Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Аймақ жаңалықтары»АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ
Аймақ жаңалықтары

АРАЛ АСПАНЫНДА ЖАСТАРДЫҢ ЖАЛЫНДЫ ҮНІ

13.08.202679 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Бүгін, 12 тамыз – Халықаралық жастар күніне орай Арал қаласында ашық аспан астында жастарға арналған «OPEN AIR» мерекелік гала-концерті өтті.

Жастықтың жалынды рухы мен өнердің өрісін тоғыстырған кеште ауданның талантты жастары өз өнерлерін ортаға салып, көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Кеш барысында елдің ертеңі – қазақ жастарына арналған рухты әндер шырқалып, түрлі би қойылымдары ұсынылды. Ауданымыздың өнерпаздары, әншілері, бишілері, жайдарманшылары мен жас ақындары сахна төрінде өнер көрсетіп, туған жердің талантқа бай екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Әсіресе, ауданымыздың атын облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде танытып жүрген спорт, мәдениет, шығармашылық бағыттағы жастардың жетістіктері көпшілікке таныстырылды. Мәдениет пен өнер саласында облыстық, республикалық, халықаралық байқауларда топ жарып жүрген талантты жастардың өнері де кештің ажарын аша түсті.

Ашық аспан астындағы жастар мерейін үстем еткен кешке аудан әкімі Аманжол Оңғарбаев арнайы қатысып, мерекеге орай аудан жастарына өзінің ізгі лебізін арнады. Жастар саясаты саласында атқарылып жатқан жұмыстарды тілге тиек етіп, еліміздің келешегіне айналған аудан жастарына сәттілік тіледі.

Мерекелік кеш аясында қоғамдық өмірде белсенділігімен ерекшеленіп, білім, мәдениет, спорт, еріктілік және шығармашылық салаларында үздік жетістіктерге жеткен бірқатар жастар марапатталды. Қасиетті қара домбырасын серік еткен Бексұлтанның жырдан шашу шашып, жастарға ақжарма тілегін арнауы кештің мазмұнын тереңдете түсті. Ал кештің көрерменге тарту еткен тағы бір сыйы елімізге белгілі өнер иелерінің қатысуы.

Қызылорда қаласынан арнайы келген талантты әншілер Олжас пен Назым сырлы әндерімен көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қазақ өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастырған әнші-сазгер, жерлесіміз Үкітай Ерниязов өзінің көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін орындап, Арал аспанын әсем әуенге бөледі.

Ашық аспан астындағы әсем кеште ән мен би, өнер мен жастардың жалынды үні бір арнада тоғысты.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.202693 Views

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026612 Views

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026418 Views
Соңғы жаңалықтар

ӨНДІРІС ҰЖЫМЫНА «ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

02.11.2026

Мүфтият марқұмдарды ЖИ арқылы «тірілтуге» қатысты үкім шығарды

02.11.2026

Мәскеуде маймыл шешегін жұқтырған тағы бір адам анықталды

02.11.2026

Флоридада ұшақ көшеге құлап, борттағы тоғыз адам қаза тапты

02.11.2026

Денсаулық сақтау министрлігі 78 медициналық ұйымның лицензиясын тоқтатты

02.11.2026

Астана-Петропавл тасжолында үш адам жол апатынан қаза тапты

02.11.2026

Зеленский: Украина Қырым мен шығыстағы өзге аумақтарынан бас тартпайды

02.11.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.