Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Енді Қазақстанда формалды білім беру бағдарламаларынан тыс алынған біліктілік ресми түрде танылады
Жаңалықтар

Енді Қазақстанда формалды білім беру бағдарламаларынан тыс алынған біліктілік ресми түрде танылады

19.09.2025251 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Кәсіби біліктіліктер жөніндегі ұлттық кеңес сарапшылар қауымдастығымен бірлесе отырып, жаңа Ұлттық біліктілік шеңберін бекітті. Енді бұл құжат тек ресми білім беруді ғана емес, бейресми және ақпараттық оқыту нәтижелері мен танылған біліктіліктерді де қамтиды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

ҰБШ – еңбек нарығының барлық қатысушыларына арналған: мемлекеттік органдарға, жұмыс берушілерге, салалық қауымдастықтарға, кәсіподақтарға, білім беру ұйымдары мен азаматтардың өздеріне.

ҰБШ – біліктілік салалық шеңберлері мен кәсіби стандарттарын әзірлеуге арналған негізгі құрал. Ол біліктіліктерді тану жүйесін реттеуге мүмкіндік беріп, кәсіби әрі мансаптық өсудің алғышарттарын жасайды.

Бұрынғы нұсқа көбіне ресми білім беру деңгейлеріне сүйеніп, оқытудың басқа түрлерін ескермеген еді. Жаңа редакция Еуропалық біліктілік шеңберінің қағидаттарына және қазіргі экономиканың талаптарына негізделген.

«Жаңартылған ҰБШ Қазақстанның еңбек және білім беру заңнамасына сәйкес әзірленіп, халықаралық тәжірибелер ескерілді. Ол ашықтық пен салыстырмалылық қағидаттарына негізделген, бұл әртүрлі салада алынған құзыреттерді мойындауды қамтамасыз етіп, жұмыскерлердің мобильдігін жеңілдетеді. Жаңа ҰБШ икемді біліктілік жүйесін қалыптастырып, «өмір бойы білім алу» қағидатын қолдайды және экономиканың нақты қажеттіліктеріне бағытталған», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев.

Жаңа редакцияда еңбек функцияларының күрделілігі, жауапкершілік деңгейі және ғылымға негізделу дәрежесіне қарай жүйеленген сегіз деңгей қарастырылған. Бұл жұмыскердің біліктілігін объективті бағалауға және оны алудың әртүрлі жолдарын ескеруге мүмкіндік береді.

Осылайша, құзыреттердің ресми дәлелі ретінде енді тек диплом мен жұмыс өтілі ғана емес, қысқа мерзімді курстарды аяқтау туралы сертификаттар мен Career Enbek порталындағы біліктілікті растау да мойындалады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026691 Views

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026515 Views

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.202678 Views
Соңғы жаңалықтар

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

04.11.2026

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ ӘЗІРЛЕНЕДІ

04.11.2026

ҚАЗАЛЫДА МНАЖАДИН ӨТЕЕВТІ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН КІШІ ФУТБОЛДАН АУДАНДЫҚ АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

03.11.2026

ҚАЗАЛЫДА ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТУДЕ

03.11.2026

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.