Журналист Асхат Ниязов белгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың ұлы Эльдар Айтматовпен сұхбаттасып, Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаев пен Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа қатысты ел арасында айтылып жүрген әңгімелер туралы сұрады, деп хабарлайды kznews.kz. Әңгіме барысында журналист Эльдар Айтматовтан кезінде Шыңғыс Айтматов Асқар Ақаевтың билікке келуіне ықпал етті деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады. Эльдар Айтматов бұл деректің шындыққа жанаспайтынын айтты. Оның сөзінше, Асқар Ақаевты билікке әкелгендер – сол кездегі партия қайраткерлері. «Бұл толықтай шындыққа сәйкес келмейді. Менің білуімше, Асқар Ақаевтың кандидатурасын сол кездегі партия өкілдері өздері ұсынған. Әкем бұл процеске қатыспаған, тіпті Ақаевтың ұсынылғанын да білмеген», – деді ол. Эльдар Айтматовтың айтуынша, Шыңғыс…
Автор: un_admin
Кеген ауданында полицейдің жанып кеткен мәйітінің табылу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды kznews.kz. 23 маусым күні полицияға таулы аймақтан мәйіттің табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде жедел-тергеу тобы шықты. Қаза болған адамның жеке басы анықталды. Оның полиция қызметкері болғаны расталды. «Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер, оның ішінде марқұмның жұбайы мен ұлы ұсталды. Барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға Алматы қаласында орын алғанын атап өтеміз», — делінген хабарламада. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
1-шілдеден бастап күшіне енетін Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес мемлекеттік билік жүйесінде бірқатар институционалдық өзгерістер орын алады. Сол өзгерістердің ішінде қазіргі Үкіметтің құқықтық мәртебесі мен оның өкілеттігін тоқтату тәртібі ерекше назар аудартып отыр. Ел ішінде 1-шілдеден бастап Парламент палаталарының жұмысы тоқтап, атқарушы билік бұтағы — Үкімет те отставкаға кетеді деген түсінік бар. Осы жерде жоғарғы билік эшолонындағы өзгерістер туралы дәйекті ақпараттар жұрт арасына толықтай жетпей жатқаны байқалады. Әрине, заңдық негізде жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін Парламент жұмысы тоқтайтыны бұған дейін айтылған болатын. Бұған нақты жауапты 26-маусым күні болатын Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырысынан кейін алатын шығарамыз. Ал біріккен отырыстың шақырылғаны…
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды. Өкімге сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 26 маусым күні сағат 10:00-де Астана қаласында өтеді. Құжатта бұл шешімнің Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы, 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қабылданғаны көрсетілген. Әдетте, Парламент палаталарының бірлескен отырыстарында әдетте республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептері қаралады, сондай-ақ мемлекет үшін маңызды заңнамалық және саяси мәселелер талқыланады. Ал 26-маусымдағы отырыстың нақты күн тәртібі әзірге жарияланған жоқ. Алайда, саяси сарапшылар оның барысында бюджетке қатысты есептер мен өзекті мемлекеттік мәселелердің қаралуын жоққа шығармайды. Ал ел аузында Парламентінің бірлескен осы отырысы……
Брюссельде Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер іскерлік орта өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан – ЕО» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушылар алдында сөз сөйлеп, Қазақстан мен ЕО арасындағы қарым-қатынас шынайы стратегиялық сипатқа ие болғанын атап өтті. – Бүгінде Еуропалық Одақ еліміздің ең ірі сауда және инвестициялық серіктесі саналады, оның үлесіне Қазақстанға шет елден тікелей тартылған инвестицияның жартысына жуығы тиесілі. Тек өткен жылдың өзінде екіжақты тауар айналымы 45 миллиард доллардан асты. Бұл жетістік халықаралық деңгейде мойындалды. БҰҰ Сауда және даму ұйымының (ЮНКТАД) дүниежүзілік инвестициялар туралы соңғы есебіне сәйкес, Қазақстан шет елден тікелей инвестиция тарту бойынша Орталық Азияда бірінші орынға ие, сондай-ақ посткеңестік кеңістік…
Ақтау теңіз портында кеме қатынасының қауіпсіздігін арттыруға және Транскаспий халықаралық көлік бағытының (ТХКБ) өткізу қабілетін ұлғайтуға бағытталған Ақтау порты акваториясын тереңдету жобасын іске асыру жалғасуда. Бүгінгі таңда жобаны іске асыру үшін қажетті геодезиялық зерттеу жұмыстарын және алынған деректерді өңдеу аяқталды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Дайындық кезеңі аясында арнайы тереңдету жұмыстарын жүргізетін флот, басқа да техникалар мен жабдықтар жұмылдырылып жатыр. Сонымен қатар, учаскеде қоршау бөгетін салу жұмыстары жалғасады. Қазіргі уақытта жалпы ұзындығы 785 метр болатын құрылыстың 680 метрі салынды. Негізгі тереңдету жұмыстарын ағымдағы жылдың шілде айының екінші жартысында бастау жоспарланған. Жобаны 2026 жылдың соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Жұмыстардың нәтижесінде порт…
Өңірде Мемлекет басшысының жер ресурстарын тиімді пайдалану, пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару және оларды қайта айналымға енгізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Өткен 3 жылда облыста 1 млн 256 мың гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі. Қайтарылған жер учаскелері толығымен қайтадан ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді. «Қайтарылған жерлердің бір бөлігі ауыл шаруашылығы өндірісіне берілсе, тағы бір бөлігі елді мекендердің жайылымдық қорын кеңейту мақсатында резервке қойылады. Биыл 30 мың гектар жерді қайта айналымға енгізу және 40 мың гектар жерді жайылымдық қор ретінде резервтеу жоспарланған. Бұл шаралар ауылдық жерлердегі жайылым…
«Қазсушар» РМК-ның су шаруашылығы нысандарында шағын гидроэнергетиканың әлеуетін арттыру жөніндегі бекітілген Жол картасы аясында кәсіпорын шағын ГЭС салуға арналған 32 нысанды іріктеп алды, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі. Қазіргі уақытта Қарағанды облысындағы Самарқанд су қоймасында, Ақтөбе облысындағы Қарғалы су қоймасында және Абай облысындағы Қаракөл су қоймасында шағын ГЭС салуға арналған жобалау-сметалық құжат әзірленіп жатыр. Сонымен қатар кәсіпорын тағы 23 жоба бойынша қажетті құжатты әзірлеу үшін есептеулер жүргізуде. Жол картасы аясындағы басым нысандар ретінде Қостанай облысындағы Қаратомар және Жоғарғы Тобыл су қоймалары, Жетісу облысындағы «Аяқ-Құншан» магистральдық каналы және Түркістан облысындағы Үлкен Келес магистральдық каналы айқындалды. Еңбекшіқазақ ауданындағы Үлкен…
2026 жылдың басынан бері әлеуметтік инспекторлар мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласында 485 тексеру жүргізді. Оның ішінде 212-сі жоспардан тыс, 167-сі профилактикалық бақылау аясында, ал 106-сы прокуратура органдарының талабы бойынша өткізілді. Тексеру нәтижесінде анықталған бұзушылықтарды жою туралы 303 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 38,9 млн теңгеден асатын 185 айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Мемлекеттік бақылаумен 56 мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар, 23 денсаулық сақтау нысандары, 94 білім беру ұйымдары, 238 әлеуметтік қорғау ұйымдары, 12 мәдениет, 1 спорт нысаны, 3 көлік инфрақұрылымы нысандары, 5 қоғамдық тамақтану орындары, 29 сауда және 24 өзге…
2026–2028 жылдарға арналған автомобиль жолдары саласын дамытудың үш жылдық жоспары аясында Қазақстанда республикалық маңызы бар автомобиль жолдары желісін ауқымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылы республикалық маңызы бар автожолдардың шамамен 8,9 мың шақырымы жол жұмыстарымен қамтылды, бұл – соңғы жылдардағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Жалпы алғанда, еліміз бойынша барлық деңгейдегі 11 мың шақырымнан астам автожол қамтылып отыр. Жұмыстар бірнеше бағытта жүргізілуде: халықаралық көлік дәліздерін реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу, сондай-ақ жаңа магистральдар салу. Жобалардың қатарында II техникалық санаттағы «Қызылорда – Жезқазған» (400 км) автомобиль жолын реконструкциялау жобасы бар. Жұмыстар 2025 жылдың сәуір айында басталды. Қызылорда облысындағы…
