Шахматшы Бибісара Асаубаеваның қаржыландыруға қатысты Президентке жолдаған үндеуінен кейін Туризм және спорт министрлігі спортшыға қатысты жайтқа түсініктеме берді. Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Бибісара Асаубаеваға бөлінетін қаржы жыл сайын артып отырғанын атап өтті. «Егер тек Спорт және туризмді қолдау қоры арқылы қарасақ, 2024 жылы халықаралық жарыстарға дайындыққа 64 млн теңге бөлінді. 2025 жылы бұл сома 79 млн теңгеге жетті, ал 2026 жылы 100 млн теңге болды. Яғни қаржыландыруда өсім бар», деді ол. Сондай-ақ вице-министр Қазақстан шахмат федерациясы да қосымша қолдау көрсетіп отырғанын атап өтіп, спортшының мемлекет тарапынан төлемдердің азаюына қатысты шағымына да жауап берілді. «2023-2024 жылдары ол Спортты дамыту…
Автор: un_admin
Қазақстан мектептерінде бірқатар оқулық жаңартылады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары − Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді. Министрдің айтуынша, қолданыстағы оқулықтардан 700-ден астам түрлі сипаттағы қателер мен ескертпелер анықталған. Анықталған кемшіліктер қатарында техникалық және стильдік қателер, деректік дәлсіздіктер, мазмұнға сәйкес келмейтін иллюстрациялар, оқу бағдарламасына үйлеспейтін материалдар, сондай-ақ ескірген әдіс-тәсілдер мен тұжырымдамалар бар. Бұдан бөлек, ұлттық мазмұнға бейімделмеген материалдардың пайдаланылуы, математика пәніндегі қате анықтамалар мен тарихи оқиғаларға қатысты жаңсақ пікірлер мамандардың алаңдаушылығын тудырған. Министрдің мәліметінше, кейбір оқулықтар белгіленген мерзімде жаңартылмай, тоғыз жылға дейін мазмұндық өзгеріссіз қолданылған. «Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқулықтарды кезең-кезеңімен жаңартуды жоспарлап отыр. Жоспарға сәйкес, 2026 жылғы 30 тамызға…
Батыс Қазақстан облысы мен Қытайдың Ляонин провинциясы арасында ынтымақтастық нығаяды. Орал мен Цзиньчжоу бауырлас қалалар атанды. Шэньян шаһарында өткен халықаралық конференцияда осындай маңызды келісімге қол қойылды. Қытай мемлекетіне батысқазақстандық делегацияны бастап барған аймақ басшысы Нариман Төреғалиев 50 мемлекеттің өкілдері бас қосқан жиында Қытайдың ірі өнеркәсіптік орталығы саналатын Ляонин провинциясының әлеуетімен танысты. «Батыс Қазақстан облысы – Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Астана қаласында жариялаған «Бір белдеу – бір жол» бастамасының маңызды транзиттік торабы. Келіссөздер мен қолдаудың нәтижесінде қытайлық компаниялар облыс аумағында сұйық метанол, цемент зауыттары, газтурбиналық және жел электр стансаларын салуға кірісті. Өзге де жоба-жоспар аз емес. Былтыр БҚО мен…
Мемлекет басшысы АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-америка ынтымақтастығының жоғары деңгейін атап өтіп, Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. «Біз өзекті мәселелерді кеңінен талқылауға мүмкіндік туғанын оң бағалаймыз. Әсіресе, аса маңызды минералдар бойынша C5+1 диалогына қатысуыңызды құптаймыз. Бұл Құрама Штаттардың Қазақстанмен және бүкіл Орталық Азиямен ынтымақтастыққа стратегиялық тұрғыдан мән беретінін көрсетеді. Сондай-ақ Сіздің екіжақты байланыстарды дамытуға қосқан үлесіңізді атап өткім келеді. Қазақстан Америка Құрама Штаттарымен кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға мүдделі. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Сіз арқылы АҚШ Президенті Дональд Трампқа ыстық ықыласым…
Аудандық мәдениет үйінде бір жылға созылған «Ән қанатындағы Арал» республикалық жабық ән байқауының қорытынды гала-концерті өтіп, жеңімпаздар марапатталды. Байқаудың басты мақсаты – ұлттық өнерді дәріптеу, Арал өңірінің тарихы мен табиғатын, туған жерге деген сүйіспеншілікті жаңа музыкалық шығармалар арқылы насихаттау. Шығармашылық жобаға еліміздің әр өңірінен кәсіби және әуесқой композиторлар мен ақындар қатысып, 40-тан астам жаңа ән ұсынылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға жолданған туындыларда Арал өңірінің өткені мен бүгіні, болашағы мен тағдыры заманауи көркемдік тұрғыда бейнеленген. Бұл шығармалар туған өлкенің рухын, табиғатын және тарихи келбетін ән тілі арқылы кеңінен танытуға мүмкіндік берді. Салтанатты кеште сөз сөйлеген ақын, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одақтарының мүшесі,…
Түркістан облысында марокко шегірткесіне қарсы жаңа буындағы биологиялық препараттың далалық сынақтары сәтті аяқталды. Зерттеу нәтижелері энтомопатогенді Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізінде әзірленген экологиялық қауіпсіз препараттың жоғары тиімді екенін көрсетті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Жұмыстар «Шекаралас көбею ошақтарындағы шегірткелерге қарсы саңырауқұлақ негізіндегі биопрепараттарды қолдану технологиясын зерттеу және демонстрациялау» атты халықаралық жоба аясында жүргізілді. Зерттеуге Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институтының мамандары Қытай ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Өсімдік қорғау институтының ғалымдарымен бірлесіп қатысты. Далалық сынақтар Түркістан облысы Қазығұрт ауданының жайылымдық алқаптарында өткізілді. Биологиялық агент ретінде Metarhizium anisopliae саңырауқұлағы негізіндегі препарат қолданылды. Бұл препарат химиялық инсектицидтердің тиімді әрі…
Туризмнің ел экономикасына қосқан үлесі 5 трлн теңге деңгейіне жетті. Бүгінгі таңда бұл салада 600 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Бұл туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің Telegram-каналы. Оның айтуынша, елімізге келген шетелдік туристердің шығындары $2,9 млрд құраған. Бұл ретте туристік салаға тартылған инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 33%-ға өсіп, 1,3 трлн теңгеге жеткен. Ал салық түсімдерінің көлемі 18%-ға ұлғайып, 630 млрд теңгені құрады. «Саланы одан әрі дамыту мақсатында осы жылдың наурыз айында заңнамалық түзетулер қабылданды. Атап айтқанда, туристік автобустар үшін «асыл дәліз» тетігі енгізілуде. Бұл ұйымдастырылған туристік топтардың мемлекеттік шекарадан өту…
Қазақстанда 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасы шеңберінде инвестициялар тарту жүйесін жетілдіру жалғасуда. Инвестиция тарту бойынша қолданыстағы барлық шара сақталады, сонымен бірге инвесторлармен жұмыс істеу тиімділігін арттыру үшін жаңа тетіктер енгізілуде. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасенов мәлімдеді. Спикер атап өткендей, әлемнің негізгі инвестициялық орталықтарында шетелдік өкілдіктер ашу есебінен инвестиция тартудың сыртқы контурын күшейту жоспарда бар. Олар инвесторлар мен әлеуеті бар жобаларды сүйемелдеу бойынша фронт-офистердің функцияларын атқарады. Сондай-ақ даму институттарын трансформациялау жүргізілуде. «Бәйтерек» холдингінің құрылымында төрт салалық инвестициялық дирекцияны қамтитын Инвестициялық қызмет құрылды. Оның міндеті – өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, инвестициялық жобаларды сапалы дайындау және…
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мемлекеттік органдардың, елорда әкімдігінің және «Elorda Aqua» ШЖҚ-дағы МКК өкілдерінің қатысуымен Қ.И. Сәтбаев атындағы каналдан Астана қаласына дейін №4 сорғы-сүзу стансасының құрылысымен су құбырын салу жобасын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. Жиын барысында жұмыстың қазіргі жай-күйі қаралды. Жобаны жүзеге асыруды жеделдету және белгіленген мерзімде құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастау бойынша шаралар талқыланды. Жоба елорданың ұзақмерзімді су қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызға ие. Ол 203 шақырым су құбырын, үш сорғы стансасын және тәулігіне 210 мың м³ су өндіретін №4 сорғы-сүзу стансасын салуды көздейді. Құрылысты аяқтау 2028 жылға жоспарланған. Жобаны жүзеге асыру халық санының…
Президентке Абай облысының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және биылғы төрт айдағы көрсеткіштері туралы есеп берілді. Берік Уәлидің айтуынша, өткен жылы өңірлік жалпы өнім көлемі 3,9 триллион теңгеге жетті. Биыл қаңтар-сәуір айларында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 103,8 пайызды құрады. Инвестиция көлемі 19,4 пайызға өсіп, өнеркәсіп, өңдеу секторы, ауыл шаруашылығы, құрылыс және көлік салаларында оң динамика сақталды. Мемлекет басшысына инвестиция тарту бағытында атқарылған жұмыстар жөнінде баяндалды. Былтырдан бастап жалпы инвестициялық пулға кіретін жобалар саны 29-дан 112-ге дейін ұлғайды. Тартылатын инвестиция көлемі 2,2 триллион теңгеден 4,4 триллион теңгеге дейін артты. Ірі инвестициялық жобалар қатарында құны 577,5 миллиард теңге болатын «Аягөз – Бақты»…
