Ревматология орталығы құрылады Сонымен, өткен аптада отандық денсаулық саласында айтулы оқиға –APLAP-2024 Cимпозиумы мен Қазақстан ревматологтерінің 7-конгресі өтіп, үш күнге ұласқан ауқымды жиында Жапония, Сингапур, Гонконг, Тайвань, Бангладеш, Үндістан, Филиппин, Қатар, Қытай, Таиланд, Аустралия, Канада, Ұлыбритания, Колумбия, Германия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қазақстан сынды елдердің жетекші мамандары сөз алды. Жоғарыда атап өткендей, Қазақстан ревматологтерінің 7-конгресі, Азия-Тынық мұхиты ревматологтер қауымдастығы мен Еуразиялық ревматологтер лигасы симпозиумында ревматикалық аурулар құрылымында ревматоидты артрит, жүйелі қызыл жегі, қабыну спондилоартриті, жүйелі васкулитке шалдыққандар саны артып келе жатқаны мәлім болды. Сондықтан елімізде отандық ревматология ғылыми орталығын құру осы бағытты ғана емес, жалпы денсаулық саласын дамытудың маңызды қадамы…
Автор: un_admin
Жеткізем деп жетістікке жеттім Қытайдан зат алдырып, өзімізге ұсынушы қаракөздер «Пиндуодуо», «Тао бао», тағы басқа сайттар арқылы жұмыс істейді. Ақмолалық Гүлнұр Бексұлтанқызы әуелде Түркиядан сөмке әкеліп сатқан. Онысы сәтсіз болып, енді назарын Қытай тарапына бұрады. Ол үшін әуелі инстаграм әлеуметтік желісін зерттеу керектігін түсінген. «Алдымен зат сатудың техникасын үйрендім. Бастапқыда қиын болды. Бірақ бір ай ішінде 17 мың шынайы оқырман жинап үлгердім. Қазір бір күнде 40-50 мың теңге пайда табамын. Қытайдан алдырған кез келген затымды сатып, адамдарға пошта арқылы жеткізіп беремін. Екіншіден, заттың түр-түріне жарнама жасап, ерекшелігіне тоқталамыз. Әсіресе тұрмысқа қажетті өнімдерге сұраныс көп. Оны да парақшама жазылған пікірлерден оқи…
Үкімет маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының өсуіне жол бермеу үшін Өзбекстан және Тәжікстан жеткізушілерімен тікелей келісімшарт жасау мүмкіндіктерін пысықтады. Сауда және интеграция министрлігіне қарасты «QazTrade» АҚ өзбек және тәжік серіктестерімен тиісті шарттарға қол қойды. Көкөніс Қазақстан нарығына «жасыл дәліз» арқылы және делдалдар мен алыпсатарларсыз тиімді бағада тасымалданады. Қазақстанның барлық өңірінің қажеттілігін қамтамасыз ету және маусымаралық кезеңде көкөніс бағасының ауытқуын болдырмау үшін Премьер-министр келісімшарттарды уақтылы бекітуді және өнімнің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз етуді тапсырды. Әкімдіктер кемінде 18,6 мың тонна картоп, 7,2 мың тонна сәбіз және 5 мың тонна пиязға алдын ала келісімшарт жасау қажет. Қазіргі уақытта қолда бар қорлардан 81 мың тонна көлемінде…
Павлодарлық зауыттар жергілікті шаруашылықтардан сүт сатып алуға лимит енгізуі мүмкін. Себебі Ресейдің шекаралас аумақтарынан отандық кәсіпорындарға арзан шикізат ұсынып отырғандар бар. Жақын уақытта дүкен сөрелерін көрші елдің тез бұзылатын сүт өнімдері басып, жергілікті тауарды ығыстырады деген болжам бар. Фермерлер қазір кәсіпорындар туындатқан мәселе бойынша құзырлы органдарға жиі шағымдана бастаған. Ал мемлекеттен миллиардтаған несие алып, тауарлы сүт фермаларын құрып жатқан ауылдағы еті тірі азаматтар кәсіптерінің келешегіне алаңдап отыр. Шаруалардың айтуынша, Ресейдің арзан шикізаты жергілікті сүт зауыттарының көзін арбап жатыр. Зауыттар өзіміздің сүт шаруашылықтары мен қосалқы шаруашылықтардан сүттің литрін шамамен 170-191 теңгеден сатып алады. Ал Павлодар облысы ауыл шаруашылығы басқармасы берген…
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі Көктем мезгілі басталысымен далалық аймақтарда өрт қаупі күшейетіні рас. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің мамандары далалық аймақтарда барынша сақтық ережелерін сақтауды ескертеді. Жалпы, жыл басынан бері облыс аумағындағы 33 гектар жерді құрайтын далалық аймақта 9 өрт оқиғасы тіркелген. Алайда, бұл өткен жылмен салыстырғанда 18 пайызға төмен. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Асхат Оразбеков хабарлады. – Жыл басталғалы бері облыс бойынша 118 өрт оқиғасы тіркелді. Осыған сәйкес, қазіргі таңда өрт оқиғаларының алдын алу жұмыстары күшейтілген бағытта жүргізілуде. Сонымен қатар, өрт қаупі кезеңінде жергілікті атқарушы органдар, орман шаруашылығы және…
Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан халқының бірлігі күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы құрылым мүшелерімен, этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірге Бірлік аллеясындағы тал егу шарасына қатысты. Айта кетейік, бүгінде облыстық ассамблея жанында 11 этномәдени бірлестік бар. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде «Қазақстан халқы ассамблеясы» орталығы жұмыс істейді. Өңірдегі ұлтаралық татулық пен қоғамдық келісімді сақтау, облыстық ассамблеяның қызметін жандандыру және оның қоғамдық-саяси рөлі мен маңызын арттыру бағытында тиісті жұмыстар атқарылуда. Еске салсақ, қазір республика бойынша «Таза Қазақстан» акциясы өтуде. Акция аясында әр аптаға «Таза өлке», «Киелі мекен», «Жасыл аймақ», «Өнегелі ұрпақ», «Мөлдір бұлақ» тақырыптық атаулары берілген. Сыр өңірінде «Таза Қазақстан…
Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы нысандарды аралап, демеушілер қолға алған жұмыстармен танысты. Алдымен аймақ басшысы Тасбөгет кенті А.Иманов көшесіндегі №1 үйдің қасбетін сырлау жұмыстарын көрді. Өткен жылы Қызылорда облысының 85 жылдығы және қала күніне орай шаһардағы 30-дан астам көпқабатты тұрғын үйдің қасбеті заманауи панельмен қапталған болатын. Бұл жұмыстар жергілікті демеушілердің, атап айтқанда қала құрылысшылары мен кәсіпкерлердің қолдауымен атқарылды. Биыл игі бастама жалғасын таппақ. Облыс әкімі Ә.Мүсілімов атындағы №101 мектеп-лицейінің қасбетін қаптау жұмыстарымен де танысты. Осыдан 20 жыл бұрын салынған мектеп 624 орындық, мекемеде 286 педагог пен 51 қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылы мектеп жанынан 550 оқушыға арналған қосымша ғимарат…
Композитор Мэлс Өзбеков консерваторияда оқып жүрген кезінде Айымзада атты қызға ғашық болады. Қос жүрек бірін-бірі түсініп, махаббаттың шарабына мас болып жүргенінде, жазғы каникул да келіп қалады. Екеуі қимай қоштасып, жаңа оқу жылында кездесуге уағдаласыпты. Демалыс аяқталысымен, Мэлс Алматыға қарай құстай ұшады. Іздегені – Айымзада. Оқу орнына барса, әлі келмеген екен. Не істерін білмей, сыртта тұрғанында мұны танитын курстас қыздардың бірі суық хабар жеткізеді. Айымзада каникул кезінде өзенге шомылып жүріп, суға кетіп қайтыс болған екен. Мұны естіген Мэлстің жай-күйі айтпаса да түсінікті. Көл басына барып, мұңайып отырып, әуеннен тыншу сұрайды. Сезімге толы «Келші, айым» әні осылай дүниеге келген екен.
Заңсыз ойын бизнесінің зардабын жоюға бағытталған түрлі шара қолға алынғанымен, жымысқы әрекетін жасырын түрде жүзеге асыратындар азаматтарды сан айламен арбайтын болған. Тірнектеп тапқанын құмар ойынға құрбан қылғандардың дені – жастар. Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті былтырдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру дерегі бойынша 18 қылмыстық іс қозғаған. Осыған байланысты 14 адам сотталып, бірқатар қылмысқа қатысты әлі де тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Экономикалық тергеу департаменті өткен жылдан бері төрт ойын залы мен бір букмекерлік кеңсенің, сондай-ақ бес бірдей жасырын казиноның жұмысын тоқтатқан. Нәтижесінде, 111 монитор, 102 процессор, 1 ойын терминалы, 6 видео ресивер, 1 500 терминал заңсыз айналымнан жойылған. Алдын…
Премьер-министр Олжас Бектенов Душанбеге ресми сапармен барды. Күн тәртібінде сауда және инвестициялар, өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, ауыл шаруашылығы және көлік байланысы, сондай-ақ су-энергетикалық ынтымақтастық саласындағы қазақ-тәжік өзара іс-қимылы мәселелері тұр. Олжас Бектеновті Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон қабылдады. Қазақстан – Тәжікстанның төртінші ірі сауда серіктесі. Бүгінгі таңда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон арасындағы қарқынды саяси диалог пен қол жеткізілген уағдаластықтардың арқасында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық тұрақты дамып келеді. Қолда бар зор әлеуетті ескере отырып, үкіметтер алдына тауар айналымын 2 есеге – $2 млрд-қа дейін арттыру міндеті қойылды. Үкіметаралық келіссөздер кеңейтілген құрамда өтті және ынтымақтастықты нығайту әрі сауда ағындарын…