Автор: un_admin

Бүгін «Өнер орталығында» облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Заң және Тәртіп» қоғамдық қауіпсіздікті күшейту мен өзара іс-қимылдың басымдықтары» тақырыбында форум өтті. Алқалы жиынға ҚР Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Наурызбай Байқадамов, Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Абзал Құспан, облыс прокуроры Ризабек Ожаров, құқық қорғау органдары мен жауапты сала басшылары, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы қоғамдық қауіпсіздік пен заңдылықты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы бірлескен маңызды міндеттерді айқындады. «Биыл 1 сәуірде Үкімет қаулысымен «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025 – 2030 жылдарға арналған тұжырымдама» бекітіліп, нақты міндеттер белгіленді. Өңірімізде «Заң мен Тәртіп» қағидасын іске асыруда…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, құрылыс жұмыстарының барысы мен сапасы талқыланды. Аймақ басшысы облыс, аудан орталықтары мен елді мекендердегі тазалық, көркейту шараларына күнделікті әрі жүйелі бақылау орнатуды тапсырды. «Жаз мезгілінде қала мен елді мекендердегі қоғамдық орындардың тазалығы, жайлылығы басты назарда болуы тиіс. Аптап ыстық басылған соң демалуға сыртқа шыққан халықтың, каникулдағы балалардың баратын орындарын күнделікті қадағалаңыздар. Саябақтар, демалыс аймақтары, жағажайлар мен балалар алаңдары таза әрі қауіпсіз болуы керек. Бұл іске тұрғындар да белсенді араласуы қажет. Тазалық сақтау тек коммуналдық қызметтердің ғана міндеті емес, баршаға ортақ жауапкершілік. Көше бойларының, аулалардың, қоғамдық орындардың тазалығы…

Read More

Аталған мекемеге табиғи монополиялар туралы заңнаманы бұзғаны үшін қосымша 18,3 млн теңге көлемінде әкімшілік жаза қолданылған. Бұдан бұрын да филиалға 61,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған болатын. Осылайша, жалпы әкімшілік айыппұл сомасы 79,6 млн теңге болды, деп хабарлайды Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті. Бұған дейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті тарапынан филиал қызметінде анықталған заңбұзушылықтар туралы ақпарат жарияланған еді. Атап айтқанда, реттеліп көрсетілетін қызметтерге қосылуға техникалық шарттар беру кезінде филиал тұтынушылардан заңнамада көзделмеген қосымша талаптар қойып, құжаттар талап еткен. Бұл әрекеттер тұтынушылардың құқықтарын және заң нормаларын бұзу ретінде танылды. Қазір Қызылорда облысы бойынша…

Read More

2025 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген автокөліктердің жалпы саны 6,3 миллионға жетті, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы. Тек мамыр айында ғана елде 128,1 мың көлік тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15 пайызға көп. Оның ішінде 113 мыңы жеңіл автокөліктер. Сонымен қатар, мамыр айында 8 мың жүк көлігі және 1,4 мың автобус жолға шыққан. Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 20,33 миллион адамды құрайды. Демек, әр үшінші қазақстандықтың атына көлік тіркелген. Экологиялық көлікке деген қызығушылық артып келеді. 2024 жылдың мамырымен салыстырғанда электромобильдер саны 66,9 пайызға өскен. Сонымен қатар, жанармаймен жүретін көліктер де әлі де сұранысқа ие: Бензинмен…

Read More

Жарыстар кестесі сала министрлігінен мәлім болды. 16-23 маусымда Индонезия Нуса Дуа қаласында cемсерлесуден Азия чемпионатына ел құрамасынан 23 спортшы қатысады. 16-23 күндері көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионатында (София қаласы, Болгария) 7 отандасымыз бақ сынайды. 16-24 маусымда жағажай волейболынан Таиланд Рой-Эт қаласында Азия чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады. 18-19 күндері күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты (Вунгтау қаласы, Вьетнам) ел намысын 30 палуан қорғайды. 18-21 маусымда спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңіне отандық 6 гимнаст қатысады. Дода – Ташкент қаласында өтеді. 18-26 күндері пара пауэрлифтингтен Әлем кубогінде Қазақстаннан 10 спортшы сайысады. Байрақты бәсеке Қытайдың бас шаһары Бейжіңде өтеді. 20-21 маусымда Германия Котбус қаласында велотрек турнирінде 4 велошабандозымыз жарысады. 21-22…

Read More

Қазақстандық дзюдошы Абылайхан Жұбаназар Будапештте (Венгрия) өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетіп, 1/8 финалға жолдама алды. 81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз алғашқы белдесуінде Бразилия өкілі Габриэль Фалькаоға қарсы татамиге шыққан. Жұбаназар қарсыласына қарсы тиімді әдіс қолданып, екі мәрте «юко» ұпайын еншілеген. Осы нәтижемен белдесуді өз пайдасына аяқтап, келесі кезеңге өтті. Ширек финалға шығу үшін Абылайхан Жұбаназар енді ресейлік балуан Тимур Арбузовпен белдеседі.

Read More

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қызметтік міндетін атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне күш көрсету жағдайларын болдырмауға арналған ортақ тұжырымдаманы – Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп әзірлейді. Тұжырымдама – медициналық мекеменің қауіпсіздік талаптары көрсетілетін медициналық көмектің түрі-деңгейі мен пациенттердің ағынына қарай әзірленетін болады. Қарағандыда пациенттің туысы тарапынан шабуылға ұшыраған балалар дәрігерлеріне барған сапарында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова: «Медицина қызметкерінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген әрбір адам заңға сәйкес қатаң жазалануы тиіс. Ешбір жағдай мұндай әрекетті ақтай алмайды. Әрбір дәрігер, фельдшер, мейіргер – біз үшін қымбат. Біз – біртұтас командамыз. Әрбір маман өзін қауіпсіз сезінуі тиіс», деген болатын. Айта кетсек, соңғы…

Read More

Қостанай өңірінде ел автоөнеркәсібінің жаңа дәуірі басталуға таяу. Еліміздің өнеркәсіп тарихындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналатын – KIA компаниясының автокөлік зауытының құрылысы аяқталуға жақын. Бұл – тек көлік өндірісін жолға қою емес, шетелдік алпауыттармен бірлескен өнеркәсіптік кооперацияны жаңа деңгейге көтеретін маңызды қадам. Осы аптада зауыт аумағында бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз туры өтіп, журналистер өндіріс алаңын аралап, жобаның ауқымы және алдағы жоспарлармен танысты. Жоба 2023 жылдың қарашасында басталған болатын. Құрылыс жұмыстары қазіргі таңда толық аяқталып, техникалық инфрақұрылым мен құрылғыларды орнату соңғы сатысына жеткен. KIA зауыты – Оңтүстік Корея автоөндірушісінің Қазақстанда тікелей инвестиция салған алғашқы жобасы. Жобаның жалпы құны 105…

Read More

Ресей армиясы Киев қаласына жасаған зымыран шабуылы кезінде АҚШ-тың Boeing компаниясының Украинадағы өкілдігі орналасқан ғимаратқа соққы жасады.  Бұл туралы Financial Times (FT) басылымы хабарлады. Аталған шабуылдан кейін ғимараттың бірнеше қабаты отқа оранып, айтарлықтай зақым келген. Украина Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаға қатысты пікір білдіріп, “Ресей АҚШ бизнесіне әдейі шабуыл жасап отыр” деп мәлімдеді. Шабуыл салдарынан зардап шеккендер жоқ, дегенмен нысан толықтай қирап, инженерлік қызмет тоқтап қалғаны хабарланды. Куәгерлер мен Украинадағы Америкалық сауда палатасының деректеріне сүйенсек, соққы жасалған нысан – Киевтегі Глубочицкая көшесі, 4-үй мекенжайында орналасқан бес қабатты әкімшілік ғимарат. Қатаң күзетілетін, ешқандай белгісіз ғимараттың 4-қабатында Boeing Ukraine LLC компаниясының кеңсесі орналасқан.…

Read More

Қытайдың Shandong Energy Group Co корпорациясы Қарағанды облысында көмірден газ өндіретін зауыт салмақ. Бұл шешім Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов пен Shandong Energy Group Co басқарма төрағасы Ли Вэй арасындағы кездесуде жарияланды. Тараптар жылына 2 миллиард текше метр газ өндіретін көмірхимиялық зауыт салу жобасын талқылады. Қытай тарапы бұл бастамаға жоғары қызығушылық танытып, Қазақстанның өнеркәсібін дамытуға үлес қосуға дайын екенін білдірді. Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, зауыт іске қосылған жағдайда елдегі көмірхимия саласының дамуына жаңа серпін беріледі. Сонымен қатар: Қосымша газ көлемі өндірілмек; 1500-ге жуық тұрақты жұмыс орны ашылады; Экономика әртараптандырылады; Жаңа технологиялар енгізіледі; Қазақстанның экспорттық әлеуеті артады. Shandong Energy — Қытайдағы ең…

Read More