Автор: un_admin

Жаңақорған ауданының тұрғыны Наурызбай Айымбетов ауылда тұрғанымен қарап жатпай, өз кәсібін бастаған. Ол «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасы арқылы 3 944 000 теңге көлемінде жеңілдетілген несие алып, жылыжай тұрғызған. Бүгінде бұл жерден қияр мен қызанақ өнімдері алынып, ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада сатылып келеді. «Жылыжай – бір күндік тірлік емес. Күнделікті күтім, уақтылы бап, тұрақты еңбек қажет. Қазір өзіміз күтіп-баптап отырмыз. Отбасымызбен бірге істейміз. Бастысы – халық разы, өнімге сұраныс бар, – дейді кәсіп иесі. Жылыжайдың жалпы көлемі ауыл тұрмысына бейімделген. Жылы мезгілде өнім молырақ алынса, қыста да қажетті жағдай жасалған. Қазіргі таңда қияр мен қызанақтың көлемі өсіп келеді және қосымша…

Read More

Трамп Иран мен Израиль қақтығысы туралы сөз етті, деп хабарлайды ALASH.KZ. Біз Иранның ядролық мәселесін дипломатиялық жолмен шешуге бұрынғыдай берік бейілдіміз! Менің әкімшілігімдегі барлық қызметкерлерге Иранмен келіссөз жүргізу тапсырылды. Иран ұлы мемлекетке айнала алады, бірақ ол үшін алдымен ядролық қаруға ие болу үмітінен толық бас тартуы керек. Осы мәселеге назар аударғандарыңыз үшін алғыс айтамын! Мемлекеттік департамент басшысы Рубио мәлімдеме жасады. Ол АҚШ Израильдің Иранға жасаған соққыларына қатысқан жоқ және ешқандай көмек көрсетпегенін айтты. Бүгін кешке Израиль Иранға қарсы біржақты әрекет жасады. Біз бұл соққыларға қатысқан жоқпыз, қазіргі басты басымдығымыз – аймақтағы америкалық күштердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Израиль бұл әрекеттерін өз-өзін қорғау…

Read More

Үндістандағы ұшақ апатынан қаза тапқан ер адамның оқиғасы күллі әлемді жылатты. Лондонға қайтып бара жатқанда қаза тапқан Арджун Патолия өзінен бір апта бұрын көз жұмған жұбайының соңғы тілегін орындап, Үндістанға оның мәйітінің күлін өзенге шашуға барған. Екі баланың әкесі Арджун Патолия Air India әуе компаниясының AI-171 рейсімен Ұлыбританиядағы үйіне оралмақ болған. Ол Гуджарат штатындағы ауылға барып, жұбайы Бхаратибеннің күл салынған гүлді құмырасын қасиетті өзенге салған. Ерлі-зайыптылардың төрт және сегіз жастағы екі қызы бар, олар Ұлыбританияда қалған. Бхаратибен Патолия бар-жоғы жеті күн бұрын Лондонда қайтыс болған. Оның соңғы тілегі – туған жеріндегі қасиетті өзенге күлін шашу еді. Нармада өзені Амрели аймағы…

Read More

Израиль әскери шенеунігінің Reuters агенттігіне берген сұхбатына сәйкес, Иран жасырын түрде ядролық қару жасау бағдарламасын дамытып жатыр. Оның айтуынша, Тегеран бүгінде бірнеше күн ішінде 15 ядролық бомба жасауға жететіндей термоядролық материалға ие. Осыған дейін, Израиль Тегерандағы бірнеше нысанға әуе шабуылын жасады. Сол шабуыл барысында Иран Қарулы күштері Бас штабының бастығы Мұхаммад Багери қаза тапқан. Израильдік ақпарат көздерінің хабарлауынша, генерал Багери бұл операцияның басты нысанасы болған. Бұл оқиға аймақтағы ахуалды күрт шиеленістіріп жіберген. Израиль билігі 12 маусымда Иранға соғыс жариялау мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Қауіпсіздікке байланысты Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі сол елдегі отандастарымызға үндеу жариялап, сақтық шараларын қатаң сақтауға шақырды. Фото:…

Read More

Бірер сағат бұрын Иран Израиль аумағына 100-ден астам дрон жіберген. Бұл туралы Израиль қорғаныс күштерінің ресми өкілі Эффи Дефрин мәлімдеді. Қазіргі уақытта әуеге көтерілген дрондарды анықтап, жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Reuters агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы шиеленістің ушығуына байланысты мұнай бағасы бірден 9%-ға көтеріліп, баррелі 75 доллардан асып түскен. Израильде қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Ел аумағында төтенше жағдай жарияланып, Тель-Авив халықаралық әуежайы уақытша жабылған. Денсаулық сақтау жүйесі де жоғары дайындық режиміне көшіп, ауруханаларда қосымша орындар әзірленіп жатыр. Жергілікті ақпарат көздерінің мәліметінше, тұрғындар азық-түлік пен тұрмыстық қажеттіліктерді жаппай сатып алып жатыр. Сауда орындарында ұзын-сонар кезек пайда болған.

Read More

ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобаларды талқылауға арналған кеңес өткізді. Жиын барысында Мемлекет басшысының Қауіпсіздік Кеңесінде берген тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Кеңесте көлік министрінің міндетін атқарушы Мақсат Қалиақпаров, сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев баяндама жасады. Көлік министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта теміржол саласында жалпы құны 2,3 трлн теңгені құрайтын бес ірі жоба іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, «Достық – Мойынты» учаскесіндегі (836 км) екінші жол, Алматы стансасының айналма жолы (75 км), «Дарбаза – Мақтаарал» темір жолы (152 км), «Қызылжар – Мойынты» және «Бақты – Аягөз» (272 км) бағыттарындағы жобалар…

Read More

Жер бетінде 13 маусымға қараған түні магниттік дауыл басталды. Бұл туралы Ресей Ғылым академиясының Ғарыштық зерттеулер институтына қарасты Күн астрономиясы зертханасы мәлімдеді. Ғалымдардың айтуынша, геомагниттік белсенділік түнгі сағат 00:00-де басталып, таңға дейін жалғасқан. Дауылдың қуаты G2.3 деңгейіне жетіп, орташа деңгейден жоғары болып тіркелген.  Бұл энергетикалық жүйелер мен радиобайланысқа кері әсерін тигізуі мүмкін. Магниттік құбылыстың нақты себебі әзірге анықталмаған. Дегенмен зерттеушілер Күн плазмасының тығыздығы артқанын және магнит өрісінің айтарлықтай күшейгенін байқаған. Алайда күн желінің жылдамдығы әлі де тұрақты күйде қалып отыр. Бұл геомагниттік оқиға алдын ала болжанбаған және тосыннан басталған. Мамандардың болжамынша, 14 маусымға қараған түні Күннің оңтүстік жартышарында орналасқан корональдық…

Read More

Қазақтың мерген қызының мерейтойына 80 киіз үй құрылды, осылайша этноауыл бой көтерді. Ғасырлық тойға жиналған қонақтар қазақтың ұлттық ойындарын тамашалап, алтыбақанда ойнап, қазақтың ұлттық тағамдарынан дәм татты. Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына — 100 жыл. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында Ақтөбе өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр. Ең ауқымдысы 12 және 13 маусым күндеріне жоспарланған. Бүгін Қобда жерінде «Әлия — қаһармандық дастаны» атты кең көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Мерейтойға ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев, облыс әкімі Асхат Шахаров, батырдың туыстары мен өзге де мәртебелі меймандар қатысты. Аймақ басшысы көпшілікті ұлт мақтанышының мерейтойымен құттықтады. «Қобда…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  жиналған қауымды Медицина қызметкері күнімен құттықтап, осы мерекеге орай дәрігерлермен Ақордада алғаш рет кездесіп отырғанын әрі бұл жиынның мән-мағынасы ерекше екенін атап өтті. «Халқымыз «Бірінші байлық – денсаулық» деп бекер айтпаған. Шын мәнінде, ұлт саулығы – еліміз үшін аса маңызды құндылық. Әлемнің «екінші ұстазы» – Әл-Фараби медицинаны өнер деп бағалаған. Расында, дәрігер болу – жүректің ісі. Бұл – екінің бірі аяқ баса бермейтін жүгі ауыр, күрделі жұмыс. Медицина қызметкерлері – ұлт саулығының сақшылары, ең қадірлі мамандық иелері. Әсіресе, жаһандық індет, яғни, ковид кезінде бүкіл ел дәрігерлердің адал қызметіне куә болды. Күрделі кезеңде медицина мамандары мыңдаған адамды құтқарып…

Read More

Бұқар жырау ауданының Сарыарқа және Құрылыс ауылдарында заманауи фельдшерлік-акушерлік пункттер салынды. Бұл пункттер медициналық көмектің сапасын жақсартуға сеп болады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі. Ауыл медицинасын дамыту – мемлекет саясаты басымдықтарының бірі. Ел Президентінің тапсырмаларын орындау үшін медициналық нысандардың құрылысы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша жүргізілуде. Екі жаңа ФАП арқасында Үштөбе ауылдық округінің мыңнан астам тұрғыны қадамдық қолжетімділікте базалық медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Енді тұрғындарға дәрігерлерден кеңес алу үшін аудан орталығына барудың қажеті жоқ. Бөлмелердің іші кең, ересектер мен балаларды қабылдау үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Дәрігерге дейінгі, процедуралық, егу кабинеттерімен де жабдықталған. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ыңғайлы болу үшін…

Read More