Автор: un_admin

250Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен “Азаматтық борыш” жобасы аясында кездесулер өтті.Ол кездесулерге Ауғаныстан соғысының ардагерлері: Мирзалиев Мұхит, Шымырбаев Жандос, Құнанбай Жұмат,  Мамбетов Құрманғали, Валиахметов Аят, Шалқарбеков Ержан, Сандуов Бекен және Алпысбаев Мақсат қатысқан болатын. Әр кездесуге кемінде 40 шақты студенттер қатысты. Кездесулер 10 колледжде өтті. Олар: ALT педагогикалық колледжінде, Принтмедиа технологиялар колледжінде, Алматы қаржы-экономикалық колледжінде, Алматы мемлекеттік политехникалық колледжінде, Д.А.Қонаев атындағы колледжінде, Алматы көпсалалы колледжінде, Республикалық жоғары медицина колледжінде, Алматы құрылыс-техникалық колледжінде, Еуразия агро-техникалық колледжінже және Алматы электромеханикалық колледжінде өткен болатын.  Кездесулердің негізгі мақсаты – жастарға отансүйгіштік пен елжандылықты дәріптеу, тарихқа құрметпен қарауға баулу, сондай-ақ ардагерлердің ерлігін үлгі ету.…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев Бендер-Аббас қаласының «Шахид Раджаи» теңіз портында болған жарылыстан адамдардың қаза табуына және көптеген азаматтың жарақат алуына байланысты Иран Президенті Масуд Пезешкиан мен оның отандастарына көңіл айтты. Қазақстан Президенті жарақат алған жандардың сауығып кетуіне, сондай-ақ апат салдарын тезірек еңсеруге тілектестік білдірді.

Read More

Маңғыстау, Шетпе және Бейнеу теміржол вокзалдарының қазіргі ғимараты сүріліп, жаңа вокзалдар құрылысы басталады, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Мемлекет басшысының туристік жерлерге қолжетімділікті арттыру тапсырмасы аясында биыл 125 теміржол вокзалында қайта жаңарту жұмыстары басталды, оның 21-i тікелей туристік бағыттағы нысандар. Бүгін Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен келген көлік министрі Марат Қарабаев Маңғыстау теміржол вокзалындағы жұмыстарды тексерді. «Маңғыстау теміржол вокзалының аумағы 10 есе артады. Қайта жаңарту жұмыстары аясында заманауи үлгідегі жаңа ғимарт бой көтереді. Ғимарат үш қабаттан тұрады. Ерекше қажеттілігі бар жандарға жағдай жасауға баса назар аудардық. Ғимарат ауданының айтарлықтай артуына байланысты арнайы ана мен бала бөлмелерін, заманауи күту залдарын, эсколаторлар мен траволаторларды…

Read More

Ақтау қаласында өндірістік қуаттарды жаңғырту бойынша ауқымды жобаның аяқталуына орай Орталық Азиядағы ең ірі жол битумын өндіруші – Caspi Bitum зауыты іске қосылады. Бұл – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Resources Holdings Limited бірлескен кәсіпорны, деп хабарлайды ҚР Энертегтика министрлігі. Құны 36,1 млрд теңге болатын жобаның табысты іске асырылуы кәсіпорынның Қаражанбас кен орнынан келетін мұнайды қайта өңдеу қуаттылығын жылына 1 миллионнан 1,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңғыртудың негізгі нәтижесі – жоғары сапалы жол битумын өндіру көлемін 50%-ға, яғни 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болмақ. Бұл қадам Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие, себебі ол елдің жол битумына деген ішкі сұранысын толық өтеуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске…

Read More

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың инженерлік желілер мен жылу көздерінің тозуын азайту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Ақмола облысы Көкшетау қаласындағы жылу көзінде жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен шамамен 1,1 млрд теңге бөлінді. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz. Құжатқа сәйкес, 2025-2026 жылдарға арналған жылу беру маусымына дайындық және кезеңнің іркіліссіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында Көкшетау қаласының жылу көзінде (АҚ-2) жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Ақмола облысының бюджетіне қаражат аударылады. Бөлінген қаражат «Көкшетау жылу» кәсіпорнының технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесін және бақылау-өлшеу аспаптарының далалық деңгейін және ссу жылытатын тозаң көмір қазандығының автоматикасын, сондай-ақ қазандық агрегатының қыздыру беттерін…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаев мәртебелі мейманға ілтипат білдіріп, Еуропалық футбол қауымдастықтары одағының елімізге көрсетіп отырған қолдауына жоғары баға берді. Президент бүгінде 1 миллионнан астам отандасымыз футболмен шұғылданатынын айтты. Бұл – спортпен айналысатын азаматтарымыздың 13 пайызы. Бұдан аталған спорт түрінің бұқаралық сипат алғанын көруге болады. Мемлекет басшысы отандық футболдың нарық талаптарына сай орнықты бизнес моделін қалыптастырып, клуб менеджментін дамыту маңызды екеніне назар аударды. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйыммен білім беру және тәжірибе алмасу бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы ықпалдастыққа қолдау білдірді. Бұл мамандар мен жас ойыншылардың кәсіби деңгейін арттыруды көздейді. Александер Чеферин кездесуге мүмкіндік жасағаны үшін Президентке алғыс айтып, Қазақстанмен арадағы серіктестікті кеңейтуге дайын…

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамптың дүниежүзі елдерінен импортталатын тауарлардың кедендік баж салығын бірнеше пайызға көтеруі әлемді дүр сілкіндірді. Әсіресе экономикалық-саяси сахнадағы басты қарсыласы Қытаймен «ымырасыз майдан» басталып кетті. Сарапшылар экономикалық соғыс АҚШ-қа да оңай соқпайтынын айтады. Өйткені көп тауар Құрама штаттарға сырттан тасымалданады. Әсіресе Қытайдан импортталатын тауарлар бағасы аспандайын деп тұр. Шартты түрде алайық, Қы­тайда жасалатын ойыншық 500 доллар болса, бұрынғы 20% кедендік алыммен АҚШ нарығына 600 доллармен кіретін. Ортадағы делдал сатушылар тағы осынша баға қойып 1 200 доллар үстемемен саудалайтын. Жаңа тариф кедендік салықты 125%-ға көтеріп жіберді. Сал­дарынан ойыншық құны АҚШ-та енді 2 000 доллардан асып түспек. «Reuters» агенттігінің ха­барлауынша,…

Read More

Қазақстанда заманауи, қауіпсіз және қолжетімді білім беру ортасын құруға бағытталған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қарқынды жүзеге асуда, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігі. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 206 мың орындық 112 мектеп пайдалануға беріледі. Оның 45%-ы ауылдық жерлерде салынады. 2024 жылы жаңа форматтағы 105 мектеп есігін айқара ашты. Ұлттық жоба балалардың тұрғылықты жеріне қарамастан, заманауи талаптарға сәйкес келетін сапалы тегін білімге тең қол жеткізуі үшін жағдайлар жасайды. Ол мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартып қана қоймай, оқушылардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға ықпал ететін білім беру ортасын қалыптастыруға бағытталған. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жалпы 460 мың орындық жаңа…

Read More

Азаматтық авиация комитеті ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды ҚР Көлік министрілігі. Биылғы жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстанның әуе тасымалдау нарығына Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia Abu Dhabi» жаңа әуе компаниясы кіреді. Әуе компаниясы Абу-Даби – Алматы бағыты бойынша аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, жұма және жексенбі) тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін орындауды бастауды жоспарлап отыр. Қазақстан мен БАӘ арасында әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

Read More

Ақтау қаласында өндірістік қуаттарды жаңғырту бойынша ауқымды жобаның аяқталуына орай Орталық Азиядағы ең ірі жол битумын өндіруші – Caspi Bitum зауыты іске қосылады. Бұл – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ мен CITIC Resources Holdings Limited бірлескен кәсіпорны, деп хабарлайды ҚР Энертегтика министрлігі. Құны 36,1 млрд теңге болатын жобаның табысты іске асырылуы кәсіпорынның Қаражанбас кен орнынан келетін мұнайды қайта өңдеу қуаттылығын жылына 1 миллионнан 1,5 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Жаңғыртудың негізгі нәтижесі – жоғары сапалы жол битумын өндіру көлемін 50%-ға, яғни 500 мыңнан 750 мың тоннаға дейін ұлғайту болмақ. Бұл қадам Қазақстан үшін стратегиялық маңызға ие, себебі ол елдің жол битумына деген ішкі сұранысын толық өтеуге, ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске…

Read More