Автор: un_admin

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нурия Ниязова және «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаевпен кездесті. Кездесуде Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейлі 30 жылдығы аясында өңірде атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар сөз болды. Қызылорда облысында білім, ғылым, журналистика, қоғамдық қызмет, спорт, медицина, мәдениет, кәсіпкерлік, өндірісте еңбек ететін, мемлекеттік жастар саясатының дамуына өзіндік үлесін қосқандарға облыс әкімінің «Сыр үміті» сыйлығы жыл сайын табысталып келеді. Баспанаға мұқтаждық мәселесін шешу үшін «Сыр жастары» бағдарламасы қолға алынды. Оған облыстық бюджеттен «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы кредит беруге 1,2 млрд теңге бөлінді. «Сыр жастары» – жылына 100 жас отбасыны…

Read More

Бүгін Қызылордадағы «Достық үйінде» «Сыр елі – достық мекені» атты республикалық Ассамблея жастары форумының пленарлық отырысы өтті.Форумға ҚР Парламенті Сенатының депутаты, жастар жанашырлары Нұрия Ниязова, Ғылым және білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Тимур Жұмырбаев, барлық өңірден келген Ассамблея жастарының көшбасшылары қатысты. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум қатысушыларын Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығымен құттықтап, басқосу жұмысына сәттілік тіледі. «Баршаңызды бірліктің ұйытқысы болып, еліміздегі этносаралық достық пен толеранттылықтың үлгісін әлемге танытқан Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін өздеріңізбен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов отандық фермерлермен кездесу өткізді, оның барысында мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыру талқыланды.  Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров өткен жылмен салыстырғанда көктемгі егіс жұмыстарын жеңілдікпен несиелеу көлемі рекордтық 700 млрд теңгеге дейін артқанын айтты. 2024 жылы мемлекет 580 млрд теңге бөлді. Сонымен қатар министрдің айтуынша, Үкіметтің бастамасымен 2025 жылғы жеңілдікпен несиелеуге өтінімдерді қабылдау өткен жылдың қараша айынан бастап іске қосылған. Бұған дейін «Кең дала» бағдарламасы бойынша қаражат мамыр айында, егіс қызу жүріп жатқан кезде берілетін. Фото: Ашық дереккөз

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич екіжақты ынтымақтастықтың даму қарқынын жоғары бағалап, қазақ-серб қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді. Тараптар Қазақстан Президентінің 2024 жылғы қараша айында Белградқа ресми сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды жандандырудың, соның ішінде өнеркәсіп, энергетика, құрылыс, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, көлік және логистика салаларындағы бірлескен бастамаларды нақты іске асырудың маңызын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Вучичті биыл Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырды.

Read More

Атырау қалалық әкімдігі кезектегі тұрғындарға жер телімін беруді уақытша тоқтатты. Мақсат – жеке тұрғын үй құрылысы үшін дайындалған жер учаскелеріндегі инженерлік желілерді ұрлаудың алдын алу. Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жер телімін алу кезегінде 30 мыңның шамасында адам тұр. «Қалалық әкімдік тарапынан Атырау қалалық мәслихаты тұрақты комиссиясының 2024 жылғы 11 қыркүйектегі жиынында «2007 жылы жер кезегіне тұрған азаматтарға Қайнар тұрғын үй алабынан жер учаскелерін беру» туралы ұсыныс жасалған еді. Ұсыныс мақұлданып, 2024 жылдың 1 қазанынан биылғы 12 наурызға дейін аталған тұрғын үй алабындағы 530 жер учаскесі тұрғындарға толығымен табысталды. Жер учаскесін алған азаматтар 2007 жылы жер алу кезегіне…

Read More

Қазақстанда зергерлік бұйымдарды сатуға қатысты жаңа талаптар енгізілді. Енді сынамалау таңбасы жоқ өнімдер сатылған жағдайда, заң бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.  Сауда және интеграция министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шаралар тұтынушылардың құқықтарын қорғау және зергерлік нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Енді Қазақстан аумағында сынамалау таңбасы және сынама палаталарында сараптама жүргізілгенін растайтын белгілерсіз зергерлік бұйымдарды сату мүмкін емес. Ережелерді бұзғандарға 190 мың теңгеден 580 мың теңгеге дейін айыппұл салынады. Заң қайта бұзылған жағдайда, айыппұл сомасы артады. Жаңа талаптар 2025 жылғы 13 наурыздан бастап күшіне енді.

Read More

Бүгін Қызылордада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында ел аймағынан жиналған жастар «Сыр елі – достық мекені» форумында бас қосты.  Достық үйіндегі этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездескен жастар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Kyzylorda Hub» коворкинг орталығында «Жасанды интеллект: оның мүмкіндіктері мен әлеуеті» тақырыбында бірінші секция жұмысын өткізді. Оның барысында жастар мен сарапшылар елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жастардың рөлі, кәсіпкерлік пен көшбасшылықты дамыту мүмкіндіктері, сондай-ақ жастар саясатының өзекті мәселелері туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, форум аясында «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасы Тимур Жұмырбаевтың қатысуымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті жанынан құрылған «Студенттік Ассамблея» орталығы ашылды. Ал «Болашақ» университетіндегі секциялық отырыс жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын…

Read More

Биылғы жылдың 1 мамырынан бастап қазақстандық «QazaqAir» әуе компаниясы Астана – Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша Өзбекстанға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет бейсенбі және жексенбі күндері орындалады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 42-ден 44-ке дейін артады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Read More

Әлеуметтік желіде сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әкесі Уәлихан Бишімбаев Таразда Bishimbayev University деген атаумен жеке жоғары оқу орнын ашатыны туралы ақпарат тарап кетті. Бұл ақпаратқа Ғылым және жоғары білім министрлігі жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министрлік мәліметінше, Білім туралы заңға сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы кез келген білім беру қызметі міндетті түрде лицензияланады. Бұл құзырет министрлікте. «Айтылғандарды негізге ала отырып, министрлік Bishimbayev University атауымен білім беру қызметін жүзеге асыруға лицензия берілгенін жоққа шығарады, сондай-ақ, «е-лицензиялау» ақпараттық жүйесінде тиісті өтінім болмағанын хабарлайды», — деп жазылған хабарламада. Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас…

Read More

Сауда және интеграция министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың 185 елден, соның ішінде Қазақстаннан да импортқа баж салығын енгізу туралы шешіміне пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. «АҚШ тарапынан қабылданған жаңа сауда шараларын алдын ала талдау нәтижесінде Қазақстаннан АҚШ-қа экспортталатын тауардың елеулі бөлігіне қосымша тарифтердің әсері болмайтыны анықталды. Өйткені олар АҚШ әкімшілігінің нормативтік актілерінде көзделген ерекшеліктер тізіміне енгізілген», — деп жазылған хабарламада. Ұлттық статистика бюросының мәліметтеріне сүйенсек, 2024 жылдың нәтижесі бойынша Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 4,2 млрд АҚШ доллары болады, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 4%-ға артық (4,1 млрд АҚШ доллары). Қазақстанның АҚШ-қа экспорт көлемі 2024 жылы 30,6%-ға артып, 2,0 млрд…

Read More