Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Абай мұрасы Қазақстан мен әлем елдерінде кеңінен насихатталып келеді
Жаңалықтар

Абай мұрасы Қазақстан мен әлем елдерінде кеңінен насихатталып келеді

10.08.2026536 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгін елімізде Абай күні аталып өтіп жатыр. Биыл ұлы ақын, ойшыл, ағартушы әрі композитор Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толды. Абайдың шығармашылық және философиялық мұрасы ұлттық мәдениетімізден айрықша орын алған. Ақынның шығармалары мен тағылымды ойлары әдебиет пен музыкада, театр сахнасында, музей ісі мен білім саласында кеңінен насихатталып, халқымыздың рухани қазынасына айналды, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Бүгінде еліміздегі 33 елді мекен Абай есімімен аталады. Қазақстанның әр өңірінде Абай атындағы 1231 көше, даңғыл және өзге де нысан мен 125 мекеме бар.

Ақынның аты еліміздегі бірқатар мәдениет және білім ошағына берілген. Олардың қатарында Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры, Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театры, Абай атындағы облыстық әмбебап кітапхана және Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бар. Алматыдағы Абай ұлттық мектебінің оқу-тәрбие жұмысына «Толық адам» ілімі арқау болған.

Ұлы ойшылға деген құрмет ескерткіштер мен мүсіндер арқылы да айшықталған. Қазақстанда Абайға арналған 55 нысан бар. Оның 27-сі – ескерткіш, 28-і – бюст. Мұндай нысандар еліміздің барлық дерлік аймағында кездеседі. 1961 жылы Алматыда қойылған Абай ескерткіші республикалық маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген. Оннан астам нысан жергілікті маңызы бар ескерткіш санатына жатады.

Абай мұрасы әлемнің көптеген елінде де кеңінен танылған. Ойшылға арналған ескерткіштер, бюсттер мен өзге де нысандар 20-дан астам мемлекетте қойылған. Атап айтқанда, олар Ресей, Германия, Франция, Италия, Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Бразилия және Орталық Азия елдерінде орналасқан. Рио-де-Жанейродағы Абай бюсті – Солтүстік және Оңтүстік Америка құрлығында ойшылға арналған алғашқы нысан.

Әлемнің қалаларында да Абай есімі ұлықталған. Кемінде тоғыз қалада ақын атындағы көшелер бар. Оның есімі Қырыққале және Ыстанбұлда даңғылдар мен алаңдарға, Ереван және Түркияның бірнеше қаласында саябақтарға берілген.

Абай мұрасын танытатын мәдени-ағартушылық орталықтар шетелде де бар. 2025 жылы Ош қаласында Абай музейі ашылып, бір көшеге ақынның есімі берілді. Қазанда Абай атындағы Қазақ тілі мен мәдениетінің ғылыми-білім беру орталығы, Бішкекте Абай атындағы Қырғыз-қазақ мәдени орталығы және Түркияның Конья қаласында Абай үйі ашылған.

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында Абай күніне арналған түрлі іс-шаралар өтіп жатыр. Республика бойынша концерттер, әдеби-сазды және поэзия кештері, көрмелер, сондай-ақ танымдық жобалар ұйымдастырылады. Музейлер мен білім ошақтарында да Абай мұрасын дәріптейтін мазмұнды іс-шаралар бар. Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс орталықтарында ұлы ойшылдың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылады.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202692 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.