Автор: un_admin

Бүгін «Мұстафа Шоқай» атындағы орталық алаң алаңында «Ауыл Vibe, Retro NIGHT» байқауы және Ұлттық домбыра күніне арналған салтанатты мерекелік концерт өтті. Ұлттық рухты дәріптеген кешті аудан өнерпаздары жоғары деңгейде ұйымдастырып, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй мен рухани әсер сыйлады. Мерекелік шарада аудан әкімі Айтбай Жандарбеков тұрғындарды мерекемен құттықтап, ел бірлігі, ұлттық құндылықтар және өнердің тәрбиелік маңызына тоқталды. – “Домбыра — халқымыздың қастерлі қазынасы, ұлттық болмысымыздың ажырамас бөлшегі. Қазақты қазақ еткен – тілі, ділі және қара домбырасы. Ұлы Абайдан Құрманғазы мен Тәттімбетке, Динадан бүгінгі күй шеберлеріне дейінгі өнер иелері осы киелі аспап арқылы халқымыздың рухын асқақтатып, ұлттық сананы жаңғыртты. Мемлекет басшысы ұлттық…

Read More

Аудандық Руханият орталығының алдында 5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның үнісің сен, Домбыра!» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Ғ.Сүлейменов қатысып, аудан тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады. Іс-шара аясында Ғ.Сүлейменов домбыра – халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, ұлттың үні мен рухын асқақтататын қасиетті аспаптың мәртебесін арттыру және оны келер ұрпаққа насихаттау – баршамыздың ортақ парызымыз екенін жеткізді. Мерекелік концерт барысында ауданның домбырашылары мен өнерпаздары ұлттық күйлер мен халық әндерін орындап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Күмбірлеген күй мен әуелеген ән көрермендерге ерекше әсер сыйлап, ұлттық өнердің құдіретін тағы бір мәрте…

Read More

Аудан орталығында 5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды. Шараға ауданның өнерпаздары мен домбырашылары қатысып, ұлттық аспаптың мәртебесін ұлықтау мақсатында орталық көшелермен салтанатты шеру өткізді. Шеру барысында қатысушылар халқымыздың рухани мұрасы саналатын домбыраны дәріптеп, ұлттық өнердің құндылығын насихаттады. Домбыра шеруі аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.

Read More

Оқырмандар тарапынан қазақша кітаптарға деген қызығушылық жылдан жылға артып келеді екен. Мұндай қорытынды жасауға кітапханалардағы көрсеткіштерде негіз болып отыр. Соңғы бір жыл ішінде елдегі көпшілік кітапханалар оқырмандарына 88,9 миллионнан астам кітап пен басқа да басылым берілген. Соның 53,4 миллионы немесе 60,1 пайызы қазақ тіліндегі әдебиеттердің үлесіне тиесілі. Бұл мемлекеттік тілдегі кітаптардың қоғамдағы сұранысы тұрақты өсіп келе жатқанын көрсететін маңызды көрсеткіш. Кітапхана қорлары да жаңа әдебиеттермен үздіксіз толықтырылып келеді. Бір жылдың ішінде кітапханаларға 906,5 мың жаңа басылым түскен болса, оның 662,3 мыңы қазақ тіліндегі кітаптар. Бүгінде еліміздің көпшілік кітапханаларындағы қазақ тіліндегі әдебиеттер қоры 30,3 миллион данаға жетіп, жалпы кітап қорының 41,7…

Read More

Армения парламенті Қазақстанмен жасалған тиісті келісімді ратификациялады.  Келісімге сәйкес, Қазақстан мен Армения бір-біріне ауданы 0,33 гектар болатын жер телімдерін символикалық жылдық төлеммен жалға береді. Еревандағы жер телімі үшін жылына 1 драм, ал Астанадағы жер телімі үшін 1 теңге төленеді. Қазіргі таңда Қазақстанның Армениядағы елшілігі Еревандағы парламент ғимаратының маңында орналасқан. Жаңа елшілік қала орталығына апаратын негізгі көшелердің бірі – адмирал Исаков даңғылы бойында бой көтермек. Бұл ауданда АҚШ пен Қытай елшіліктері де орналасқан. Ал Арменияның Қазақстандағы жаңа елшілігі Астананың беделді аудандарының бірінде – Тәуелсіздік даңғылы маңында салынады. Оның жанында АҚШ, Қытай, Өзбекстан және Біріккен Араб Әмірліктерінің елшіліктері, сондай-ақ Бейбітшілік және келісім…

Read More

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) валюта саудасында теңге айтарлықтай нығайды. Өткен жұмада доллар саудасы 485,7 теңге деңгейінде жабылса, бүгін таңертеңгі жағдай бойынша АҚШ валютасының бағамы 471,69 теңгеге дейін төмендеді.  Осылайша, бір апта ішінде доллар шамамен 14 теңгеге арзандап, теңге долларға қатысты 2,9 пайызға нығайды. Алғашқы қарағанда мұндай өзгеріс күтпеген жағдай болып көрінеді. Себебі осы кезеңде Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетті, мұнай бағасы қысымға ұшырап отыр, ал әлемдік нарықта доллардың өзі күшейіп келеді. Әдетте мұндай факторлар ұлттық валютаға кері әсер етуі тиіс. Алайда экономист Ғалым Құсайыновтың айтуынша, Қазақстанның валюта нарығында бағам көбіне макроэкономикалық болжамдарға емес, нарықтағы нақты валюта ұсынысына тәуелді қалыптасады. Яғни…

Read More

Кеше Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде Альфия Балхан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 140 балл жинады. Талапкер негізгі білім сынағында «Қазақ тілі – қазақ әдебиеті» пәндері комбинациясы бойынша 138 балл иеленген. ҚАЗТЕСТ нәтижесіндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша балын конвертациялап, жалпы көрсеткішін 140-қа жеткізді. Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы №232 М.Байділдаев атындағы орта мектептің түлегі ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа өткеннен бастап жүйелі жүргізген. Таңдаған мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талапкердің сөзінше, қазақ әдебиетіне қызығушылығы мен ана тіліне құрметі болашақ мамандығын таңдауға негіз болған. Сондай-ақ ол ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау білдірген ата-анасы мен ұстаздарына алғысын жеткізді.

Read More

Бүгін облыс әкімі Мұрат Ергешбаев «Сыр жұлдыздары» шығармашылық-инновациялық академиясында өңір жастарымен еркін форматтағы кездесу өткізді. Онда жастар саясатын дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру, кәсіпкерлікті, жастардың қоғамдық бастамаларын қолдау және өңірді әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамытудағы кейінгі буынның рөлі кеңінен талқыланды. Аймақ басшысы елдегі саяси реформалардың маңызына тоқталып, жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа кезеңнің бастауы екенін атап өтті. «Бұл – әділетті қоғам құруға және болашаққа деген сенімді нығайтуға бағытталған тарихи шешім. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, Әділетті Қазақстанды құруда білімді, отаншыл жастардың рөлі айрықша. Сондықтан жастардың сапалы білім алып, еңбек етуіне, кәсіп бастауына және жан-жақты дамуына мемлекет жүйелі қолдау көрсетіп отыр. Биыл жастар…

Read More

Бүгін «Әділет» партиясының облыстық филиалында конференция өтіп, оның қорытындысы бойынша филиал басшысы, Саяси кеңес пен Бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері сайланды. Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Конституция – Жаңа Дәуір» атты үндеуін қолдау болды. Сондай-ақ конференция барысында партияның облыстық филиалының басшылық органдарын қалыптастыру мәселелері қаралды. Ашық дауыс беру нәтижесінде облыстық филиалдың басшысы болып мемлекеттік және қоғамдық-саяси салада көп жылдық тәжірибесі бар Жандос Базартай сайланды. Жаңа қызметінде ол облыстық филиалдың жұмысын үйлестіріп, партияның бағдарламалық мақсаттарының жүзеге асырылуын қамтамасыз етеді және өңір тұрғындарымен өзара байланысты нығайту бағытында жұмыс жүргізеді. Өз кезегінде Жандос Базартай өзіне көрсетілген сенім үшін алғыс…

Read More

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға берілді. Жұмыстар Мемлекет басшысының көлік инфрақұрылымын дамыту және жолаушылар тасымалының сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында жүргізілді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі. Жаңғырту соңғы жылдардағы теміржол вокзалдарын жаңартудың ең ірі жобасы болды. Реконструкция нәтижесінде жолаушыларға арналған жағдайлар айтарлықтай жақсарды, қауіпсіздік пен жайлылық деңгейі артты, нысандардың өткізу қабілеті ұлғайды, сондай-ақ теміржол саласы қызметкерлері үшін заманауи еңбек жағдайлары жасалды. Жұмыстар барысында ғимараттардың қасбеттері мен шатырлары жаңартылды, энергия үнемдейтін витраждар орнатылды, жылу жүйелері, сумен жабдықтау, желдету, ауаны баптау, өрт қауіпсіздігі және бейнебақылау жүйелері жаңғыртылды. Құрылыс және реконструкция…

Read More