Өткен айда Enbek.kz электронды еңбек биржасында 86 мың бос жұмыс орны мен 110 мың түйіндеме орналастырылыпты. Алдыңғы аймен салыстырғанда сұраныс пен ұсыныстың азайғаны байқалады. Мамандарға ең көп сұраныс әдеттегідей білім беру саласына тиесілі. Мұнда 15 мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылған. Сондай-ақ қызмет көрсетудің басқа түрлеріне 10,7 мың, құрылыс саласына 8,5 мың жұмысшы іздеген. Сұраныс негізінен ірі қалалар мен агроөнеркәсіптік аймақтарда шоғырланған. Өткен айда орта білікті мамандардың тапшылығы байқалған. Сұраныс ұсыныстан 16%-ға асып түскен. Сонымен қатар жоғары білікті лауазымдарға жұмыс іздеушілер тарапынан бәсекелестік күшейді. Жұмыс берушілердің көптігі жөнінен Астана қаласы алда тұр. Елорда жыл сайын кеңейіп, көркейіп, зәулім ғимараттар салынып…
Автор: un_admin
Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Қарағанды облысының Абай ауданына қарасты Ягодный және Садовое ауылдарына алғаш рет су құбырлары тартылады. «Екі ауылда да 200-ден астам адам тұрады. Тұрғындарға қолайлы болуы үшін әр үйге су тарту жобасы әзірленді. Оған магистральды желілер тарту, су айдайтын мұнаралы сорғы станцияларын орнату кіреді», деді құрылыс бөлімінің бастығы Бахтияр Мырзалов. Ягодныйда нысан маусым айының соңына дейін аяқталады деп күтіліп отыр. Ал Садовоеда әзірге жұмыстар жартылай ғана жасалған – 4,2 км су құбырының 1,7-сі төселіп, 21 құдық орнатылған. Жұмысты толық аяқтау қыркүйек айына жоспарланған. Ауыл тұрғындары орталықтандырылған су жүйесінің қосылуын асыға күтіп жүр. «Біз мұндай өзгерістерге өте қуаныштымыз. Өзіміздің…
Мемлекет басшысының биыл 15 сәуірде қол қойған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң 16 маусымда күшіне енді. Туризм және спорт министрлігі әзірлеген аталған құжаттың негізгі жаңалығының бірі – ҚР-ның азаматы емес спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл норма ел азаматтарының спорттағы және қаржылық қолдаудағы басымдығын қамтамасыз етуге бағытталған. «Біз ең алдымен отандық спортшылардың тиісті деңгейде дайындалып, жоғары жетістіктерге жетуіне жағдай жасағымыз келеді», деген еді бұған дейін сала министрі Ербол Мырзабосынов. Министрліктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше аталған заң шеңберінде сондай-ақ кәсіби спорт клубтарын ұстауға…
Отандық химия өндірісі, оның ішінде химия өндірісінің Әулиеата өңіріндегі қалыптасу жайында сөз қозғағанда оның тамыры терең тарихына тоқталмай кетуге болмайды. Бұл өндірістің іргетасы облыстың құрылуымен тікелей байланысты. 1939 жылдың соңына таман шаңырақ көтерген облыстың алдында қыруар міндет тұрған болатын. Сол тұста орыс геологтары И.Машкара мен П.Л.Безруков Қаратау қойнауынан фосфор кенінің ірі қорын анықтап, 1,5 миллиард тоннаға жуық фосфор кенін барлап, толық сараптамасын жасаған. Осындай табиғат берген байлықты игеру аймақтың тағдырын түбегейлі өзгертіп, облыстың даңқын асқақтата түсті. Алдымен 1944 жылы Қаратау тау-кен комбинатының құрылысы басталып, екі жылдан кейін алғашқы кезеңі іске қосылды. 1947 жылы алғаш өнім шығарылып, химия өндірісі сол кезден…
Президентке Stadler Kazakhstan зауыты шығарған алғашқы жолаушылар вагоны таныстырылды. Жаңа вагондардың басты артықшылығы – жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыруды көздейтін заманауи инженерлік шешімдер. Қатаң климаттық жағдайға бейімделіп жасалған вагондарды қолдану мерзімі – 40 жыл. Кәсіпорын купе, плацкарт және қозғалысы қиын жолаушылар үшін арнаулы вагондар шығарады. Биыл 51 вагонды, ал 2030 жылға дейін 557 жаңа вагонды пайдалануға беру жоспарланған. Бұл ұлттық тасымалдаушының вагон паркін толығымен жаңартуына мүмкіндік береді. Өндірісті локализациялауға отандық кәсіпорындар тартылған. Президент темір жол саласының жұмысшыларымен әңгімелесті. Қасым-Жомарт Тоқаевқа темір жол қатынасы жүйесін жаңғырту барысы жөнінде есеп берілді. Бүкіл ел бойынша 125 вокзалға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Халықаралық серіктестермен бірлесіп,…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев MFA International компаниясының елордадағы кәсіпорнын аралап көрді. Бұл –индустриялық респиратор мен газтұтқы шығаруда Түркиядағы ең ірі және Еуропадағы үштікке енетін компания. 2020 жылы пандемияның шарықтау шағында MFA Maske компаниясы қызмет аумағын кеңейту жөнінде шешім қабылдап, Қазақстанға инвестиция құйған болатын. Астанада медициналық, өнеркәсіптік респираторлар, газға қарсы уланудан, сондай-ақ химиялық, биологиялық, радиологиялық және ядролық қатерден сақтайтын газтұтқы шығаратын зауыт құрылысын бастады. Жоба құны – 10 миллион доллар. Компанияның жеке инвестициясы есебінен салынып жатыр.
Елімізде заңсыз иемденілген активтерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстары жалғасуда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бұл қаражат бүкіл ел бойынша жүздеген әлеуметтік нысан құрылысы мен жаңғырту жұмыстарына жұмсалуда, деп хабарлайды Primeminister.kz. Басты назар әлеуметтік маңызды инфрақұрылымға аударылады Қайтарылатын қаражат Қаржы министрлігінің жанынан құрылған Арнаулы мемлекеттік қорға түседі. Қазіргі таңда жалпы құны 318 млрд теңгені құрайтын 406 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Оның ішінде 9 білім беру нысаны, спорт саласындағы 3 нысанды, денсаулық сақтау саласындағы 162 жобаны, сумен жабдықтау саласындағы 159 жобаны қоса алғанда, 333 жоба іске асырылуда. Барлық жоба Мемлекет басшысының әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Білім…
Бүгінде еліміздегі мыс саласында ішкі өңдеу қарқынды дамып келеді. 2021 жылы Қазақстанда шығарылатын мыстың 5,3 мың тоннасы іште өңделсе, былтыр бұл көрсеткіш 13,2 мың тоннаны құрады. Ағымдағы жылы өңдеуді арттырып, 16,2 мың тонна дайын өнім шығару жоспарланған. Қазір 16 кәсіпорын мыспен қамтамасыз етілуде. Мәселен, қуат трансформаторларын орауға арналған сымдар шығару көлемін жалпы өткен жылға қарағанда 31%-ға, мыс катанкасын және дөңгелек жалпақ прокат өндіру көлемін 29%-ға ұлғайту көзделген. Бұл жайлы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Өнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Төребек ОКҚ баспасөз мәслихатында хабарлады. Оның айтуынша, қазір 460 мың тоннаға жуық мыс өндірілсе, 2029 жылға дейін соның 91 мың тоннасын…
Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Моноқалалардың болашағы: оң тәжірибе және тұрақты даму» атты республикалық семинар-кеңес өтті. Жиынға өңірлер мен моноқалалардың әкімдері, сондай-ақ өнеркәсіп кәсіпорындарының басшылары және сарапшылар қоғамдастығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Primeminister.kz. Президенттің тапсырмасын ескере отырып, моноқалаларды дамытудың жаңа тәсілдері қаралды. Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков, өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекиннің баяндамалары тыңдалды. Қазіргі уақытта елімізде шамамен 1,5 млн адам тұратын 20 моноқала бар. Ұлттық экономика министрлігінің деректері бойынша олардың үлесіне өнеркәсіп өндірісі көлемінің үштен бірінен астамы тиесілі – 2024 жылдың қорытындысы бойынша бұл…
«Мерейлі отбасы-2025» байқауына өтінім қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстандағы өнегелі отбасы мәртебесін иелену үшін 3434 үміткер бақ сынамақ, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Ең көп өтінім Қарағанды, Қызылорда облыстары мен Жетісу өңірінен түскен. Сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары да көшбасшылар қатарында. Ал Ұлытау, Маңғыстау және Солтүстік Қазақстан облыстарының тұрғындары белсенділік таныта қоймаған. Байқауға өтінімдер тек қатысушылар тарапынан ғана емес, 1711 отбасының кандидатурасын жергілікті атқарушы органдар, ұйымдар мен еңбек ұжымдары да ұсынған. Алда байқаудың аудандық, қалалық және облыстық кезеңдері өтеді. Өңірлік кезең жеңімпаздары дәстүрлі түрде Отбасы күні қарсаңында елордада өтетін «Мерейлі отбасы» марапаттау рәсіміне қатысады. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге сыйақы табысталады.…
