Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Жаңалықтар»Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді
Жаңалықтар

Қазақстанда NEET санатындағы жастардың үлесі 6,7%-ға төмендеді

11.08.2026338 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы жылдары Қазақстанда білім мен ғылымға салынатын инвестиция көлемі бес есеге, ал білім беру жүйесінің бюджеті үш есеге артты. Студенттердің шәкіртақы мөлшері екі есеге ұлғайып, білім беру гранттарының саны бір жарым есеге өсті. Сонымен қатар студенттер жатақханаларының инфрақұрылымы да жүйелі түрде дамып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 250-ден астам студенттер жатақханасының салынуы нәтижесінде орын тапшылығы алты есеге қысқарды. Бүгінде студенттердің 85%-ы жатақханамен қамтылған. Сонымен қатар алдағы уақытта қазіргі орын тапшылығын толық жою жоспарланып отыр.

Евгений Кочетов жастардың білімге деген жаңа сұранысын қалыптастырып жатқанын атап өтті.

«Жастардың 62,9%-ы білім беру жүйесінде жасанды интеллект технологияларын оқытуды маңызды деп санайды. Мемлекет осы сұранысқа ілесе білуі керек», – деді вице-министр.

Қазақстанда цифрлық білім беру бағдарламалары дамып, Alem AI халықаралық жасанды интеллект орталығы мен жасанды интеллект саласындағы зерттеу университеті құрылуда. Сонымен қатар «Болашақ» бағдарламасында басымдық біртіндеп инженерлік, IT, медициналық және жаратылыстану-ғылыми мамандықтарға ауыстырылуда.

Вице-министр сондай-ақ Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 3,1%-ды құрағанын хабарлады.

Оның айтуынша, соңғы екі жылда жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 1,4 миллионға жуық жас қамтылған.

«Жастар практикасы», «Дипломмен – ауылға!», өңірлік кәсіби бағдарлау және жұмысқа орналастыру жобалары жүзеге асырылуда. Жыл сайын жастар еңбек жасақтарына 35 мыңнан астам адам қатысады. Оның ішінде «Жасыл ел» бағдарламасы жастарға алғашқы еңбек тәжірибесін жинақтауға, командалық жұмыс пен жауапкершілік дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деді спикер.

Бүгінде 235 жастар ресурстық орталығы білім алу, жұмыспен қамту және тұрғын үй мәселелері бойынша, сондай-ақ психологиялық және құқықтық көмек көрсетеді. NEET санатындағы жастармен атаулы жұмыс жүргізу үшін «Отбасының цифрлық картасының» деректері де пайдаланылады.

«Бұл жұмыстың нәтижесін көріп отырмыз – NEET санатындағы жастардың үлесі біртіндеп төмендеп келеді», – деді ҚР мәдениет және ақпарат вице-министрі.

«Отбасының цифрлық картасының» деректеріне сәйкес, 2026 жылғы шілдедегі жағдай бойынша NEET санатындағы жастардың саны 6,7%-ға төмендеген.

Спикер тұрғын үй мәселесіне де тоқталды. Е.Кочетовтің айтуынша, «Наурыз» және «Отау» бағдарламаларына көптеген жас азамат қатысуда. Жұмысшы мамандық иелері үшін «Наурыз жұмыскер» құралы іске қосылды. 17 өңірде жас мамандарға арналған жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар жұмыс істейді.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026720 Views

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.20261 376 Views

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026419 Views
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында мақта жинау науқаны басталды

10.09.2026

Қазақстанда алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолы қайта жаңғыртылып, жөнделді

10.09.2026

Шығыс Қазақстан облысында балық өңдеу кешені салынады

10.09.2026

Қарағанды облысында геологиялық барлауға арналған заманауи зертханалық кешен іске қосылды

10.09.2026

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыповты қабылдады

10.09.2026

«ДАЛА КҮНІ – 2026»: ҚАЗАЛЫЛЫҚТАР ЕГІНГЕ АЛҒАШҚЫ ОРАҚ САЛДЫ

09.09.2026

Мойынты – Қызылжар теміржол желісіндегі жолдардың түйісуі аяқталды

04.09.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.