімді жұмыс сапарлар да ұйымдастырылады.
Қызылорда облысындағы Көкарал бөгетінде су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Дүниежүзілік банктің Еуропа және Орталық Азия бойынша аймақтық директоры Самех Вахбамен кездесті. Кездесуде тараптар Солтүстік Арал теңізін сақтауға арналған жобаның екінші кезеңін іске асыру мәселесін талқылады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Қазіргі уақытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жобаның екінші кезеңіне қатысты техникалық-экономикалық негіздемені (ТЭН) әзірлеу жұмыстарын аяқтауға жақын. Онда Көкарал бөгетін қайта жаңғырту және Балтық жүйесі бойынша теңіз деңгейін 44 метрге дейін көтеру, сондай-ақ Қызылорда облысы Арал ауданындағы Ақшатау және Қамыстыбас көлдер жүйелеріндегі су ресурстарын тұрақтандыру үшін Аманөткел ауылы маңында гидроторап салу қарастырылған. Нәтижесінде Солтүстік Аралдың су айдынының ауданы…
2025 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 157,8 мың адам қамтылды, 143,2 мың қазақстандық жұмысқа орналастырылды. Субсидияланатын жұмыс орындарына мансап орталықтары арқылы 106,3 мың адам жіберілді, оның ішінде: әлеуметтік жұмыс орындарында 9,6 мың адам, жастар практикасында 6,6 адам, қоғамдық жұмыстарда 78,3 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 680 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы шеңберінде 33 адам жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Еңбек нарығындағы сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 36,6 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 34,5 мыңы оқуды аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің көлік-логистика саласын дамыту мәселелері жөніндегі отырысы өтті. Көлік министрі Марат Қарабаевтың және бірқатар орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр. Президент шекарадан жүк өткізудің қиындығын, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар екенін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық-транзиттік жобалардың өз уақытынан кешігіп жатқанын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасыл дәліз» жүйесін ұйымдастырып, еліміздің логистикалық әлеуетін оңтайлы пайдаланудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жаһандық сын-қатерлер күшейген кезеңде Қазақстан өзінің бәсекелестік артықшылығын сақтап қана қоймай, оны нығайта түсуге тиіс. Мемлекет басшысы жүк тасымалы…
Қазақстан шегірткемен күрес аясында Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанмен ынтымақтастық орнатқан. Қазіргі кезде барлық аталған елдермен тиісті келіссөздер жүргізілді. Оның басты мақсаты — бірлескен болжам жасау, зерттеу жұмыстарын жүргізіп, көрші елден шегіртке тектес зиянкестердің Қазақстан аумағына кірмеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы КҚ алаңында ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Ермек Кенжеханұлы хабарлады. Оның айтуынша, шегіртке зиянкестеріне қарсы бақылау және қорғау шараларын жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды. «Қазіргі уақытта 1 млн 485 мың гектар жер зерттеліп, оның 572 мың гектар алаңында шегірткелер қоныстанған, оның ішінде 400 мың гектар алаңы өңдеуге жатады. Нақты химиялық өңделген алаң – 397 мың гектар. Бүгінде Жамбыл, Түркістан, Жетісу…
Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Армения Парламенті Спикерінің сапары екіжақты ынтымақтастықты тереңдету тұрғысынан маңызға ие екенін айтты. Президент өзара ықпалдастықты ілгерілетуге заң шығарушы органдар тарапынан жан-жақты қолдау көрсетілуі қажет деп санайды. Мемлекет басшысы Арменияны Қазақстанның Оңтүстік Кавказ аймағындағы сенімді серіктесі ретінде атады. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, бүгінде қазақ-армян қарым-қатынасы көптеген бағыт бойынша жоспарға сай дамып келеді. Бұған тұрақты саяси диалог, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық байланыстар ықпал етіп отыр. Ален Симонян қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына және Қазақстан халқына шынайы ықыласын жеткізді. Ол екіжақты диалогтың басты тетіктерінің бірі ретінде парламентаралық ықпалдастықты нығайту мен сенімді саяси серіктестік орнатудың мәні зор екеніне тоқталды. Сондай-ақ…
