Автор: un_admin

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Қазақстанда «Ерлікке тағзым» республикалық апталығы басталды. Бұл акцияның мақсаты – батырлардың ерлігін еске алу, тарихқа тағзым ету және жастарды отаншылдыққа баулу, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі. Игі бастама аясында ел бойынша жалпы 86 іс-шара жоспарланған. Онда 10 мыңға жуық волонтер мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысады. Волонтерлер ескерткіш аймақтарын абаттандырып, монументтерді қалпына келтіріп, ескерткіш маңын тазалауда. Сонымен қатар ардагерлерге де көмек көрсетіп жатыр. Іс-шаралар еліміздің түрлі өңірлерінде, атап айтсақ Абай, Ақмола, Қостанай және Атырау облыстарында өтіп жатыр. «Ерлікке тағзым» апталығы — ардагерлердің ерлігін ұлықтап, жастарды отансүйгіштікке баулуға арналған маңызды бастама. Бұл…

Read More

Премьер-министр Олжас Бектенов АҚШ, Еуропалық Одақ пен Канада елшіліктерінің, Америка Сауда палатасы басшылығының, сондай-ақ Johnson&Johnson, Pfizer, AstraZeneca, Kazanada LLP, La Roche сияқты және басқа да халықаралық компаниялардың өңірлік директорларының қатысуымен денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелері бойынша Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Primeminister.kz. «Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында ұлт денсаулығын нығайту бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігін атап өтті. Аталған міндеттің маңыздылығын ескере отырып, Үкімет денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру бойынша барлық шараны қабылдауда. Біз инвестиция көлемін арттыруды, өндірісті локализациялауға, инвесторлардың қатысуымен жоғары деңгейде өңделген өнім шығаратын кластер құруға ниеттіміз. Кеңес аясындағы белсенді өзара іс-қимыл мен пікір алмасу…

Read More

Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдарының қазіргі ғимараты сүріліп, жаңа вокзалдар құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында биыл 125 теміржол вокзалында қайта жаңарту жұмыстары басталды, оның 21-i тікелей туристік бағыттағы нысандар. Бүгін Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау теміржол вокзалындағы жұмыстарды тексерді. «Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарт бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Ғимарат ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды…

Read More

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының іске асырылу барысы талқыланды. Мемлекет басшысы кеше ғана өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХIV сессиясында: «Менің бастамаммен былтырдан бері «Таза Қазақстан» акциясы жүзеге асырылып жатыр. Жалпыұлттық жобаға 6 миллионнан астам адам қатысты. 1,6 миллион тоннадан аса қоқыс жиналды. 3,3 миллион көшет отырғызылды. «Таза Қазақстан», бұл – біздің бүгінгі және ертеңгі күніміздің кепілі. Сондықтан жұмыс үздіксіз жалғаса береді. Біз әр азаматтың, әсіресе, жастардың бойына тазалық, ұқыптылық, жауаптылық сияқты қасиеттерді сіңіруіміз керек», – деді. Оның алдында «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде Президентіміз: «Біздің Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Туған жерімізді ешкім сырттан келіп тазалап,…

Read More

Мүгедектігі бар адамдардың заңды құқықтарын қамтамасыз ету және олар үшін қолжетімді ортаны қалыптастыру мақсатында Жетісу облысында 829 әлеуметтік инфрақұрылым нысаны толық бейімделді, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында 2025-2030 жылдарға арналған инклюзивті саясат тұжырымдамасы, «Аманат» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған жол картасы және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген «Халықпен бірге» жобасы іске асырылуда. «Amanat» партиясының жол картасында 2023-2027 жылдар аралығында интерактивті қолжетімділік картасына (бұдан әрі – Карта) енгізілген 42 мыңнан астам нысанды бейімдеу бойынша жұмыс көзделген. Жыл сайын осындай объектілердің 20%-ы бейімделуі тиіс. Осылайша, 2023 жылы – Картадағы объектілердің 20%, 2024 жылы – 40%,…

Read More

Бүгін Нартай Бекежанов атындағы облыстық қазақ академиялық музыкалық драма театрының 70 жылдық мерейтойына орай, КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанова атындағы «Сырдың Сәбирасы – І» халықаралық театрлар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Оған Қазақстанның Еңбек Ері, Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Қазақстанның Халық әртісі, Театр қайраткерлері одағының төрағасы, режиссер, педагог Тұңғышбай Жаманқұлов арнайы келіп қатысты. Салтанатты рәсімде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев құттықтау сөз сөйлеп, мәдениет және руханият саласында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. «Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Еліміздің рухани дамуы ұлттық рухқа тікелей байланысты. Сол себепті азаматтарымыздың рухы әрқашан биік болуы үшін мәдениетімізге, руханиятымызға баса мән беруіміз қажет», – деген болатын. Өткен жылы өңірімізде жарияланған…

Read More

Жыл бойы тіршілік ететін, көктем келісімен белсенділігі артатын кене далалық аймақта жұмыс істейтін, мал, егін шаруашылығымен айналысатын адамдарға қауіп тудырады. Аймақта Конго-Қырым геморрагиялық қызбасының алдын алудың санитариялық-профилактикалық іс-шараларын ұйымдастыру туралы облыс әкімінің қаулысы ақпан айында қабылданып, дайындық шаралары наурыз айынан бері жүргізіліп келеді. Аурудың алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – кенеге қарсы залалсыздандыру. Былтыр облыстағы 115 елді мекен қолайсыз деп танылған, биыл олардың саны азайып, 111 болды. Қажетті қаржы бөлініп, қолайсыз елді мекендерде кенеге қарсы өңдеу шаралары екі кезеңде жүзеге асырылуда. Облыстық ветеринария басқармасының мәліметіне сәйкес, қолайсыз елді мекендерде 622 016 бас мал және 2 567 257 шаршы метр 33…

Read More

Бүгін ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Үкімет отырысы өтті. Күн тәртібінде газ саласын дамыту және цифрландыру, ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен мәдени мұраны сақтау және насихаттау мәселелері қаралды. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев селекторлық режим арқылы қатысты. Үкімет отырысынан соң аймақ басшысының төрағалығымен өткен мәжілісте газдандыру жобаларына, мәдени мұраларды сақтауға қатысты тапсырмалар жүктелді. «Газдандыру жобаларын сапалы әрі мерзімінде аяқтауды қамтамасыз етіңіздер. «ҚазақГаз Аймақ» мекемесінің қолданыстағы инвестициялық бағдарламасының мерзімі аяқталады. Алдағы бесжылдыққа жаңа инвестициялық бағдарлама дайындалуы тиіс. Ескерткіштер аумағына ақпараттық тақтайшалар, жол белгілерін орнатып, ауласына санитарлық тазалық жұмыстарын тұрақты ұйымдастыру керек. «Руханият орталықтарындағы» аудан тарихы музейлерінің экспозицияларын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралары тізіміне енген тарихи жәдігерлермен…

Read More

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күніне орай «Үздіктер салтанаты» атты фестиваль өтті. Шараға облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов және зиялы қауым өкілдері, оқырмандар қатысты. Фестивальде Шахмардан Байманов сөз сөйлеп, Ұлттық кітап күніне арналған облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының құттықтауын жеткізді. –Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының үшінші Ұлттық құрылтайда қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында берген тапсырмасына сәйкес белгіленді. Бүгінде облыстағы 209 кітапханада 5 миллионға жуық кітап қоры бар. Былтыр облыста жарияланған «Руханият жылы» аясында аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тікелей бастамасымен аудандарда салынған «Руханият орталықтарына»…

Read More

Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен біліміне, ұлттық мүддеге сай келетін кітаптар басып шығаруға ерекше назар аударған болатын. Жаһандану заманында тілсіз тәрбиеші саналатын кітаптардың маңыздылығын арттыру — «AMANAT» партияcының да негізгі миссиясы. Партия 2023 жылы Президент бастамасын іске асыруға дәнекер болатын «Кітап-AMANAT» жобасын қолға алып, барлық өңірлерде отандық әдебиет пен баспагерлерді қолдауға бағытталған кітап орталықтарын ашты. Бүгінде орталықтар азаматтардың партияға өз мәселесін шешу үшін ғана емес, рухани баю үшін де келіп, отандық авторлардың ең озық кітаптарымен танысуына, отандық әдебиетке, жалпы кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етіп отыр. Бүгін «Кітап- AMANAT» орталығында Ұлттық кітап мерекесіне орай…

Read More