Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Елдегі 8 аурухана көпбейінді орталық аудандық ауруханаға айналды, тағы 12 аурухананы өзгерту жоспарланған
Денсаулық

Елдегі 8 аурухана көпбейінді орталық аудандық ауруханаға айналды, тағы 12 аурухананы өзгерту жоспарланған

13.09.2025528 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының екінші міндеті аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Қолданыстағы 12 көпбейінді орталық аудандық аурухана жетіспейтін медициналық жабдықтармен (КТ, МРТ, ангиограф, сараптамалық сыныптағы ультра дыбыстық зерттеу аппараты, реанимация, операция бөлімшелеріне арналған жабдықтар және т.б.) жарақтандырылып, көрсетілетін медициналық қызметтердің спектрін кеңейту үшін жағдай жасалатын болады. Бұл жайлы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында хабарлады.

Қолданыстағы 20 орталық аудандық аурухана Көпбейінді орталық аудандық аурухана болып қайта құрылады және тиісті бөлімшелер ашу үшін ғимараттарға күрделі жөндеу жүргізу, реконструкциялау, жапсарлас құрылыстарды салу, медициналық жабдықтармен жарақтандыру арқылы жаңғыртылатын болады.

«Көпбейінді орталық аудандық ауруханаларда негізінен инсульт және кардиология орталықтары, медициналық оңалту бөлімшесі, травматология және ортопедия бөлімшесі, хирургия бөлімшесі, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелері ашылады. Көпбейінді орталық аудандық ауруханалар бірнеше елді мекеннің, оның ішінде көрші аудандардың аумағында орналасқан елді мекендердің тұрғындарына қызмет көрсетеді. Ұлттық жобаны жүзеге асыру басталғаннан бері 8 аурухана көпбейінді орталық аудандық ауруханаға айналды», – деді спикер.

Айта кетрлігі, 2023 жылдан бері барлығы жоба аясында 54,5 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Ұлттық жобаны жүзеге асыру кезеңінде ауылдық денсаулық сақтау нысандарына 1009 медициналық қызметкер (459 дәрігер, 550 орта медицина қызметкері) жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысандарына 55 жалпы практика дәрігері және 168 орта медицина қызметкері, көпбейінді орталық аудандық ауруханаларға 404 бейінді дәрігер және 382 орта медицина қызметкері жолданды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025339 Views

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025637 Views

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025258 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

30.10.2025

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

30.10.2025

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

30.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.