Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті
Жаңалықтар

Skills Enbek платформасында 99 мыңнан астам қазақстандық оқудан өтті

10.08.2026261 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
2026 жылдың қаңтар-шілде айларында 99,5 мың қазақстандық Skills Enbek кәсіби оқыту платформасында онлайн курстарды сәтті аяқтап, сертификат алды. Платформа жұмысын бастағалы бері 1,3 миллионнан астам адам тіркелген. Тек биылдың өзінде оқуға 143,4 мың адам қосылды. Ал платформада берілген сертификаттардың жалпы саны 1,29 миллионға жетті, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2026 жылдың алғашқы жеті айында оқуды аяқтағандардың арасында әйелдер саны басым – 56 804 адам. Ерлер саны – 42 337 адам. Оқуға ең белсенді қатысып жүргендер – 36-50 жас аралығындағы азаматтар. Оқуды аяқтағандар саны бойынша Түркістан облысы алдыңғы орында – 10 073 адам. Одан кейін Қызылорда облысында – 9 110, Алматы облысында – 7 891, Алматы қаласында – 7 531 адам тіркелген.

Мұнда әлеуметтік осал топтарға жататын азаматтарды оқытуға да ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері курстарды аяқтағандардың 38,2 мыңы – жұмыссыз азаматтар. Оның ішінде 16-34 жас аралығындағы 10,2 мың жас бар.

Қазір Skills Enbek платформасында 636 онлайн курс ұсынылған. Оның 446-сын тегін оқуға болады. Курстардың ұзақтығы 2 сағаттан 80 сағатқа дейін созылады. Платформада өз курстарынан бөлек, серіктес ұйымдардың, соның ішінде Fluent Education және «Яндекс Қазақстан» компанияларының оқу бағдарламалары да қолжетімді.

Пайдаланушылар арасында ең көп сұранысқа ие курстардың қатарында:

  • «Кассир» – 12 007 сертификат берілген;
  • «Қаржылық сауаттылық курсы» – 4 595 сертификат;
  • «Қозғалысы шектеулі адамдарды алып жүруге арналған жеке көмекшінің кәсіби курсы» – 2 765 сертификат;
  • «Әлеуметтік жұмысқа кіріспе» – 2 072 сертификат.

Skills Enbek жүйесінде инклюзивті білім беруді дамытуға да ерекше мән берілген. Есту қабілеті бұзылған адамдар үшін ымдау тілін және жасанды интеллектті пайдалана отырып, тігін негіздерін үйрететін арнайы курс әзірленді. Аталған курсқа 302 адам қатысып, 132 қатысушы оқуын сәтті аяқтады.

Сонымен қатар платформада VR технологияларын енгізу жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл технологиялар еңбек қауіпсіздігі бойынша практикалық дағдыларды қауіпсіз жағдайда меңгеруге, өндірістегі ықтимал қауіптермен танысуға және түрлі жұмыс жағдайларында дұрыс әрекет етуді үйренуге мүмкіндік береді.

Пилоттық жоба аясында Астана мен Шымкент қалаларының тұрғындары «Еңбекті қорғау» курсы бойынша VR-технологияларды пайдалана отырып, практикалық сабақтардан өтті. Оқу қорытындысы бойынша 242 адам практикалық тапсырмаларды сәтті орындап, сертификатқа ие болды.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.