Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.
Автор: un_admin
Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев Сырдария ауданына жұмыс сапары барысында Бесарық ауылындағы №12 аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жұмысымен танысты. Спорт кешенінде дзюдо, бокс және таэквондо үйірмелері жұмыс істейді. Қазір мұнда 180 адам спортпен тұрақты шұғылданады. Мекемеде 18 қызметкер еңбек етеді. Одан кейін аймақ басшысы ауылдың орталық алаңында тұрғындармен кездесіп, шағын өндірістік орталық пен ауылдық мәдениет үйінің жұмысын көрді. Жұртшылықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, Бесарық ауылын одан әрі дамытуда атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының бастамасымен ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» бағдарламасы Бесарық ауылында сәтімен жүзеге асуда. Мұнда «Абай-Дәулет» серіктестігінің демеушілігімен фри картобын өндіретін…
Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, 2026 жылдың І жартыжылдығы қорытындысымен аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесулері Аққыр, Жаңаталап, Мақпалкөл, Мәдениет және Мырзабай ахун ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесу барысында аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында атқарылған жұмыстар мен алдағы кезеңге жоспарланған жобалар туралы баяндады. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлері тыңдалып, елді мекендерді дамытуға бағытталған бастамалар мен алдағы жұмыстар жан-жақты талқыланды. Аққыр ауылында биыл 3 көшеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, толық аяқталды. Жаңаталап ауылдық округінде көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізу үшін каналдар қазылды. Елді мекенді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында 3 техникалық су ұңғымасы бұрғыланды.…
Аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың халықпен кездесулері Бұқарбай батыр, Таң және Ақсу ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесуде аудан әкімі 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарылған жұмыстардың қорытындысын таныстырып, алдағы кезеңде жүзеге асырылатын жобалар мен міндеттерге тоқталды. Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныс-пікірлері назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, халық сұранысына сәйкес жаңа жобалар кезең-кезеңімен іске асырылатынын жеткізді. Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес, Үкіметтің қолдауымен және облыс әкімінің бастамасымен ауданда инфрақұрылымдық және әлеуметтік бағыттағы бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Осы жұмыстар аясында елді мекендерді абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, газдандыру және жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен іске асырылып келеді. Бұқарбай батыр ауылында бұған дейін 11 көшеге асфальт төселіп, ауылдың жол…
Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар жөніндегі есепті кездесуі Жаңадария ауылынан басталып, Аламесек, Еңбек, Аққұм ауылдық округтерінде жалғасты. Кездесулер барысында аудан әкімі жалпы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға кеңінен тоқталып, алдағы жоспарларды атап өтті. Сондай-ақ, ауыл тұрғындарының ұсыныс-пікірлерін тыңдап, алда атқарылар шаруаларды бірлесе талқылады. Жиын соңында тұрғындар ауылдық округтер бойынша жүзеге асқан нақты істерге оң бағасын берді. Айта кетейік, биыл Жаңадария елді мекенінің 2 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Есет батыр ауылындағы тұрғын үй секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту мақсатында электр желілерінің құрылысы жүргізілді. Бүгінгі таңда ауыз су жүйесін жаңғырту және кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Еңбек…
Қазақстанның кең байтақ даласы, асқар таулары, айдын көлдері мен таңғажайып шатқалдары – әлемнің кез келген саяхатшысын таңдандыруға лайық табиғи мұра. Алайда осынау көркем мекендерді халықаралық аудиторияға кеңінен таныту үшін оларды жаңа қырынан көрсетіп, заманауи форматта насихаттау маңызды. Бүгінде бұл міндетті жүзеге асырудың ең ықпалды құралдарының біріне әлеуметтік желілер айналды. Ерекше ракурстан түсірілген бір ғана бейнеролик миллиондаған көрерменнің назарын аударып, Қазақстанға деген қызығушылығын оята алады. Осындай контент арқылы еліміздің көрікті жерлерін шетелдік аудиторияға танытып жүрген авторлардың бірі – тревел-блогер Дастан Мұхамедрахым. Жақында ол блогерлер әлеміндегі «Оскар» саналатын WIBA Awards халықаралық сыйлығында «Әлемнің үздік тревел-блогері» атанды. Бүгінде Дастан әлемге танымал контент авторлары…
Журналистерге Президенттің БАҚ саласындағы сыйлығы мен гранты табысталды, деп хабарлайды kznews.kz. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы сыйлығы: 1. «Time kz» желілік басылымының бас редакторы – Руслан Фанилевич Бахтигареевке; 2. «Egemen Qazaqstan» газетінің Ақмола облысындағы меншікті тілшісі – Байқал Қайырлыұлы Байәділге; 3. «NewTimes kz» ақпарат агенттігінің фототілшісі – Әлібек Әбдубәкірұлы Ибраевқа; 4. «Qazaqstan» телеарнасы ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясы директорының орынбасары – Қайрат Жанатұлы Мұсақұловқа берілді. Қазақстан Республикасы Президентінің БАҚ саласындағы гранты: 1. «Baq kz» ақпарат агенттігінің аға тілшісі – Олжас Адайға; 2. «Хабар» агенттігі ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар қызметінің редактор-сарапшысы – Ботагөз Бейсенбайқызы Айтжановаға; 3. контентмейкер, креативті индустрияны дамыту жобаларының авторы – Жазира Жомартқызы Байдалыға; 4.…
Президент тапсырмасымен биыл алғаш рет облыстарда жұмыс істейтін журналистерге де пәтер кілті табысталады. Мемлекет басшысы журналистика саласында қай кезде де ұлт мүддесін бәрінен биік қоятын, парасатты, нағыз отаншыл тұлғалар қызмет еткенін атап өтті. – Олар халықтың сана-сезімін оятып, елдің еңсесін көтеруге зор үлес қосты, ағартушылықпен айналысып, халықты білім мен ғылымға шақырды. Сіздер де аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келесіздер. Баршаңызға тағы да зор алғыс айтамын. Мемлекет медиа саласы қызметкерлерін әрдайым қолдайды, олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса мән береді. Баршаңызға мәлім, жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында тілшілер қауымына пәтер кілтін табыстау жақсы дәстүрге айналды. Соңғы үш жылда Астана қаласында…
Ұлттық ұлан сарбазы Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі Астана қаласында өтеді, деп хабарлайды SMARTNEWS.KZ. Марқұмның жақындары қаралы жиындардың уақыты мен өтетін орнын хабарлады. Туыстарының әлеуметтік желідегі мәліметінше, Ербаян Мұхтармен қоштасу рәсімі 25 маусым күні сағат 19:00-де «Гауһартас» банкет залында өтеді. Мекенжайы: Е. Серікбаев көшесі, 11. Ал жаназа намазы 26 маусым күні сағат 10:00-де Мұса Жалел көшесі, 93 мекенжайында орналасқан Шейх Құнта қажы мешітінде оқылады. Сол күні сағат 11:00-де «Бастау» банкет залында ас беріледі. Өтетін орны: Дмитрий Карбышев көшесі, 50. Еске салайық, Ербаян Мұхтардың қайтыс болғаны 24 маусымда белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, өлімнің тікелей себебі ауыр бас-ми жарақаты мен одан кейінгі…
Мемлекет басшысы БАҚ саласы қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент ең алдымен бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерін мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. – Бұл кәсіби мерекенің ел өмірінде алатын орны айрықша. Себебі журналистер қауымы – ең алдымен қоғамның жаршысы әрі шынайы жанашыры. Сіздер әрдайым халықтың көкейінде жүрген өзекті мәселелерді көтеріп, жұрт мүддесіне адал қызмет етіп келесіздер. Қазіргі жаһандық технология дамыған заманда азаматтарға жедел, сапалы әрі шынайы ақпарат тарату, ұтымды сараптама ұсыну да журналистер қауымына жүктелген абыройлы міндет саналады. Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін,…
