Жетісу облысында «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы шеңберінде екі жаңа медициналық мекеме — дәрігерлік амбулатория және фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі. Ескелді ауданының Шымыр ауылындағы дәрігерлік амбулатория 2 129 тұрғынға қызмет көрсетуге есептелген және медициналық-санитариялық алғашқы көмек, шұғыл және кезек күттірмейтін медициналық көмек, зертханалық диагностика, сондай-ақ профилактикалық егу қызметтерін ұсынады. Көксу ауданының Қызылтоған ауылындағы фельдшерлік-акушерлік пункт (ФАП) 430 тұрғынға қызмет көрсетеді. Ауыл тұрғындарына медициналық көмекті екі орта буын маманы, сондай-ақ пациенттерді қабылдау үшін аптасына 1-2 рет амбулаториядан келетін дәрігер көрсетеді. ФАП-тың негізгі қызметіне санитариялық-медициналық алғашқы көмек көрсету, аурулардың профилактикасы, скринингтік бағдарламаларды іске асыру, жүкті әйелдер…
Автор: un_admin
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго де Гомар Рокамен кездесу өткізді. Онда Қызылорда облысында сантехникалық бұйымдар шығаратын зауыт салу жобасын жүзеге асыру мәселелері мен инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жоба қуаты жылына 500 мың бұйымға дейін санитарлық-техникалық өнім шығаратын жоғары технологиялық зауыт салуды көздейді. Өндіріс Қызылорда облысындағы «Өндіріс» индустриялық аймағында орналасады, осы мақсаттар үшін жер телімі белгіленді. Кәсіпорын өнімдері ішкі нарыққа және Орталық Азия елдеріне экспортқа шығаруға бағытталған. Жалпы инвестиция көлемі €70 млн деп бағаланады. Жоба 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Roca Group директорлар кеңесінің төрағасы Сантьяго…
Бүгін «Өнер орталығында» Қызылорда қаласының астана болғанының ғасырлық мерекесіне, Қазақстанның Халық артисі, Халық Қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің концерті өтті. Шығармашылық кешті облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев, мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, аймақтың өнерсүйер жұртшылығы тамашалады. Концерт «Ақ жауын» камералық оркестрінің орындауында Секен Тұрысбековтің «Ұлы дала» шығармасымен ашылды. Аймақ басшысы құттықтау сөз сөйлеп, оркестр ұжымына шығармашылық табыс тіледі. «Қазақтың күй өнері – халқымыздың рухани болмысы мен мәдениетінің биік тұғыры, сарқылмас асыл қазынасы. Қос ішекті домбыраны кие тұтып, шанағынан небір туындыны төгілдірген кешегі Құрманғазы, Тәттімбет, Қазанғап, Динадан жеткен қастерлі ұлт мұрасын жалғаушы Секен Тұрысбеков…
«МузАрт» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов құдалықта билеймін деп, сынға қалды. Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойында құдаларды күткен. Қонақтардың арасында билеп жүрген Кенжебек Жанәбіловтің биі қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары мұны ерсі деп санаса, енді бірі жарасып тұрғанын айтып жатыр. «Мына тұрысы ұят екен», «Кенжебектің қылықтары біртүрлі. Соқталдай азамат деп құдалыққа ертіп барды. Сәкен ортаға шақырып, сыйлық беріп, кит кигізіп жатса, бір аяғын тамадаға көтеріп жатыр», «Керемет, біздерге де жұғысты болсын», «Кенжебек күшті билеген», «Кенжебектің биін үйреніп алу керек екен», — деп жазды оқырмандар.
Арада бірнеше сағат өткен соң, 6 маусымға қараған түні, сағат 02:19 шамасында, баланың жансыз денесі Кұрсай тармағындағы қамыстың арасынан табылды. Атырау облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, қыз баланың жоғалғаны туралы хабарлама 5 маусым күні сағат 21:28-де түскен. 2018 жылы туған бүлдіршін түскі уақытта үйінен шығып кеткен, содан бері қайта оралмаған. Жоғалған баланың бағыты белгісіз болғандықтан, барлық бейнебақылау камералары жіті тексерілген. Іздеу жұмыстарына аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мен еріктілер де жұмылдырылған. «Қазір аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сот-медициналық сараптама тағайындалған, ал баланың нақты өлім себебі әзірге анықталған жоқ. Полиция өкілдері расталмаған ақпарат…
Соңғы жылдары елімізде мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиешілер тарапынан балаларға қатыгездік көрсету үрдісі белең алып келеді. Әлеуметтік желілер мен БАҚ беттерінде балабақшадағы зорлық-зомбылық әрекеттері бейнежазбалар арқылы әшкереленіп, қоғамда үлкен наразылық туғызды. Таңертең баласын балабақшаға апарып тастаған ата-аналар алаңсыз отыра алмайтын күнге жеткендерін айтып, бұл бассыздыққа тосқауыл қоюды талап етуде. Бейкүнә бүлдіршіндерге қорған болуы тиіс мекемелерде керісінше қорлық көрсету оқиғаларының жиілеуі тәрбиешілердің біліктілігі мен жауапкершілігіне селкеу түсіріп отыр. Осы орайда Egemen.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сауал жолдап, мемлекет тарапынан нақты қандай шаралар қабылданып жатқанын сұрады. Ата-ананың алаңдаушылығы негізсіз емес Жалпы балалардың алғашқы әлеуметтік ортасы, тәрбие мен білімнің іргетасы қаланатын мекеме ол – балабақша. Мұнда…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асқан маңызды істің бірі – заңсыз иемденген қаржыны қоғам игілігіне қайтару. Осындай қаржының есебінен Атырау облысында мектеп-интернаттың құрылысы басталды. Оқушыларға арналған интернаты бар жаңа білім ордасы Жамансор ауылында бой көтереді. Қызылқоға ауданында теміржол бойында орналасқан аталған елді мекенде мектеп жасындағы 200-ге жуық бала бар. Мұнда бастауыш сыныптың оқушылары 60 орынға бейімделген ғимаратта білім алуға мәжбүр. Ал бейімделген нысанда спорт және мәжіліс залы жоқ. Қазір бастауыш сыныптар мен дайындық топтарында 64 бала тіркелген. Ал жоғары сыныптардың оқушылары Атырау мен Құлсары қалаларындағы, Мақат және Мұқыр стансаларындағы мектеп-интернатта білім алады. Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың айтуынша,…
Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректеріне сәйкес, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстанның жалпы ішкі өнімі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 6%-ға өскен. Экономика министрлігі мұндай нәтижеге өнеркәсіп пен құрылыс салаларынан бастап сауда, көлік және байланысқа дейінгі негізгі салалардағы өсім қарқынының жеделдеуі ықпал еткенін атап өтті. Өнеркәсіп өндірісі 6,4%-ға артқан. Елдің 17 өңірінде өсім байқалды: ең жоғары өсім +22,9% көрсеткішімен кен өндіру, тыңайтқыштар, портландцемент пен қант өндірісінің белсенді дамуының нәтижесінде Жамбыл облысында тіркелді. Түркістан және Жетісу облыстарында өндіріс 14,8%-ға, Алматы қаласында 14,1%-ға өсті. Шымкент қаласында өсім 18,9%-ға жетті. Ауыл шаруашылығындағы өсім 4,0%-ды құрады (қаңтар-сәуір айларындағы 3,9%-бен салыстырғанда). Ең айқын өсім Атырау облысында (+10,4%), Солтүстік…
«Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (FAO) қолдауымен «Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және басқа жер пайдаланулары саласындағы көміртегі жобалары» тақырыбында тренинг өткізді. Іс-шара GCP/KAZ/005/GFF «Қазақстандағы климаттық тұрақтылықты қамтамасыз ету мен жайылымдық жерлерді қалпына келтіру үшін агроорманмелиорация» жобасы аясында ұйымдастырылды. Еліміз әлемдік орташа көрсеткішпен салыстырғанда климаттың өзгеруіне қатты ұшырап отыр – температура онжылдықта 0,32°С жоғарылайды. Бұл жайылымдардың тозуына, құрғақшылыққа, ауыл мен мал шаруашылығы өнімділігінің төмендеуіне алып келеді. AFOLU саласында климатқа төзімді тәжірибелерге көшу, тәуекелдерге бейімделу мен экожүйелердің көміртегін сіңіру қабілетін қалпына келтіруге көмектеседі. Зерттеулерге қарағанда, 2060 жылға қарай мал шаруашылығы еліміздегі парниктік газ шығарындыларының…
Олимпиада чемпионы, кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов келесі жекпе-жегін 2025 жылдың 19 шілдесінде АҚШ-тың Пенсильвания штатында өткізеді. Бұл туралы беделді BoxRec порталы хабарлады. Қазіргі таңда оның қарсыласы кім екені әлі белгісіз. Сол күні өтетін бокс кешінде тағы бір қазақстандық танымал боксшы Иван Дычко да шаршы алаңға шығады. Елеусінов соңғы рет кәсіпқой рингке 2021 жылдың желтоқсан айында шыққан болатын. Ол кәсіпқой бокста 12 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 2016 жылы Рио Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған. 2021 жылы IBO нұсқасы бойынша жартылай орта салмақта әлем чемпионы атанғанымен, мансабындағы үзіліске байланысты чемпиондық белбеуінен бас тартуға мәжбүр болды. Айта кетейік, 2024 жылдың 28 ақпанында…
