Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды
Жаңалықтар

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

10.08.2026547 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Қазақстанда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымы жыл сайын кеңейіп келеді. Су ресурстарын ұтымды пайдалану және суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында өңірлерде тамшылатып және жаңбырлатып суару технологияларымен қамтылған алқап көлемі артып, заманауи әрі қолжетімді суару жүйелері енгізілуде. Жетісу облысында соңғы төрт жылда заманауи суару технологияларымен қамтылған жер көлемі 4,6 есеге, яғни 34 мың гектарға ұлғайды. Қазіргі таңда аталған технологиялар 43,1 мың гектар алқапта қолданылып отыр. Бұл өңірдегі суармалы жерлердің 20,5%-ын құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Биыл 33 ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші 9,4 мың гектар алқапқа заманауи суару жүйелерін енгізді. Жалпы 43,1 мың гектардың 16,9 мың гектары тамшылатып суаруға, ал 26,2 мың гектары жаңбырлатып суаруға тиесілі.

«Агрохолдинг Жетісу» ЖШС 1375 гектар алқапқа жаңбырлатып суару технологиясын енгізді. Шаруашылықта 26 ұңғымадан су алатын 26 заманауи жаңбырлатқыш қондырғы жұмыс істейді. Қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында жалпы сыйымдылығы 180 мың текше метрден асатын алты су жинақтаушы резервуар салынды. Сонымен қатар 40 шақырымнан астам электр желісі тартылып, трансформаторлар мен электр беру желілерінің тіректері орнатылды.

«Біздің өңірде ірі өзендер жоқ. Сондықтан сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі — жерасты сулары. Автоматтандырылған басқару жүйесі суару уақытын және оның қарқындылығын реттеуге, сол арқылы ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дәстүрлі суару әдісімен салыстырғанда су шығыны 20–30 есеге дейін азаяды», – дейді шаруашылық басшысы Ермек Толыбаев.

Мемлекеттік қолдау саланы технологиялық жаңғыртуды кеңейтудің негізгі факторларының бірі болып қала береді. Осы бағыттағы қосымша құралдардың бірі – «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның жеңілдетілген шарттармен су үнемдеу технологияларына арналған жабдықтарды сатып алуға мүмкіндік беретін лизингтік бағдарламасы.

Тамшылатып және жаңбырлатып суарумен қатар, облыста полиэтилен құбырларын пайдалану арқылы дискретті суару технологиясы да дамып келеді. Бүгінде бұл технология 35 шаруа қожалығында 3,7 мың гектар алқапта қолданылуда.

«Jetisu agro complex» ЖШС 1150 гектар алқаптың барлығына дискретті суару технологиясын енгізді. Шаруашылық басшылығының айтуынша, бұл технология суару суын 30–40 пайызға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар еңбек шығындары да азаяды.

Кәсіпорын жаңбырлатып суару технологиясын қолдану ауқымын да ұлғайтып келеді. Келесі жылы 12 жаңбырлатқыш қондырғының көмегімен 500 гектар алқапты қамту жоспарланып отыр.

Саланы одан әрі дамыту аясында заманауи суару технологияларымен қамтылған жер көлемін едәуір ұлғайту міндеті қойылды.

2030 жылға қарай Жетісу облысында бұл көрсеткішті 175,2 мың гектарға жеткізу жоспарланып отыр. Ал биыл заманауи суару технологияларымен қамтылған алқап көлемі 79,2 мың гектарға дейін ұлғайтылуы тиіс. Оның ішінде 43 мың гектар тамшылатып суару, 36,2 мың гектар жаңбырлатып суару технологияларының есебінен қамтылады.

Су үнемдеу технологияларын қолдану ауқымын кеңейту суармалы жерлердің тиімділігін арттыруға, судың ысырап болуын азайтуға және өңірдің ауыл шаруашылығын тұрақты дамытуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

10.08.2026259 Views

Тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2026281 Views

Абай мұрасы Қазақстан мен әлем елдерінде кеңінен насихатталып келеді

10.08.2026535 Views
Соңғы жаңалықтар

Жетісу облысында су үнемдеу технологияларымен қамтылған алқап көлемі 4,6 есеге ұлғайды

10.08.2026

Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

10.08.2026

Тамыз ҰБТ-сы басталды

10.08.2026

Абай мұрасы Қазақстан мен әлем елдерінде кеңінен насихатталып келеді

10.08.2026

Қазақстанда цифрландыру медициналық көмек алуды жеңілдетті

10.08.2026

Қызылордадағы жаңа газ жылу электр станциясы 500 млн кВт·сағат электр энергиясын өндірді

10.08.2026

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күнімен құттықтады

10.08.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.