Автор: un_admin

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды. Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады. Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты. Сондай-ақ Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет берілді. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді. Мемлекет басшысына Marai E7 Group өндіріс алаңының қызметі таныстырылды. Кәсіпорын травматология хирургиясында және остеосинтезге…

Read More

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен облыстық қоғамдық кеңестің қорытынды отырысы өтті. Басқосуды кеңес төрағасы Әріп Хожбанов жүргізіп, оған облыстық мәслихат төрағасы, «АМАNАТ» партиясы облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, кеңес мүшелері мен басқарма басшылары қатысты. Облыс әкімі қоғамдық кеңес қызметінің маңыздылығына, алдағы жоспарларға тоқталды. «Бүгінде қоғамдық кеңестер азаматтық қоғамның мүддесін білдіретін, түрлі деңгейдегі шешімдерді талқылайтын, атқарушы органдардың ашықтығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін белді әрі әлеуеті институтқа айналды. Бұл – Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының іске асқанының толық дәлелі. Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде…

Read More

Бүгін ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен мәжіліс өтті. Күн тәртібінде орман қорына 2 млрд. және елді мекендерге 15 млн. ағаш отырғызу, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру, заңсыз қоқыс орындарын анықтау, қатты тұрмыстық қалдықты жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша жұмыс барысы талқыланды. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақта «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын іске асыру барысын баяндады. «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асырудың өңірлік кешенді жоспары бекітіліп, соған сәйкес тиісті жұмыс жүргізілуде. Бюджет қаражатынан бөлек, кәсіпкерлер демеушілігімен орталық алаңдар, демалыс орындары, ойын, спорт алаңдары қайта жаңғыртылып, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар…

Read More

Қызылордада ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаевтың, облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Ұлттық құрылтай: алдағы мақсаттар мен міндеттер» атты дөңгелек үстел өтті. Аймақ басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму барысына тоқталып, Ұлттық құрылтайдың кезекті отырысын 2026 жылы Сыр өңірінде өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Жақында ғана Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы құрылтайдың келесі 5-ші отырысын Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді ұсынды. Алқалы жиында қабылданған тарихи шешім аймақ жұртшылығының мерейін асқақтатты. Президентіміз халқымыздың «қазақ» деген байырғы атауы қайтарылған, тарихи әділдік орнаған Қызылордадағы маңызды оқиғалар ел жадында сақталуға тиіс екенін атап өтті. Бұл – біз үшін зор мәртебе,…

Read More

Спорт – бұл тек медаль үшін күрес қана емес, сонымен қатар еңбек пен әділеттілік және кәсібилікті барлық деңгейде қамтамасыз етуге бағытталған үздіксіз ізденіс. Спортта негізгі орын алатын бағыттың бірі – төрешілік, себебі жүздеген жекпе-жектің нәтижесі бір төрешінің шешіміне байланысты. Осы орайда Інжу Тұрсынәлінің өмір жолы – жеке спорттық мансаптың әлемдік джиу-джитсудағы үлкен миссияға айналғанының жарқын мысалы. Інжу Тұрсынәлі өзінің жолын қарапайым спортшы ретінде бастады. Ол джиу-джитсудан Қазақстанның екі дүркін чемпионы атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері атағын алды. Бұл жеңістер тек жеке жетістік қана емес, сонымен қатар төрешілікке бет бұрған жаңа белестің бастауы болды. 2023 жылы Інжу халықаралық аттестациядан сәтті өтіп,…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерге, кадрлық өзгерістерге орай актив отырысы өтті. Жиында аймақ басшысы Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының жаңа басшысы Еркебай Ғалымжан Бақтығалиұлын таныстырды. Ғалымжан Бақтығалиұлы 1981 жылы дүниеге келген. Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде білім алған. Еңбек жолын 1997 жылы «Шаған» агрофирмасында бастаған. Әр жылдары Қызылорда қаласының сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары бөлімдерінде жетекші маман, бас маман, сектор меңгерушісі, бөлім басшысы, «Мемлекеттік қала құрылыс кадастры» мекемесі филиалының директоры, Қазалы, Сырдария аудандары әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары лауазымдарында абыройлы еңбек етті. 2022 жылдың тамыз…

Read More

Бүгін Қызылорда қаласының сол жағалауында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланып, капсуласы салынды. Рәсімге «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, қала әкімі, жауапты сала басшылары, тұрғындар қатысты. Жалпы ауданы 3300 шаршы метрлік ғимарат құрылысына жауапты бас мердігер «РиА Сервис ЛТД», техникалық қадағалаушы «Құрылыс контроль» серіктестіктері нысанды қыркүйек айында пайдалануға беруді жоспарлаған. Мұнда тұрғындар дене шынықтырып, спорт резерві даярланады және жоғары білікті спортшылардың оқу-жаттығу процесі ұйымдастырылады. Кешеннің басты ерекшелігі – мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасалатындығында. Жобаның мақсаты – тек дене шынықтыру мен сауықтыру ғана емес, тұрғындар, соның…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен денешынықтыру- сауықтыру кешенін салу жобасы бойынша жиын өтті. Оған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева, жауапты сала басшылары, зиялы қауым өкілдері және қордан балаларының еміне көмек алған ата-аналар қатысты. Басқосуда Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры және «Р и А Сервис ЛТД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасында денешынықтыру-сауықтыру кешенін салу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды. Аймақ басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қорымен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен жобалар қолға…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Ұлттық нейрохирургия орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Серік Ақшолақовпен кездесті. Кездесуде медицинада, оның ішінде нейрохирургия саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар талқыланды. Қызылорда облысында 25 төсек-орынға арналған нейрохирургиялық бөлімше тұрғындарға қызмет көрсетеді, 11 нейрохирург маман бар. Бір жылда 6 түрлі күрделі нейрохирургиялық ота тәжірибеге енгізілсе, биыл да осынша жаңашылдық жоспарлануда. Соңғы үш жылда 4 аудандық, Байқоңыр қалалық ауруханасы, облыстық және қалалық көпбейінді ауруханалар 7 КТ аппаратымен қамтамасыз етілсе, көпбейінді облыстық ауруханаға 1 МРТ аппараты қойылды. Аймақ дәрігерлері 658 нейрохирургиялық ота жасаған. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында 27 нысан салу көзделген. Ұлттық…

Read More

Бүгін республикалық жастар форумына қатысушылар Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ботаникалық бағындағы тал егу акциясына қатысты. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шара барысында әр өңірден келген делегациялар көшет отырғызды. Форум қатысушылары табиғатты, қоршаған ортаны қорғау, жауапкершілікті арттырудың маңыздылығына тоқталды. Жастардың экологиялық мәдениетін көтеру, айналаны ластамауды насихаттау үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін айтты. Еске салайық, аймақта Қазақстан Халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған форум өтуде. Ертең қатысушылар Байқоңыр ғарыш айлағына барып, зымыранның ұшу сәтін тамашалайды. Ғарыш саласының даму кезеңдерімен, жетістіктерімен, тұңғыш ғарыш айлағының тарихымен танысу үшін музейге саяхаттайды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының және «Ассамблея жастарының» туларын ғарышқа жіберу үшін ресми тапсырады. Сондай-ақ,…

Read More