Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»Сыр өңірінде «Еңбегімен ер атанған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті
Аймақ жаңалықтары

Сыр өңірінде «Еңбегімен ер атанған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті

28.08.20251 418 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Елге сіңірген еңбегімен халық жадында қалған ардақты азаматтарды ұлықтау — өскелең ұрпаққа үлгі, тарихқа тағзым. Осы мақсатта Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Орынбасар Бәйімбетовтің 95 жылдығына арналған «Еңбегімен ер атанған тұлға» атты облыстық ғылыми-танымдық конференция өтті.

Жиынды Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Мейрамбек Шермағанбет жүргізіп, аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың атынан құттықтау лебізін жеткізді.

Жиында сөз алған Мейрамбек Зинабдинұлы конференцияның маңыздылығына тоқталып:

— Мемлекет және қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Орынбасар Биімбетұлы Бәйімбетов сынды Сыр елінің ардақты қайраткер ұлының жақсы да жасампаз істері, өмір жолы, азаматтық бейнесі, іскерлік қабілеті артында қалған өнегелі мұрасы бүгінгі ұрпақтың рухын көтеріп, Әділетті Қазақстанды қалыптастыру жолындағы өрелі істерімізді молайтуға қызмет етеді. Орынбасар Биімбетұлының артында ұрпақ үшін мәңгі өшпес өнегелі ізі қалды. Оларды жастарға үлгі ету — бүгіннің басты парызы, — деді.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткерлері, ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйымдар, белсенді жастар, БАҚ өкілдері, қайраткердің ұрпақтары мен замандастары қатысты.
Жиын барысында қайраткердің еңбекпен өрілген өмір жолы, ел дамуына қосқан сүбелі үлесі жайлы мазмұнды баяндамалар жасалды. Атап айтқанда, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Жолтай Жұмат-Әлмашұлы, ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Нұртөре Жүсіп, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері Қылышбай Бисенов, еңбек ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Рахым Мауяев өз естеліктерін ортаға салып, тұлғалық болмысына тоқталды.
Конференция аясында Орынбасар Биімбетұлының ауыл шаруашылығын өркендетудегі еңбегі мен мәдениет пен руханиятқа қосқан үлесін қамтитын бейнебаян көрсетілді.
Жиын соңында қатысушылар қайраткердің ерен еңбегі бүгінгі ұрпақ үшін тағылымды өнеге екендігіне тоқталып, оның жарқын істері жастарға үлгі болып қала беретіні атап өтілді.
Іс-шарадан кейін ас беріліп, марқұмның рухына құран бағышталып, дұға оқылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.202671 Views

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026452 Views

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026414 Views
Соңғы жаңалықтар

Жаңақорған ауданында «Таза Қазақстан» аясында тазалық акциясы өтті

21.08.2026

Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы кеңейіп келеді

17.08.2026

«SHUBAT FEST-2026»: Ақтауда шұбаттың үздік өндірушілері анықталады

17.08.2026

Бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілі өзгереді

17.08.2026

Бастауыш сынып мұғалімдеріне әдістемелік қолдау көрсетіледі

17.08.2026

Қазақстандағы жол бойындағы сервистің заманауи инфрақұрылым нысандарының желісі кеңеюде

17.08.2026

Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді

17.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.