Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Жаңалықтар»Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті
Жаңалықтар

Қазақстан жасанды интеллектіні білім беру жүйесіне енгізудің ұлттық моделін бекітті

18.09.2025449 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев 2025–2029 жылдарға арналған орта, техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізудің тұжырымдамалық негіздерін бекіту туралы бірлескен бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

Құжат Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмасы аясында әзірленіп, білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналды. Алғаш рет білім беру саласында жасанды интеллектіні қолданудың бірыңғай ұлттық стандарттары бекітіліп, оған этика, құқықтық реттеу, дербес деректерді қорғау және академиялық адалдық мәселелері енгізілді.

Бұл тұжырымдама мектептерді ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын да қамтиды. Ол жасанды интеллектке арналған арнайы тақырыптарды оқу процесіне енгізуді, заманауи цифрлық оқулықтар шығаруды, оқушылардың ЖИ бойынша сауаттылығын қалыптастыруды және олардың жобалық қабілеттерін дамытуға жағдай жасауды көздейді. Сонымен қатар, педагогтердің кәсіби деңгейін Acquire → Deepen → Create үшсатылы үлгісі бойынша жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Құжатта баланың құқықтарын қорғау мен педагогтің кәсіби беделін сақтау мәселесіне айрықша мән берілген. Мектептер мен колледждерде жасанды интеллектіні пайдаланудағы этика мен академиялық адалдықтың ортақ қағидалары бекітіледі.

«Бірлескен бұйрыққа қол қою – еліміздің білім беру жүйесін дамытудың жаңа белесі. Тұжырымдама стратегиялық басымдықтарды нақтылап қана қоймай, оны іске асырудың айқын механизмін, мониторинг жүйесін және жол картасын бекітеді. Бұл жасанды интеллектіні мектептер мен колледждерде жүйелі әрі қауіпсіз енгізуге жағдай жасайды. Жасанды интеллект педагогтің орнын баспайды, қайта оның рөлін арттырады. Себебі, білім беру процесіндегі түпкілікті шешімдерді адам қабылдайды», – деді министр Ғани Бейсембаев.

Қазақстан ЮНЕСКО, ЭЫДҰ және Еуропалық одақтың ұсынымдарын негізге ала отырып, бұл бағытта өзіндік ұлттық жолын айқындаған алғашқы елдердің бірі болды.

«Білім беру саласына жасанды интеллектіні енгізу – Қазақстанның ауқымды цифрлық жаңғыру стратегиясының құрамдас бөлігі. Біз балалар мен жастардың тек заманауи құралдардың қолданушысы емес, солардың құрастырушысы болуына мүмкіндік ашып отырмыз. Ұсынылып отырған тұжырымдама – болашақ технологияларын еркін меңгерген, сонымен қатар ұлттық құндылықтар мен академиялық адалдықты сақтаған жаңа буынды қалыптастыруға жол ашады», – деп атап өтті Жаслан Мадиев.

2025–2026 оқу жылынан бастап «Цифрлық сауаттылық» пен «Информатика» пәндеріне жасанды интеллект элементтері енгізілді. Оқушылар үшін Day of AI әдістемелік кешені әзірленіп, педагогтер үшін арнайы біліктілікті арттыру бағдарламалары іске қосылды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025339 Views

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025637 Views

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025258 Views
Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы «Қызылорда-нан» цехына барды

30.10.2025

Президент жаңа жылу электр орталығына барды

30.10.2025

Мемлекет басшысы «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясының қызметімен танысты

30.10.2025

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығымен кездесті

30.10.2025

Үкіметте экономикаға инвестиция тарту қарқыны қаралды

30.10.2025

Президент Өнер орталығына барды

30.10.2025

Президентке Қызылорда облысының әлеуметтік- экономикалық дамуы жөнінде баяндалды

30.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.