Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
Аймақ жаңалықтары

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

11.09.2025597 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Аталған акция ауылдық жерлердегі мектеп оқушылары арасында ерекше маңызға ие болуда. Мәселен, Шиелі ауданында №50 Талап ауылы орта мектебінің оқушылары үшін «Таза Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Оқу орнының директоры Айгүл Болатбекованың айтуынша, мұндай іс-шаралардың тәрбиелік мәні зор.
– Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы былтырдан бері өткізіліп келеді. Оған жастар белсене қатысуда. Оқушылар қоғамдық орындарды қоқыстан тазартып, ардагерлердің ауласын жинауға көмектеседі, ағаш отырғызады. Акцияның арқасында біз оқушылардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастырып, өскелең ұрпаққа экологиялық мәдениет пен туған жеріне деген жауапкершілікті дарытамыз, – деді мектеп директоры.
Осы күні Шиелі ауданының орталығында, Ы. Жахаев атындағы саябақта тазалық акциясы өтті. Оған жастар мен еріктілер қатысып, саябақ аумағын санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді: ағаштарды әктеп, қоқысты шығарды, жасыл желектерді суарды.
– Біз үшін «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында туған ауылымызды таза ұстау игі дәстүрге айналды. Сондай-ақ біз ақсақалдарымызға көмектесіп, олардың ауласын қоқыстан тазартып, үйін жинап береміз. «Таза Қазақстан» – бұл тек көшелер мен аулалардың тазалығы ғана емес, ең алдымен жүрегіміз бен іс-әрекетіміздің тазалығы мен мейірімділігі– деді Шиелі индустриалды-аграрлық колледжінің директоры Болат Сүлейменов.
Бүгінгі күнге тазалық шараларына барлығы 271 мыңнан аса еріктілер, қоғам қайраткерлері, бюджет саласы мен кәсіпорын қызметкерлері қатысты. Нәтижесімен 11 мың тонна астам қоқыс қалдықтары шығарылып, елді мекендердегі 510 скверлер мен парктер, 256 тарихи-мәдени ескерткіштер,
1019 әлеуметтік нысандар, 3 083 өнеркәсіп және бизнес нысандары, 332 су объектілері мен 29 124 көшелердің бойы тазартылды. Оған 540-тан аса техника жұмылдырылды.
Жыл басынан облыс бойынша 240 700 дана өңірдің климатына сәйкес жерсінетін көшеттер егілді.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026962 Views

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026463 Views

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026836 Views
Соңғы жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ЖӘНЕ «АУЫЛ VIBE, RETRO NIGHT» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

05.07.2026

«ҚАЗАҒЫМНЫҢ ҮНІСІҢ СЕН, ДОМБЫРА!» АТТЫ МЕРЕКЕЛІК КОНЦЕРТ ӨТТІ

05.07.2026

ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ ДОМБЫРА ШЕРУІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

05.07.2026

Оқырман таңдауы — 60,1 пайыз: қазақ тіліндегі кітаптарға сұраныс артып келе ме?

04.07.2026

Қазақстан мен Армения бір-біріне жер телімдерін жылына 1 теңге және 1 драмға жалға береді

04.07.2026

Доллар бір аптада 14 теңгеге арзандады: теңге неге күрт нығайды?

04.07.2026

АУЫЛ МЕКТЕБІ ТҮЛЕГІНІҢ ЖЕТІСТІГІ

02.07.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.