Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ
Аймақ жаңалықтары

ШИЕЛІ АУДАНЫНДА «ОҚУШЫЛАР ҮЙІ МЕН ӨНЕР МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

27.08.20256 439 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күні мен Білім күніне орай Шиелі ауданында 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебі» ашылды. Салтанатты басқосуға Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов, Мұрат Ергешбаев, облыс прокуроры Ризабек Ожаров пен зиялы қауым өкілдері қатысты.
Аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтап, атқарылған жұмыстарға тоқталды.
«Биыл ел тәуелсіздігінің берік тұғыры, зайырлы егемендігіміздің негізі саналатын Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толды. Өңірімізде Президентіміздің тапсырмасын орындауға, жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беруге бағытталған жүйелі жұмыс атқарылуда.
Бүгін Өздеріңізбен жаңа оқу жылы қарсаңында шежірелі Шиеліде 200 орындық «Оқушылар үйі» мен 50 орындық «Өнер мектебінің» ашылуында бас қостық. Жалпы құны 1 млрд. 68 млн. теңге болатын жаңа «Оқушылар үйінде» 28, «Өнер мектебінде» 8 үйірме жас ұрпақтың жан-жақты азамат болып қалыптасуына қызмет етпек. Білім мен өнердің ордасына айналатын жаңа ғимараттан Қазақстанның Еңбек Ері Асқар Жұмаділдаев, шежірелі қаламгер Өркен Исмаил, айтыскер ақын, «Алтын домбыра» иегері Мейірбек Сұлтанхан сынды Сыр өңірінің мерейін асқақтатып, атын танытатын дарындылар шығады деп сенеміз! Баршаңызды жаңа нысанның ашылуымен тағы да құттықтаймын!», — деді Н.Нәлібаев.
Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында елеулі еңбек еткен азаматтар мен жаңа нысанды сапалы әрі мерзімінде салған мердігер мекеме қызметкерлеріне Қызылорда облысының Құрмет грамотасы мен облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.
Руслан Рүстемов, Мұрат Әбенов ізгі тілектерін жеткізіп, білім саласының ардагері, Шиелі ауданының құрметті азаматы Кенжетай Палмағанбетов бата берді.
Ауданға жұмыс сапары кезінде аймақ басшысы күрделі жөндеуден өткен №219 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жұмысымен танысты. «СК и Монтаж-строй» ЖШС күрделі жөндеу жұмыстарын мамыр айында бастап, тамыз айында аяқтатады. Мұнда 200-ге жуық мұғалім қызмет етіп, 1 мыңнан астам оқушы білім алады.
Еске салайық, аймағымыздың білім беру саласына соңғы үш жылда 812 млрд. 245 млн. теңге, биыл 346 млрд. 800 млн. теңге қаралды. Қаржыландырудың барлық көзінен өткен жылы 31 млрд. 800 млн. теңгеге 13 білім беру ұйымы жаңадан ашылды.
Қосымша білім беру жүйесін дамыту мақсатында үш жылда 4 «Оқушылар үйі» мен 2 «Өнер мектебі» салынып, зияткер жас ұрпақтың игілігіне қызмет етіп келеді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025271 Views

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025391 Views

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025135 Views
Соңғы жаңалықтар

Жауапкершілік пен ашықтық: ортақ міндет

25.12.2025

2025 жылдың басынан бері 14,8 мыңнан астам этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

25.12.2025

Жасанды интеллект және атом энергетикасы мамандары «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алады

25.12.2025

Биыл Қазақстанда үш жаңа арнайы экономикалық аймақ пайда болды

25.12.2025

Топтық су құбырларын жөндеу арқасында 48 ауыл сумен қамтамасыз етілді

25.12.2025

Мемлекет басшысы «Тараз» шағын индустриалдық аймағын аралап көрді

25.12.2025

Ауылдық денсаулық сақтау: 646 жаңа бастапқы медицина нысаны салынды

25.12.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.