Автор: un_admin

Қостанай облысында салынуы жоспарланған астықты терең өңдеу, алюминий шығару бойынша зауыттарын, газ-химия кешенін және ыстық брикеттелген темір өндіру зауытын және басқа да жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «КС-14 жаңа компрессорлық станциясының құрылысы және «КС-14–Қостанай» магистральдық газ құбыры» жобасын іске асыру жүргізілуде. Бұл жоба Катар мемлекетімен жасалған Үкіметаралық келісім шеңберінде катарлық инвестормен бірлесіп іске асырылады. Бұл жайлы ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді. Сонымен қатар бүгінде «Бейнеу–Бозой–Шымкент» магистральдық газ құбырының екінші желісінің бірінші кезеңін іске асыру жүргізілуде. Бұл жоба да катарлық инвестормен бірлесіп жүзеге асырылуда. «Ағымдағы жылдың соңына дейін қуаттылығы жылына 10 млрд текше метрге дейінгі…

Read More

Ел бойынша тауарлық газдың ішкі тұтынуының өсуін, сондай-ақ жаңа инвестициялық жобаларды қажетті газ көлемімен қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында берген меншікті қаражат есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын жандандыру және көмірсутектер бойынша жаңа кен орындарын игеруді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде Министрлік «Самұрық-Қазына» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, ҚР көмірсутектер бойынша жаңа перспективалы кен орындарын 2035 жылға дейін игеру жоспарына қол қойды. Жоспар Қазақстанның жаңа перспективалы мұнай және газ кен орындарын игерудің жүйелі және кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын тетігін көздейді, бұл көмірсутектердің ресурстық базасын тұрақты түрде ұлғайтуға мүмкіндік береді. ҚР энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев ОКҚ алаңында…

Read More

Қозыбаев университетінің ғалымдары мен студенттері Солтүстік Қазақстандағы ежелгі «Ақ-Ирий» қалашығында жүргізілген биылғы археологиялық маусымның жұмыстарын аяқтады. 17 күнге созылған экспедиция барысында көптеген құнды деректер мен тың жаңалықтар жинақталды, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Қоныс Солтүстік Қазақстан облысындағы Долматово ауылының маңында биік үшбұрышты мүйісте орналасқан, үш жағынан 40 метрлік өзен жартастарымен қорғалған, ал екінші жағынан қорған бекіністерімен бөлінген. Ғалымдардың пікірінше, нысан қорғаныс қызметімен қатар діни рәсімдер өткізуге, шаруашылық жүргізуге, сауда қатынастарын дамытуға және шекаралық бақылауды жүзеге асыруға пайдаланылған. Археологтар бұл нысанда 22 жылдан астам уақыт бойы зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. Осы кезеңде өңірді мекендеген тұрғындардың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінен сыр шертетін көптеген құнды жәдігерлер…

Read More

Мемлекет басшысы Черногорияны Қазақстанның Балқан түбегіндегі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атады. Сонымен қатар ел басшылығының Еуропа Одағына мүше болуды көздеген сындарлы әрі дәйекті саясатына жоғары баға берді. – Президент мырза, Сіз реформаларды ілгерілетіп, Еуропа Одағы мүшелігіне үміткер саналатын Черногорияның позициясын нығайтуда маңызды рөл атқарып келесіз. Осы ұлттық стратегиялық мақсатқа жету жолында табыс тілейміз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент Қазақстанның Черногориямен серіктестік қарым-қатынасты жандандыруға ниетті екенін жеткізіп, соңғы жылдары тұрақты сипат алған жоғары деңгейдегі саяси байланыстардың арқасында ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Подгорицада Қазақстан Бас консулдығының ашылуы Астананың екіжақты байланыстарды барынша кеңейтуге бейіл екенін көрсетеді. Осы орайда…

Read More

Бүгін «Өнер орталығында» Медицина қызметкерлері күніне арналған «Ұлт саулығын ұлықтаған дәрігер» атты салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұртөре Жүсіп, Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым өкілдері және сала ардагерлері қатысты. Аймақ басшысы ұлт саулығын нығайтуда қажырлы еңбек етіп жүрген ақ халатты абзал жандарды құттықтады. «Денсаулығымыздың қорғаны, адам жанының арашасы, мейірім мен ізгіліктің жаршысы болған ақ халатты абзал жандардың еңбегі қашанда елеулі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Ұлт саулығы – еліміз үшін бәрінен қымбат құндылық. Сондықтан медицина саласын дамыту мемлекеттің стратегиялық міндеті саналады. Осы орайда, дәрігердің ел өміріндегі орны айрықша екені…

Read More

​Бүгін «Достық үйінде» ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Президент сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының құрметті азаматы Нұртөре Жүсіптің «Жүректегі жапырақ» атты кітабының таныстырылымы өтті. ​Оған облыс әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов, Сенат депутаттары Бекбол Орынбасаров, Амангелді Есбай, зиялы қауым өкілдері және оқырмандар қатысты. ​ Іс-шарада депутаттар сөз сөйлеп, Қазақстан Жазушылар одағы Қызылорда облыстық филиалының өкілі Қаршыға Есімсейітова кітаптың көркемдік және тағылымдық мәніне тоқталды. Сондай-ақ Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің студенттері жыр шумақтарын оқып, кеш мазмұнын аша түсті. Кездесуде Нұртөре Жүсіп оқырманмен пікір алмасып, жаңа туындының жазылу тарихы,…

Read More

Синоптиктер 11-13 маусым күндері еліміздің біраз аумағында тұрақсыз ауа райы сақталатынын хабарлады. Батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына әлі де әсерін сақтап, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады. Циклонның орталығы еліміздің солтүстік-батысында орналасады. Осыған байланысты мұнда найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейеді. Сондай-ақ дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. 11-13 маусым күндері Қостанай және Ақтөбе облыстарында қатты жаңбыр жауады. Алматы мен Жетісу облыстарының таулы және тау бөктеріндегі аудандарда нөсерлетеді. Күндіз еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +35…+40°С-қа дейін, оңтүстік-шығысында +30…+37°С-қа дейін көтеріліп, аптап ыстық болады. Еліміздің қалған аумағында айтарлықтай өзгерістер болмайды. Ауа температурасы бірқалыпты.

Read More

Қазақстанда жанармай бағасы 3-4 теңгеге өсті. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, баға ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалыптасып отыр. «Менің мәліметім бойынша баға 3-4 теңгеге өсті. Сондықтан баға 10 теңгеге өсті деген пікір дұрыс емес деп ойлаймын. Бұл – нарықтық жағдай. Қандай да бір картельдік келісім жоқ. Бағаны ішкі сұраныс пен ұсыныс анықтайды. Мұнай бағасы да қазір қатты өсіп жатқан жоқ, шамамен 93,5 доллар деңгейінде тұрақтап тұр», деді министр. Сонымен қатар ол Энергетика министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отырғанын және бағаның күрт өсуіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылданатынын айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін Energy…

Read More

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Парламент Мәжілісінде өткен сталкинг пен қыз алып қашуға қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған дөңгелек үстел барысында өрбіген пікірталасқа қатысты өз пікірін білдірді. «Өткен жылдың күзінде қыз алып қашу әрекеті үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін заң күшіне енді. Біз бұл мәселені 2023 жылдан бастап көтеріп келеміз, сондай-ақ сараптамалық және түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргіздік. Ең алдымен, айқын жайтты атап өткен жөн. Адам ұрлаудың кез келген түрі заң талаптарын өрескел бұзу болып саналады. Бұл құқыққа қайшы әрекет мәдениетке, ұлттық дәстүрлерге, отбасылық немесе кез келген өзге де өмірлік мән-жайларға сілтеме жасау арқылы ешқандай ерекшелік ретінде танылмайды және ақтауға жатпайды», деді Артур Ластаев. Адам…

Read More

Шахматшы Бибісара Асаубаеваның қаржыландыруға қатысты Президентке жолдаған үндеуінен кейін Туризм және спорт министрлігі спортшыға қатысты жайтқа түсініктеме берді. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бибісара Асаубаеваға бөлінетін қаржы жыл сайын артып отырғанын атап өтті. «Егер тек Спорт және туризмді қолдау қоры арқылы қарасақ, 2024 жылы халықаралық жарыстарға дайындыққа 64 млн теңге бөлінді. 2025 жылы бұл сома 79 млн теңгеге жетті, ал 2026 жылы 100 млн теңге болды. Яғни қаржыландыруда өсім бар», деді ол. Сондай-ақ вице-министр Қазақстан шахмат федерациясы да қосымша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, спортшының мемлекет тарапынан төлемдердің азаюына қатысты шағымына да жауап берілді. «2023-2024 жылдары ол Спортты дамыту…

Read More