Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»«Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді
Аймақ жаңалықтары

«Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өткізілді

16.09.2025652 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

16 қыркүйек күні облыстық білім саласы ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Отбасы күніне орай «Шаңырағым – шаттығым» атты тағылымды кездесу кеші өтті. Шара Отбасы орталығында ұйымдастырылып, өңіріміздің білім саласының ардагерлері мен қадірменді қонақтар бас қосты.

Мерекелік кештің мақсаты – отбасылық құндылықтарды дәріптеу, үлгілі отбасыларды ұлықтап, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие беру, ұстаздар әулетінің ұлағатты өмір жолын насихаттау.

Кеш басталар алдында ғимараттың кіреберісіне қызыл жол төселіп, ардагерлер мен қонақтар той иелерін ыстық ықыласпен қарсы алды. Әсем әуен әуелеп, зал мерекеге сай безендірілді.

Салтанатты шараның шымылдығын жүргізуші Ғалым Башарұлы ашып, отбасы – қоғамның берік негізі, ұрпақ сабақтастығының алтын діңгегі екенін атап өтті.

Бұл күні зал төрінен үш отбасы – ұстаздық жолда ғана емес, отбасылық өмірде де үлгі болып келе жатқан Гауһар және Алтын той иелері орын алды.

🔹 Гауһар той иелері – Баукенов Абай Баукенұлы мен Мәлібекова Күлайхан Мәлібекқызы.
Олар 60 жыл бір шаңырақ астында ғұмыр кешіп, 5 қыз, 2 ұл өсіріп, 21 немере, 15 шөбере сүйіп отырған өнегелі отбасы. Екеуі де ұзақ жылдар №156 Н.Бекежанов атындағы мектепте ұстаздық етіп, талай шәкірт тәрбиелеген ұлағатты жандар.

🔹 Алтын той иелері – Махамбет Жеткербай мен Зейнегүл Шеңгелбайқызы.
1970 жылы шаңырақ көтерген жұп бүгінде 4 ұл, 3 қыз тәрбиелеп, 30-ға жуық немере, 5 шөбере сүйіп отыр. Махамбет ағай – ұстаз әрі жазушы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі. Зейнегүл апай технология пәнінің мұғалімі ретінде көптеген шәкіртін өнерге баулыды.

🔹 Алтын той иелері – Жүсіпбеков Қайрулла мен Нұрымбетова Айткүл.
1975 жылдан бері жұптасып, ұстаздық қызмет атқарып келе жатқан бұл отбасы бес бала тәрбиелеп өсірген. Бүгінде 25 немеренің ардақты ата-әжесі атанып отыр.

Кеш барысында ұстаздар әулетінің өмір жолынан сыр шертетін слайдтар көрсетілді, әжелер ансамблі «Дударай» әнін орындап, қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова, Халыққа қызмет көрсету орталығының директоры Аида Абибуллаева, облыстық білім басқармасы және білім қызметкерлері кәсіподағының өкілдері құттықтау сөз сөйлеп, неке куәліктерін табыстады.

Шара барысында ардагер ұстаздармен шағын сұхбат ұйымдастырылып, олардың отбасы құрудағы, бала тәрбиесіндегі тәжірибелері мен естеліктері тыңдалды. «Ескірмеген махаббат», «Әкешім – асыл адам», «Асыл жарым» әндері орындалып, кештің мазмұнын байыта түсті.

Соңында ұйымдастырушылар барша қонақтарға алғыс білдіріп, отбасылардың шаттығы мен бірлігін тілеп, естелікке суретке түсті.

Бұл кеш – отбасы құндылықтарын насихаттайтын, ұстаздар әулетінің өмір жолы арқылы жастарға үлгі көрсететін тағылымды жиын болды.

Ғ.Бекенов,
Облыстық білім саласы ардагерлер кеңесі

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.