Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Семейде сайлау болады
Аймақ жаңалықтары

Семейде сайлау болады

20.09.2025524 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Абай елі бұрыннан тұңғыштардың мекені рас. Семей – Алаштың алғашқы астанасы, қазақ футболы осы жерден бастау алды, алғашқы театр Ойқұдықта қойылды. Бұл жолы тағы да алғашқы үлкен қадам Семейде басталып отыр. Ол облыс орталығы – қала әкімін сайлау науқаны.

12 қазан күні семейліктер қала әкімі сайлауында өз таңдауын жасайтын болады. Бұл – еліміздегі қала әкімдері тікелей сайланатын алғашқы сайлау. Бастапқыда сайлауға қатысуға сегіз кандидат ниет білдірген болатын. Алайда, үш үміткер Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Абай облысы бойынша департаментінің талаптарына сай емес болып шықты. Ал тағы бір кандидат өз еркімен кандидатурасынан бас тартыпты деп естідік.

– Бұл елімізде тұңғыш рет өткізіліп жатқан облыс орталығындағы қала әкімінің сайлауы. Былтыр екі аудан – Курчатов қаласында және Абай ауданында сынақ жоба ретінде аудан әкімдерін сайлау науқаны өткен. Бірақ 2025 жылы 1 қаңтардан бастап бұл заң күшіне еніп, тұнғыш рет облыс орталығында сайлау өткізіліп отыр. Басқа ешқандай ерекшелік жоқ, алгоритмі барлық сайлаулармен бірдей, – дейді Семей қаласының аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлжан Қуанышева.

Осылайша, аумақтық сайлау комиссиясына төрт үміткер тіркелді. Олар Айболат Бекжасаров, Әділет Қожанбаев, Қуаныш Төлеуов, Қанат Шапатов. Кандидаттары қысқаша таныстыра кетсек, 1. Шапатов Қанат Мұратұлы – Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы директоры (1971 жылы туған, Семей қаласында тұрады); 2. Төлеуов Қаныш Мақсұтұлы – Геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры (1972 жылы туған, Семей қаласында тұрады); 3. Бекжасаров Айболат Қайркешұлы – уақытша жұмыссыз (1963 жылы туған, Семей қаласында тұрады); 4. Қожанбаев Әділет Нұрсағатұлы – Көкпекті ауданының әкімі (1980 жылы туған, Көкпекті ауылында тұрады). Сонымен тіркелген кандидаттарға өз бағдарламаларын сайлаушыларға таныстыру үшін 11 қазан, түнгі сағат 12:00-ге дейін уақыт берілді. 11 қазан күні кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады.

– 16 қыркүйектен 18:01-ден осы 4 кандидат үгіт-насихат жұмыстарын бастай беруге құқылы. Үгіт-насихат, кездесу орындары барлығы қала әкімдігінің сайтында көрсетілген. Әрбір кандидаттың өзінің штабы жұмыс істейді. Сол штаб қалай жұмыс істейді, үгіт-насихат солай жүреді, – деді Г. Қуанышева.

Сайлау күні Семей қаласында 128 сайлау бөлімшесі жұмыс істейді. Оның 110-ы ашық, 18-і жабық. Қазір осы учаскелерде дайындық жұмыстары жүріліп жатыр. Сайлауға шамамен 220 мың сайлаушы қатысады екен.

Бақытбек ҚЫДЫР

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025429 Views

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025839 Views

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025796 Views
Соңғы жаңалықтар

«18 жастағы сенсация»: «Қайраттың» қақпашысы Шерхан Қалмұрза әлем назарын аударды

03.10.2025

Абай облысында қарияларға құрмет көрсетілді

03.10.2025

Семейдегі 30 аула жаңа кейіпке енді

03.10.2025

Мұнайлы өңірдің мүмкіндігі

03.10.2025

Қазақстанда тұмауға қарсы жаппай вакцинация басталды

03.10.2025

Трамп америкалықтарға 1 трлн доллар үлестіруі мүмкін

03.10.2025

Импортқа тәуелділік азайса игі

03.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.