Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын
Аймақ жаңалықтары

Түркістан облысында 11 мыңға жуық тұрғынды ауызсумен қамтамасыз ететін су қоймасын реконструкциялау жұмыстары аяқталуға жақын

01.10.2025338 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Қапшағай су қоймасын реконструкциялау жұмыстары жүріп жатыр. Жоба 2025 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Жоба аясында қызметтік ғимарат жөнделіп, ескі темірбетон плиталары алынып тасталып, бөгет нығайтылады. Сондай-ақ ойықтар мен қуыстар толтырылып, шайылған жерлерді бекіту және бетон тіректерін нығайту көзделген.

Жұмыстар аяқталған соң 4,3 мың гектар егістік алқапқа сапалы су жеткізу мүмкіндігі артады. Сондай-ақ жалпы саны 10 900 адам тұратын төрт елді мекенді ауыз сумен қамтуға мүмкіндік туады.

«2023 жылы еліміздегі барлық гидротехникалық нысанға түгендеу жүргізілгеннен кейін су шаруашылығын дамытуға арналған кешенді жоспар жасалды. Онда 160-тан астам іс-шара қарастырылған. Соның ішінде 42 жаңа су қоймасын салу және жұмыс істеп тұрған 37 су қоймасын реконструкциялау жұмыстары бар. Оған қоса, министрлік 1,3 млн адамды ауызсумен қамтамасыз ету үшін 2,5 мың шақырымнан астам су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жалпы алғанда, 9 облыста 31 жоба жүзеге асырылуда», – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Мүгедектікті белгілеу бойынша 79 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

02.10.2025447 Views

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

02.10.20251 185 Views

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

02.10.2025227 Views
Соңғы жаңалықтар

Мүгедектікті белгілеу бойынша 79 мыңға жуық өтінім сырттай форматта қаралды

02.10.2025

Қазақстанда 20 млн тоннаға жуық астық бастырылды

02.10.2025

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тамаш Шуйок келіссөз жүргізді

02.10.2025

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЫЛУ ЖҮЙЕСІ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

02.10.2025

ФИНАЛДЫҢ БАС КУБОГЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.10.2025

«Kazakh national games» сайысы өтті

02.10.2025

Қала әкімінің орынбасары лауазымына Ділмұхамед Мнуарбекұлы Абизов тағайындалды

01.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.