АҚШ-тың Миннесота штатында Демократиялық партиядан сайланған екі заң шығарушы мен олардың жұбайларына шабуыл жасады деген күдікке ілінген 57 жастағы Вэнс Лютер Болтер ұсталды. Бұл туралы американдық БАҚ 15 маусым, жексенбі күні түнде хабарлады. Күдікті екі адамды өлтіріп, тағы екі адамды өлтіруге әрекеттенді деген айыппен ұсталды. Миннесота штатының полициясы бұл операцияны штат тарихындағы ең ауқымды шара деп атады. Болтер екі тәулік бойы іздеуде болған. Тергеу дерегінше, ол 14 маусымда Миннесота штатының Өкілдер палатасының мүшесі Мелисса Хортман мен оның күйеуі Маркты атып өлтірген, сондай-ақ штат сенаторы Джон Хоффман мен оның жұбайына оқ жаудырып, ауыр жарақаттаған. Күдікті полиция формасын киіп, өзін тәртіп сақшысы…
Автор: un_admin
Пәкістан АҚШ-қа ескерту жасап, егер Иранға ядролық соққы жасалатын болса, Израильге қарсы ядролық жауап беруге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы Израильдің Channel 10 телеарнасы хабарлады. Бұған дейін Батыс басылымдары Израиль шенеуніктеріне сілтеме жасап, АҚШ Иранға қарсы әскери іс-қимылдарға қосылуы мүмкін екенін хабарлаған. Әсіресе Иранның Фордо ядролық нысанына ерекше назар аударылған. Иран ядролық қарудан бас тартуға дайын екенін және бұл туралы қол қою рәсімі 15 маусым күні өтуі тиіс болғанын мәлімдеген еді. Сонымен қатар Иран МАГАТЭ сарапшыларына ядролық нысандарды ашуға келісім берген, Израильмен соғысудан бас тартқан. Оның орнына Тегеран экономикалық санкцияларды алып тастауды талап еткен. Алайда келіссөздердің орнына Израиль тарапынан Иранға…
Алматы қаласының Наурызбай аудандық соты ақын Мұқағали Мақатаевты қорлады деп айыпталған блогер Алишер Теменовке қатысты қылмыстық істі тоқтатты. Бүгін, 16 маусым күні, ақынның ұлы Жұлдыз Мақатаев сотта блогерді кешіріп, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Бұған дейін ол моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге өндіруді талап еткен болатын. Сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне шыққан сәтте блогер Жұлдыз Мақатаевқа екі миллион теңге қолма-қол беріп, автокөлігінің кілтін де тапсырды. Сонымен қатар тағы бір миллион теңгені он күн ішінде төлеуге уәде беріп, кейіннен көлігін қайтарып алатынын айтты. Алишер Теменов өз сөздеріне байланысты барша халықтан кешірім сұрап, арнайы видео жариялайтынын мәлімдеді. Еске салайық, былтыр 8…
Иран мен Ресей Хаменеи мен оның отбасын эвакуациялау мәселесін талқылап жатыр. Iran International порталының дереккөздеріне сүйенсек, Иран билігі Ресеймен елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеи мен оның отбасы мүшелерін эвакуациялау жоспарын келісіп жатыр. Келіссөздерге Иранның жоғарғы көшбасшы аппараты басшысының орынбасары жауапты. Басылым мәліметінше, Әли Асгар Хеджази Ресейдегі жоғары лауазымды тұлғалардың бірінен «жағдай күрт нашарлаған жағдайда» Мәскеу Хаменеи мен оның отбасына қауіпсіз көшіру жолын ұйымдастыруға дайын екені жөнінде кепілдік алған. Сондай-ақ басылымның хабарлауынша, Иран үкіметіндегі басқа да жоғары лауазымды тұлғалар егер елде қауіп күшейсе, шетке кетуді қарастырып жатыр. Бұған дейін Reuters агенттігі Дональд Трамптың «Израильдің Хаменеи аятолланы өлтіру жоспарына вето қойғаны»…
«Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген стратегиялық бағдар еліміздің мемлекеттік саясатының өзегіне айналып, қоғам дамуының басты бағытын айқындап отыр. Бұл – адам құқы мен бостандығын әділетті қорғауға кепілдік беретін, қоғамдық тәртіпті қалыптастыруды көздейтін жүйе. Аталған тұжырымдаманы жүзеге асырудағы қадамдар, прокуратураның рөлі және құқықтық мәдениеттің маңызы туралы Бас прокурор Берік АСЫЛОВ кеңінен айтып берді. – Берік Ноғайұлы, «Заң мен тәртіп» ұғымы шын мәнінде халықтың сенімін арттырудың жаңа жүйесі деп ойлайсыз ба? Прокуратураның тек құқықтық емес, әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етудегі рөлі қандай? – «Заң мен тәртіп» – Әділетті Қазақстанның идеологиялық тұғырнамасы. Бұл – Ата Заңымыздың мәнін ашатын тұжырым. Конституциямызда ең жоғарғы құндылық ретінде…
Алматы қаласның әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданындағы әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым нысандарын аралап, «Нұршашқан» шағын ауданында қала әкімі ауызсу, кәріз және электр желілері бойынша инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен, сондай-ақ «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында абаттандырылып жатқан «Нығмет» скверіндегі жұмыстармен танысты. Тұрғындар жарықтың жиі сөніп қалуына шағымданып, судың тұрақсыз берілу мәселесін көтерді. «Қосалқы сстанцияны шеңберлі жүйеге қоспайынша, қуат көзі тұрақталмайды, бұл туралы маған енді ғана баяндалып отыр. Мұнда станция салынды, енді желіні қосу қажет. Халық тұратын аумақ арқылы өткізуге тұрғындар қарсы болған, бірақ қазір келісімге келген», — деп түсіндірді Дархан Сатыбалды. Сумен жабдықтау бойынша жобадағы кемшіліктерге байланысты қала әкімі қазіргі…
Дональд Трамптың жаңа әкімшілігімен бетпе-бет кездесулер аясында өзара ынтымақтастықты нығайту жолдары талқыланды. Вашингтонның сыртқы сауда саясатындағы тарифтер мәселесі, Джэксон-Вэник түзетуі, көші-қон саласы, экономикалық серіктестік, елге инвестиция тарту мәселелері қаралды. Тараптар саяси және экономикалық ынтымақтастық, энергетика, сауда, логистика сияқты екіжақты күн тәртібінің өзекті мәселелерін жан-жақты талқылап, өңірлік және жаһандық қауіпсіздікке қатысты пікір алмасты. Бұған қатысты америкалық сарапшылар да өз пікірлерін білдірді. АҚШ – Қазақстан экономикасына 62 млрд доллардан астам тікелей инвестиция салған ірі инвестор. Отандық делегация алдағы уақытта тек қаражат жағынан емес, технологиялық мүмкіндіктерді де тартып, адам капиталын дамытуға да күш салуға мүдделі екенін жеткізді.
16 адамнан құралған топ Сырдария өзені мен Шардара су қоймасында аса ірі көлемде балық аулап, сатумен айналысқан. Яғни бірі балық ауласа, енді бірі тасымалдаушы, тағы бірі сатушы болған. Кейбірі бұған дейін осындай қылмыстары үшін сотталғаны белгілі болды. Олардан бір тоннадан астам балық, 12 қайық пен қозғалтқыштар тәркіленді. 2 мың метрден астам балық аулау торы және басқа да браконьерлікке арналған құрал-жабдықтар алынды. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, келтірілген залал көлемі 10 млн теңгеден асады. Қазір іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.
Маусым айының әр үшінші жексенбісінде біз денсаулығымыз бен өмірімізді сеніп тапсыратын жандардың – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Бұл күні дәрігерлер, медбикелер, фельдшерлер мен санитарлар өздерінің төл мерекесін тойлайды. Медицина қызметкері болу – тек терең білім мен мол тәжірибені ғана емес, сонымен қатар адамгершілік пен жанқиярлықты қажет ететін абыройлы міндет. Бүгінде елімізде бірегей операциялар жасалып, заманауи технологиялар мен озық емдеу әдістері кеңінен қолданылып келеді. Өз өмірін осы бір асыл мамандықпен байланыстырған барлық жанды құттықтаймыз. Ерен еңбектеріңізге, жанашырлықтарыңыз бен іске адалдықтарыңызға алғыс айтамыз!
Қазақстанда маусым айының әр үшінші жексенбісінде Әкелер күні тойланады. Әке -өміріміздің алғашқы күнінен бастап жанымызда жүретін, жауапкершілікке, әділдікке, табандылыққа баулитын, қиындықтарды еңсеруге көмектесіп, қолдау көрсететін, сенім сыйлайтын арқа сүйер жан. Әкенің махаббаты, қамқорлығы мен тәрбиесі – баланың болашақ жетістіктерінің берік негізі. Әкелер күні құтты болсын! Баршаңызға зор денсаулық, бақыт, амандық пен табыс тілейміз.
