Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Денсаулық»Ел өңірлерінде медициналық көмек көрсету сапасы артып келеді
Денсаулық

Ел өңірлерінде медициналық көмек көрсету сапасы артып келеді

13.09.2025870 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Осыдан үш жыл бұрын елімізде «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық пилоттық жобасы әзірленген. Құжатта бірқатар маңызды міндет көзделген. Біріншісіне сәйкес елде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны жоспарланған, оның ішінде 260 медициналық пункт, 235 ФАП және 160 дәрігерлік амбулатория салынады. Олардың 228-і медициналық объектілері болмаған ауылдарда, 427-сі тозған ғимараттардың орнына салынады. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

Оның айтуынша, МСАК ұйымдарына қажеттілікті қалыптастыру, ауылдық елді мекендерді іріктеу ЖАО деректері бойынша халық санын ескере отырып, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің мемлекеттік нормативіне сәйкес жүзеге асырылған.

«Екінші міндет бойынша тиісті бөлімшелерді – инсульт және кардиохирургия, медициналық оңалту, травматология және ортопедия, хирургия, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерін аша отырып, 32 заманауи көпбейінді орталық аудандық ауруханаларды жаңғырту, сондай-ақ медицналық жабдықтармен жарақтандыру», – деді спикер.

Үшінші міндетке сәйкес медициналық ұйымдарда жұмыс істеу үшін 1100-ден астам маман даярлау жоспарлануда. Ұлттық жобадағы негізгі мақсаттар арасында нормативтерге сәйкес МСАК ұйымдары мен ауылдық елдімекендерді қамтамасыз ету, қосымша 4 млн астам ауыл тұрғынын мамандандырылған медициналық көмекпен қамтамасыз ету, инфаркт, инсульт және басқа да жарақаттар алған кезде ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмек көрсету үшін алтын сағат қағидатын сақтауды қамтамасыз ету бар. Сондай-ақ қан ауруларынан болатын өлім-жітімді төмендету мен ауылдық елді мекендерді медициналық кадрлармен қамту деңгейін жоғарылату болатын.

Жобаны іске асыру қысқа мерзімде ауыл мен қала арасындағы медициналық көмекке қол жеткізу алшақтығын қысқартуға, Қазақстанның денсаулық сақтау саласын кадрлық, инфрақұрлымдық және технологиялық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026644 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.20262 048 Views

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026852 Views
Соңғы жаңалықтар

СЫР ТӨРІНДЕ «АДАЛ АЗАМАТ: АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТТІ

14.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «АУЫЛ АМАНАТЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 46 ЖОБАҒА ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ БЕРІЛДІ

12.02.2026

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ — АЙМАҚ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ҚАРҚЫНЫ КҮШЕЙДІ

12.02.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА ЕМХАНАЛАР МЕН ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ

12.02.2026

ALEM TECH FEST 2026 фестивалінде әлемнің 7 елінен 5000 астам оқушы бас қосады

11.02.2026

Атырау облысында 15,5 мың тонна көкөніс сақтау қоймасы іске қосылды

11.02.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.