Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Қазақстанда цифрландыру медициналық көмек алуды жеңілдетті
Денсаулық

Қазақстанда цифрландыру медициналық көмек алуды жеңілдетті

10.08.2026393 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Бүгінде миллиондаған қазақстандық денсаулық сақтау саласындағы цифрлық сервистерді пайдаланып келеді. Электрондық медициналық анықтамалар, дәрігердің қабылдауына онлайн жазылу және заманауи цифрлық шешімдер медициналық көмекті алу процесін азаматтар үшін ыңғайлы, жылдам әрі қолжетімді етуде. 2025 жылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде 215 миллионнан астам медициналық қызмет көрсетілді. Оның ішінде 190,8 миллионы немесе 88,6%-ы электрондық форматта ұсынылды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.

Цифрландырудың маңызды нәтижелерінің бірі медициналық құжаттарды электрондық форматқа көшіру болды. Қазіргі таңда медициналық анықтамалардың 12 түрі цифрландырылды, оның бесеуі тек онлайн рәсімделеді. 2025 жылы азаматтарға 8,5 миллионнан астам электрондық медициналық анықтама берілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 2,2 есе көп.

Ел тұрғындары дәрігердің қабылдауына цифрлық сервистер арқылы жазылу мүмкіндігін барған сайын жиі пайдалануда. 2025 жылы онлайн жазылу қызметін 5,6 млн азамат қолданды. Бұл мамандардың қабылдауын тіркеу бөліміне жүгінбей-ақ алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді.

Цифрлық шешімдер маңызды диагностикалық зерттеулерді күту мерзімін де қысқартуға ықпал етуде. Мәселен, ПЭТ/КТ зерттеуін күту уақыты үш айдан екі аптаға дейін қысқарды.

Цифрлық денсаулық сақтауды дамытудың келесі кезеңі денсаулыққа төнетін қауіптерді ерте анықтау мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталады. 2026 жылдан бастап халықтың негізгі топтарын цифрлық сүйемелдеуді қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Олардың қатарында 18 жасқа дейінгі 7 миллионнан астам бала, репродуктивтік жастағы шамамен 5 миллион әйел және 400 мың жүкті әйел бар. Бұл ықтимал қауіп-қатерлерді уақтылы анықтауға, профилактикалық жұмысты күшейтуге және медициналық бақылаудың сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта онлайн брондау қағидаты бойынша дәрігерлердің бірыңғай қабылдау кестесін, e-Health порталын және азаматтарға, медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымдарға арналған мобильдік қосымшаны іске қосу жоспарлануда. Сонымен қатар кері байланыс тетіктері мен медициналық қызметтің нақты көрсетілгенін растау құралдары одан әрі дамытылады.

Бұдан бөлек, медициналық анықтамаларды толықтай цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жалғасады.

Денсаулық сақтау саласын цифрландырудың басты мақсаты – медициналық көмекті әрбір азамат үшін қолжетімді, ыңғайлы әрі оның қажеттіліктеріне бағдарланған ету.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

07.11.2026552 Views

Облыс әкімі «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті

06.11.20261 508 Views

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

06.11.2026415 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті

07.11.2026

Облыс әкімі «Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры Ержан Байтілеспен кездесті

06.11.2026

ҚЫЗЫЛОРДАДА ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

06.11.2026

Мемлекет басшысы Ақаба процесі саммитіне қатысты

06.11.2026

Атырауда 9-сынып оқушысы 15 жылға сотталды

06.11.2026

Қазақстаннан бензин мен дизель отынын сыртқа шығаруға тыйым тағы алты айға ұзартылды

06.11.2026

Қазақстанда бір реттік пластик ыдыстарға тыйым салынуы мүмкін

06.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.