Еңбек нарығының 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының бекітілуімен «сапалы жұмыс орны» ұғымы енгізілді. Бұл –өңірдегі медианалық еңбекақыдан жоғары жалақымен қатар негізгі әлеуметтік пакеті және қауіпсіз жұмыс ортасы бар 6 айдан астам тұрақты жұмыс орны. Еңбек нарығында осындай позициялар неғұрлым көп болса, экономика соғұрлым тиімді дамиды. Макроөңірлердің ерекшелігін ескере отырып, экономиканың негізгі секторларын индустриаландыру, инфрақұрылымды озыңқы нығайту, ШОБ пен отандық тауар өндірушілерді одан әрі дамыту сапалы жұмыспен қамту өсуінің негізгі драйвері болуға тиіс. ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Тұжырымдамаға сәйкес биыл ел экономикасында сапалы жұмыс орындарының санын 2 млн 847 мыңға…
Автор: un_admin
Жастар саябағында «Жасыл Ел» жастарының бастамасымен «Таза Қазақстан» ауқымды экоакциясы аясында ерекше іс-шара өтті. Бұл іс-шара елімізде кеңінен танылған «Жасыл ел» бағдарламасының аясында ұйымдастырылды. Игі бастамаға 150-ден астам жас ерікті қатысып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жастар күні бойы саябақ аумағында тазалық жүргізіп, 200-ден астам ағашқа су құйып, қоршаған ортаны жасыл желекпен көмкеруге атсалысты. Шара барысында саябақ ішіндегі қоқыс пен арам шөптер жиналып, жалпы салмағы 150 килограмнан асатын 18 қап қалдық шығарылды. Экологиялық шара мұнымен шектелмеді. Жастар арасында өткізілген «Кітап алмасу» акциясы да ерекше қолдау тапты. 30-дан астам жас өздері оқып шыққан кітаптарын жаңа…
Қазақстанда волонтерлік қозғалыс қарқынды дамуда. 2024–2026 жылдарға арналған Волонтерлікті дамыту және қолдау жөніндегі жол картасы аясында Ұлттық және 20 өңірлік фронт-кеңсе жүйелі жұмыс жүргізуде. 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында елімізде волонтерлердің қатысуымен 27 мыңнан аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есе жоғары нәтиже, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Наурыз айында бастау алған «Жақсылық жаса» марафоны бүкіл ел аумағында жалғасуда. Осы уақыт ішінде әлеуметтік, экологиялық және мәдени бағыттарды қамтыған 1600-ден астам игі іс атқарылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ТМД елдері волонтерлерінің форумын өткізуге арналған халықаралық ереже әзірленіп, ереже негізінде жыл сайынғы Волонтерлер форумы құрылды. Сонымен…
Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров түркиялық Safi Holding компаниясының бас атқарушы директоры Сафи Атаканмен кездесу өткізді. Келіссөз барысында Қазақстан аумағында қант зауытын салу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі. Түркиядағы ең ірі өнеркәсіптік холдингтердің бірі саналатын Safi Holding жылына 140 мың тоннаға дейін қант өндіретін жоғары технологиялық зауыт салу жобасын жүзеге асыруға мүдделі. Зауыттың қызылша өңдеу қуаты – 1 млн тонна. Жобаның болжамды инвестиция көлемі – 150–200 миллион АҚШ доллары. Қазіргі уақытта инвесторлар зауытты орналастыру үшін қолайлы өңірлерді қарастыруда. Орналасатын орынды таңдаудағы басты факторлар – қант қызылшасын өсіруге жарамды егістік жер көлемінің жеткіліктілігі және инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі. ҚР Ауыл…
Жалағаш ауданында кәсіпкерлік саласы айтарлықтай даму үстінде. Ауданға қарасты бірқатар ауыл тұрғындары мемлекеттік бағдарламалар арқылы кәсібін дөңгелетіп, өз ісін жолға қойған. Солардың бірі – Еңбек ауылындағы «Ақерке тәттілері» кондитерлік кәсібі. – 2024 жылы «Ауыл аманаты» бағдарламасына құжат өткізіп, биыл қаңтар айында 4 млн 250 мың теңге қаражат алып «Ақерке тәттілері» атты жеке кондитерлік кәсібімізді бастадық. Мемлекеттен алған қаржыға торт пісіретін түрлі пештерімізді, керек құрал-жабдықтарымызды алдық. Қазіргі таңда келініміз екеуміз тапсырысқа кез келген нан өнімдері мен торт түрлерін пісіреміз. Болашақта кәсібімізді кеңейтіп, аудан көлемін өзіміздің тәтті өнімдерімізбен қамтысақ деген ниетіміз бар,- деді «Разия» жеке кәсіпорнының басшысы Разия Ағатаев. Ал, Бұхарбай батыр…
Сырдария ауданында әлеуметтік-инфрақұрылымдық бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Аудан көлемінде халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған нақты жобалар қолға алынған. Соның бірі — облыстағы ең ірі ауылдардың бірі саналатын Шаған елді мекенін газдандыру мәселесі. Бүгінде 5 мыңға жуық халқы бар бұл ауылға көгілдір отын желісі тартылып жатыр. — Шаған елді мекенін газдандыру жобасы 2024 жылдың күзінде басталған болатын. Өткен жылы 1,3 млрд теңге бөлініп, Тереңөзек кенті мен Шаған ауылының арасындағы 19 км жерге жоғарғы қысымды газ жүргізілді. Қазіргі таңда ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр. Биыл 1 млрд теңге бөлініп тұр, қалған қаражат жақын арада беріледі деп күтілуде. Жалпы жылу беру маусымына…
Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың төрағалығымен мәжіліс отырысы өтті. Күн тәртібінде көші-қон және цифрландыру бағытындағы жұмыстармен қатар, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында атқарылып жатқан шаралар мен алдағы міндеттер қаралды. Мәжілісте «Шетелдік жұмыс күшін тарту» мемлекеттік қызметінің 2022 жылдан бастап автоматтандырылған ақпараттық жүйе арқылы көрсетіліп келе жатқаны атап өтілді. Биылғы жылдың алғашқы 6 айында осы бағытта 39 өтініш түсіп, олардың 31-іне рұқсат берілсе, 8-іне құжаттарының толық болмауына байланысты бас тартылған. Аталған 31 еңбекші көшіп келуші есебінен жергілікті бюджетке 723,5 млн теңге көлемінде салық түсті. Аудан әкімі заңсыз көші-қонның алдын алу мақсатында «Мигрант» жедел профилактикалық іс-шарасын тұрақты өткізу, сондай-ақ жұмыс берушілердің еңбек шарттарын заңнамаға…
Қазақстан Әлемдік зияткерлік меншік ұйымы рейтингінде (WIPO) креативті өнімдер мен қызметте» көрсеткіші бойынша 93-орыннан 65-орынға, ал кинематография саласында 60-орыннан 31-орынға көтерілді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Бүгінде елде 16 креативті орталық жұмыс істеп, акселераторлар, халықаралық тағылымдамалар мен білім беру бағдарламалары іске қосылған. Бұл бастамалар керативті азаматтар мен жобаларды қолдауға бағытталған. 2025 жылдың екінші жартысында Корпоративтік креативті индустрияны қолдау қоры өз жұмысын бастайды. Қор төрт негізгі бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Атап айтсақ, таланттарды анықтау және акселерациялау, жобаларға инвесторлар тарту және инфрақұрылымды дамыту, сондай‑ақ қазақстандық креативті өнімдерді халықаралық нарыққа шығару. 2024 жылдан бастап 40 креативті экономикалық қызмет түріне қатысты 2–4% бөлшек…
Қазақстанда балаларды мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтуды арттыру жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа мектепке дейінгі ұйымдарды ашу жөніндегі 2023–2027 жылдарға арналған жоспар кезең-кезеңімен іске асырылуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Алғашқы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша биыл елімізде 13,2 мың орынды қамтитын 172 мектепке дейінгі ұйым ашылды. Бұл 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың 93,1 пайызын мектепке дейінгі біліммен қамтуға мүмкіндік берді. Мектепке дейінгі біліммен қамтуды арттыру құрылыс жүргізу, қолданыстағы балабақшаларды кеңейту, тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында шағын орталықтар ашу, мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру, оның ішінде «ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру есебінен жүзеге асырылуда. Жаңа ваучерлік қаржыландыру…
Мемлекет басшысы 2025 жылғы 30 маусымда «Нысаналы капитал қорлары және эндаумент қорлар (нысаналы капитал) туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Үздік әлемдік тәжірибеге сәйкес эндаумент қорлары университеттерге ғылыми зерттеулер жүргізуге және ҒЗТКЖ-ға жеке инвестицияларды тартуға қолдау көрсетудің негізгі элементтерінің біріне айналуға тиіс. Заңды әзірлеу кезінде эндаумент-қордың үздік тәжірибесі бар елдердің тәжірибесі ескерілді. Ең сәттісі ретінде америкалық эндаумент қорларының үлгісі негізге алынды. Бұл туралы ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты. Оның хабарлауынша, АҚШ-тағы эндаумент қорлар америкалық университеттердің тұрақтылығы мен әлемдегі көшбасшылығының іргетасына айналды. 2023 жылы америкалдық колледждер мен университеттердің қорларында жинақталған қаражаттың жалпы сомасы…
