Бүгін Шиелі ауданы әкімінің орынбасары Арман Дүйсенбаевтың жетекшілігімен және арнайы құрылған жұмысшы топтың қатысуымен аудандағы бірқатар сауда орындарына тексеру жұмыстары жүргізілді.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік өнімінің бағасы бақылауға алынды.Сондай ақ, кәсіпкерлерге бекітілген шекті бағадан асырмау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, кәсіпкерлік жауапкершілігі туралы ескертілді.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тұрғындардың әлеуметтік жағдайын қорғау мақсатында мұндай бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.

