Түркістан облысында жалпы құны 534,2 млрд теңгені құрайтын заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешендерін салу бойынша үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр. Олар Қазақстанның маусымаралық кезеңдегі жаңа піскен көкөніске деген сұранысын толық қамтамасыз етпек, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі. Жылыжай кешендері пайдалануға берілген соң өңірдегі жылыжай өнімінің өндірісі жылына 102 мың тоннаға артады. Сонымен қатар 1 225 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгінде Түркістан облысы жылыжай шаруашылығын дамыту бойынша еліміздегі көшбасшы өңір саналады. Облыстағы жабық топырақтың жалпы аумағы 1006,7 гектар. Бұл – республикадағы жалпы көрсеткіштің 72 пайызы. Өткен жылы өңірдің жылыжай кешендерінде 113 мың тоннадан астам көкөніс өндіріліп, маусымаралық кезеңде ішкі…
Автор: un_admin
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда 1885 есірткі қылмысының жолы кесілді, оның ішінде бір трансұлттық топты қоса алғанда, алты ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі жойылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары, полиция полковнигі Қуандық Әлжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, құқық қорғау органдары ұйымдасқан қылмыстық топтардың 9 ұйымдастырушысы мен 29 белсенді қатысушысын ұстады. Есірткі қылмысына қарсы күрес аясында 15 мыңнан астам заңсыз интернет-ресурс бұғаттау үшін «Киберқадағалау» жүйесіне жолданды. Ұлттық банкпен бірлесіп 135 млн теңге көлеміндегі күмәнді транзакциялар тоқтатылды, сондай-ақ 177 мың шетелдік төлем картасы бұғатталды. Бұдан бөлек, есірткі бизнесінен түскен кірісті заңдастыру белгілерін тексеру…
Қазақстан шетелдік құқық қорғау органдарымен және халықаралық бейінді ұйымдармен ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастыруда. Бұл, әсіресе, трансұлттық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл саласына қатысты. Сонымен қатар халықаралық жедел-іздестіру іс-шаралары шекаралас мемлекеттердің құқық қорғау органдарымен бірлесіп, сондай-ақ ШЫҰ мен ҰҚШҰ-ның есірткіге қарсы стратегиялары аясында жүргізілуде. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов мәлімдеді. Оның айтуынша, халықаралық ынтымақтастық трансұлттық есірткі қылмысына қарсы күрестегі негізгі бағыттардың бірі болып қала береді. «Биылғы мамыр айында ІІМ Украина Ұлттық полициясымен бірлесіп, алғаш рет қазақстандық азаматтарды заңсыз әрекеттерге тартумен және оларды есірткі бизнесінің қылмыстық схемаларына қатыстырумен айналысқан ірі call-орталықтың…
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз ұдайы орнықты даму бағдарын ұстанып келе жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ең әуелгі міндет экономиканы және саяси бағытты жаңа талаптарға дер кезінде бейімдеу екеніне тоқталды. – Сыртқы конъюнктураның қолайсыздығына қарамастан, Қазақстан экономикасы былтыр 6,5 пайызға өсті. Елдегі ішкі жалпы өнім көлемі 300 миллиард долларлық межеден асты. Инвестиция тарту көрсеткіші бойынша еліміз Орталық Азиядағы көшбасшылығын сақтауды көздейді. Тікелей шетелдік инвестицияның жиынтық көлемі 150 миллиард доллардан асып, аймаққа құйылған барлық қаржының шамамен 70 пайызын құрады. Осы экономикалық табыстарға негізінен саяси тұрақтылықтың арқасында қол жеткізіп отырмыз. Жалпыұлттық тарихи референдумның қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдадық, бұл құжат қазірдің…
Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында: Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар теміржол вокзалдарының қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында орындалды, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Қостанай облысында Аманқарағай (1961 жылы салынған) және Құсмұрын (1949 жылы салынған) вокзалдары жаңартылды. Нысандарда ғимараттар толығымен қайта жаңартылып, шатырлар мен инженерлік желілер ауыстырылды, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілді, заманауи желдету және өрт дабылы жүйелері орнатылды, іргелес аумақтар абаттандырылды. Жолаушылар үшін заманауи санитарлық бөлмелер жабдықталып, вандалға қарсы креслолар орнатылған, тактильді навигация енгізілген және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалған. Аманқарағай станциясында жағалау перроны ұзартылып, жарықтандыру…
2026 жылғы 10 мамырда басталған негізгі ҰБТ 340 мыңға жуық рет тапсырылды. Талапкерлердің 73%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 27%-ы орыс тілінде және 522 рет ағылшын тілінде тапсырды. Жетінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл 66 балды құрады. Ең жоғары нәтиже – 140 балл, оны Павлодар облысының түлегі Әсет Альтаир жинады, деп хабарлайды ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Ерекше білім беру қажеттіліктері (ЕБҚ) бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөлінеді. ҰБТ-ға ЕБҚ бар 765 талапкер қатысты. Талапкерлердің тест тапсырмаларының мазмұны бойынша тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептер…
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Ұлытау облысына жұмыс сапары аясында Жезқазған – Қарағанды автожолын қайта жаңғырту жобасының ресми басталуына қатысты, сообщает Primeminister.kz. Жобаның жалпы ұзындығы – 572 шақырым. Оның 335 шақырымы Ұлытау облысының аумағы арқылы өтеді. Республикалық маңызы бар жол құрылысының басталу рәсіміне «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев, Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, мердігер ұйымдардың өкілдері қатысты. «Бұл – Мемлекет басшысының тікелей бақылауындағы, ел үшін айрықша маңызы бар әрі көптен күткен жоба. Бүгін оның құрылысына ресми түрде бастау беріліп отыр. Жоспарға сәйкес жоба 2029 жылы аяқталуы тиіс. Дегенмен мердігер ұйымдармен келіссөздер жүргізіп, тиісті…
Жаз мезгілі дәстүрлі түрде бірқатар инфекциялық аурудың пайда болу қаупінің артуымен сипатталады. Осы кезеңде табиғи ошақты инфекциялардың аллын алу, тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және тағамнан уланудың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады. Санитариялық- эпидемиологиялық бақылау комитеті эпидемиологиялық ахуалға тұрақты мониторинг жүргізіп, профилактикалық іс-шараларды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында осылай деді. Ол маусымдық кезеңдегі ең өзекті қауіп-қатердің біріне тоқталып өтті. «Конго қырым гемаррагиялық қызбасы бойынша эпидемиологиялық ахуал. Ол – аса қауіпті ошақтық вирустық инфекциялардың бірі. Аурудың ең басты тасымалдаушылары – экзот кенелері. Қазақстанда аурудың табиғи ошақтары Жамбыл, Қызылорда, Түркістан…
Өзекті мәслелердің бірі – тағамнан уланудың алдын алу және тағам қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Ол – санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің басым бағыттарының бірі. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде тіркелген қоғамдық орындарда тағамнан улану жағдайларының саны өткен жылмен салыстырғанда 2,4 есе азайды. Өткен жылдың осы кезеңінде мұндай 19 жағдай тіркелген. Сонымен қатар ауру ошақтары санының азаюы олардың салдарының жеңілдеуін білдірмейді. ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында осылай деді. «Биыл қоғамдық орындарда тағамнан улану салдарынан 379 адам зардап шекті. Оның 141-і балалар. Өткен жылдың сәйкес кезеңінде 308 адам зардап шеккен, оның 167-сі – 14 жасқа дейінгі балалар. Білім беру және тәрбиелеу ұйымдарында тағамнан уланбау…
Қымбатты отандастар! Қадірлі депутаттар және Үкімет мүшелері! Бүгінгі Парламенттің қос Палатасының бірлескен отырысының тарихи мән-маңызы айрықша деп айтсақ, дұрыс болар. Бұл дүйім халқымыз үшін де айқын нәрсе, ақиқат. Бүгін біз мемлекетіміздің заң шығарушы органы – Парламенттің кезекті сессиясын аяқтап, Тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы тұтас бір дәуірді қорытындылап отырмыз. Осылайша, тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Ертең Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы заңды күшіне енеді. Ұлт заңымен қатар, мемлекеттік билік жүйесі де түбегейлі жаңа сипатқа ие болмақ. Қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай келеді. Жалпы, бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді. Осыдан отыз жылдан астам уақыт бұрын елімізде…
