Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ
Аймақ жаңалықтары

БАС МҮФТИ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

14.08.202621 881 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына арнайы сапармен барды. Сапар аясында Бас мүфти Тасбөгет кентінде «Ербатыр ата» атындағы жаңа мешіттің ашылу рәсіміне қатысты.

Іс-шара Қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. Бас мүфти өз сөзінде мешіттің қоғамдағы рухани-әлеуметтік маңызына тоқталып, Алла үйін салуға үлес қосқан азаматтардың сауабы мол екенін атап өтті.

«Бұл мешіт жастардың, жалпы жамағаттың бос уақытын пайдалы іспен өткізуге, білім алып, тәрбие көкжиегін кеңейтуге, дұрыс діни түсінікпен өмір сүруге мүмкіндік береді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Мешiтке баруды әдетке айналдырған адамды көрсеңiздер, оның иманды екенiне куәлiк етіңдер. Хақ Тағала айтады: «Ақиқатында Алла Тағаланың мешіттерін Хақ Тағалаға және Ақырет күніне иман келтірген, намаз оқыған, зекет бергендер көркейтеді», – деген. Расында мешітке жиі баратын адамның иманы күшейеді»,- деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Салтанатты шараға облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Жолкелдіұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Әбішұлы және Қазақстанның Еңбек Ері, Қызылорда облысының Құрметті азаматы Абзал Жұмашұлы қатысып, қала тұрғындарын жаңа мешіттің ашылуымен құттықтады.

Екі қабатты мешіттің жалпы аумағы 946,72 шаршы метр. Құлшылық үйі бір мезетте 700 адамға дейін қабылдай алады. Мешіт құрылысы 2022 жылы жеке кәсіпкер Абзал Ералиевтің демеушілігімен басталған.

Жаңа мешітте ерлер мен әйелдерге арналған бөлек намаз залдары, имам кабинеті, Құран оқыту және неке қиюға арналған арнайы бөлме, екі дәрісхана, сондай-ақ заманауи талаптарға сай дәретханалар қарастырылған.

Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында 195 мешіт халыққа қызмет көрсетеді. Оның 24-і облыс орталығында орналасқан. «Ербатыр ата» мешіті — Қызылорда қаласындағы 25-ші құлшылық үйі.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.