Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде газ саласын дамыту және цифрландыру, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте газдандыру жобаларына, мәдени мұраларды сақтауға қатысты тапсырмалар жүктелді. «Газдандыру жобаларын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды қамтамасыз етіңіздер. «ҚазақГаз Аймақ» мекемесінің қолданыстағы инвестициялық бағдарламасының мерзімі аяқталады. Алдағы бесжылдыққа жаңа инвестициялық бағдарлама дайындалуы тиіс. Ескерткіштер аумағына ақпараттық тақтайшалар, жол белгілерін орнатып, ауласына санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру керек. «Руханият орталықтарындағы» аудан тарихы музейлерінің экспозицияларын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енген тарихи жәдігерлермен…
Автор: un_admin
Жетісуда биыл егіс көлемі жылдағыдан жоғары. Соған сәйкес күтілетін нәтиже де ауқымды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемі 510,7 мың гектарды құрайды. Оның 373,8 мың гектарына көктемде себіледі. Жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары қызатын күн жақын. Биыл 295,3 мың гектар жерге – дәнді, 89,7 мың гектар жерге – майлы дақылдар, 12,2 мың гектарға – қант қызылшасы, 6,8 мың гектарға – картоп, 8,9 мың гектарға – көкөніс-бақша дақылдары және 97,3 мың гектарға мал азығы дақылы егілмек. Басқарма басшысының орынбасары Бахтияр Шампиковтің айтуынша, алқаптарды әртараптандыру аясында бидай – 2,9 мың гектарға, қант қызылшасы – 1,5 мың…
Адам жаратылысы күрделі. Ол әркез сүйіспеншілік, таңғалу, өкпелеу, қуаныш-қайғы, мейірім-шапағат, т.б. сезімдер жетегінде жүреді. Осы сезімдерді шегінен асырмай тізгіндеп, оларды тұрақтылық пен тепе-теңдік жағдайында ұстай білген адам өкінішке ұрынбайды. Яғни жоғарыдағы әрқилы сезім құбылысын тізгіндеп, реттей білген кісі бақытты отбасын құра алады. Ішкі сезімі құбылмалы пенделер құрған шаңырақ ұзақ ғұмырлы болуы қиын. Сондай-ақ өзімшіл, тәкаппар адамдар да отбасы бақытын толық түсіне алмайды. Өйткені отбасы бақыты – мейірімділік пен қайырымдылыққа негізделген. Адам баласының өмірін тулап-толқып, буырқанып жатқан теңізге теңесек, сол бір асау бұйра жал-жал толқындардың соғуынан шаршаған пенде бір сәт, жайлы ыстық құм төселген жып-жылы жағажайға барып дем алғысы келеді. Жайлы…
Жеңіс күні жақындаған сайын сексеннің сеңгіріне шыққан Әкімкүл әженің көңілі құлазып, мазасы кетеді. Өткен өмірі еске түседі. Отағасы Бәйден Тұрсынбайұлы еңбекқор жан еді. Екеуі бес қыз, бір ұл көрді. Кіші қайнысы Кенжебай оқуға ынтасы зор, жаңалыққа жаны құмар жігіт болып, бұлардың қолында ер жетті. Ағасы Бәйден де бауыры десе жанын беретін. Кенжебай жоғары оқу орнын 1940 жылы бітіріп, арнайы жолдамамен Жамбыл облысының Талас ауданына кетті. Барғанына бір жыл толғанда, 1941 жылдың көктемінде «Үйленемін, тойға келіңіздер!» деген жеделхат жіберді. Ұжымшар жұмысынан шыға алмаған Бәйден інісінің тойына зайыбы Әкімкүлді жіберді. Кенжебай Талас ауданы Үшарал ауылында бас маман – зоотехник болып қызмет істейді…
Биылғы 1 сәуірдегі дерек бойынша, елімізде 2 млн 465 мың адам зейнеткер. Олардың зейнетақысына өткен үш айда республикалық бюджеттен 1 трлн 44,3 млрд теңге бөлінді. Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 143 622 теңгеге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы сомасы 95 963, базалық зейнетақы 47 659 теңгеге жетті. Ұлттық банк айқындайтын инфляцияның болжамды деңгейіне сәйкес, биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы төлемінің мөлшері 6,5%-ға, ынтымақты зейнетақы 8,5%-ға, яғни инфляция деңгейінен 2%-ға артық ұлғайтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2023 жылдан бері, бес жыл ішінде ең төмен базалық зейнетақыны ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғы – 120%-ға дейін ұлғайту кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатыр.…
Кейінгі бес жылда есірткіге тәуелді жастар көбейіп барады. Деректерді сараласақ, құрамы құбылған синтетикалық өнімдерді тасымалдаушылар 16 мен 32 жас аралығындағы азаматтар болып шықты. Қазір олардың шамамен 1 200-і осы қылмысы үшін темір торға тоғытылған. Оңалту орталықтарының жұмысы қаншалықты тиімді? Негізі елімізде нашақорлыққа қарсы түрлі деңгейдегі іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Жастарды есірткі өнімдерінен қорғау, оның алдын алу, көрігі қызған көлеңкелі бизнеспен күрес сынды лозунгтерге әбден көз үйренді. Жасалған жұмыстың нәтижесі де анау айтқандай болмай тұр. «Google»-ді ақтара қалсаң, шығатын статистикаға да іштей күйінесің. Мәселен, ақыл-есі сау адамды ессіз күйге түсіріп, есіртіп-еліртетін синтетикалық өнімге бүгінде 20 мыңға жуық адам құрсаулы. Ең өкініштісі,…
Қазақстан ғалымдарының келтірген деректеріне қарағанда, Каспий теңізі деңгейі төмендеп келе жатыр. 2050 жылға қарай бұл төмендеу 33 метрге дейін жетуі ықтимал, деп хабарлайды Egemen.kz. Мамандардың айтуынша, бүгінгі таңда Каспий теңізінің деңгейі 28,5 метрге дейін төмендеген. Бұл теңіз экожүйесі мен теңіз шаруашылығы үшін аса қауіпті. Аталған мәселеге байланысты 2024 жылы Каспий теңізі бойынша Қазақ ғылыми-зерттеу институты құрылған-ды. Алайда, қазіргі күнге дейін оның қаржыландыру мәселесі шешілмеген. Демек, аталған институт өз жұмысын толыққанды бастай алмай отыр. «Біз Қаржы министрлігіне 2025 жылға арналған республикалық бюджеттен 1,8 млрд теңге бөлу туралы өтініш жолдадық. Бұл қаражат институттың жұмысын бастауға қажет», дейді Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Мансұр…
Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша елде 59 млрд текше метр газ өндірілген. Алдағы жылы өсім негізінен Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған сияқты ірі кен орындары есебінен қамтамасыз етіледі. «2024 жылы тауарлық газ өндіру көлемі 28,7 млрд, текше метрді құрады. 2025 жылға арналған өндіріс жоспары – 29,4 млрд текше метр. 2025 жылдың I тоқсанында 7,3 млрд текше метр өндірілді», деді ол. Сонымен қатар министр 2024 жылы ішкі нарықтың қажеттіліктеріне 21,2 млрд текше метр жеткізілгенін айтты. 2025 жылға болжанып отырған тұтыну көлемі шамамен 21,3 млрд текше метрді құрайды. Айта кетейік, 2024 жылы сұйытылған…
Биылдан бастап 23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып белгіленді. Атаулы күнге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады. Естеріңізге сала кетейік, былтыр Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Ұлттық кітап күнін белгілеу жөнінде тапсырма берген болатын. «Биыл алғаш рет аталып жатқан Ұлттық кітап күні құтты болсын! Бұл – білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», делінген құттықтауда.
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Шиелі ауданына жұмыс сапарымен барып, биылғы алғашқы дән себу іс-шарасына қатысты. Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев, Имамзада Шағыртаев, аудан әкімдері, зиялы қауым өкілдері келді. Аймақ басшысы ауыл шаруашылығы саласының ардагерлерімен бірге қамба астыққа толып, шаруа еңбегі табысты болуына тілектестік білдірді. Әрі қарай шара қонақтары ауыл шаруашылығы техникалары, тыңайтқыш, гербицидтер және тұқым көрмесімен танысты. Егіс алқабында өткен жиын «Дала күні» семинар-кеңесімен жалғасты. Семинарда мемлекеттік мекемелер мен шаруашылық басшылары саладағы өзекті мәселелерді баяндады. Өткен жылы елімізде диқандарға көктемгі егін, күзгі жиын-терін жұмыстарына 5 пайызбен берілетін жеңілдетілген несие көлемі алғаш рет 500…