Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігі
Home»Аймақ жаңалықтары»«МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН,ҚЫЗЫЛОРДА!» АТТЫ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ
Аймақ жаңалықтары

«МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН,ҚЫЗЫЛОРДА!» АТТЫ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

19.10.20251 847 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Сол жағалаудағы «Қайсар арена» стадионында Қызылорда қаласының астана болғанына 100 жыл толуына және Қала күніне арналған «Мерейлі мерекеңмен,Қызылорда» атты гала-концерт өтті.
Оған Абай облысының әкімі Берік Уәли, Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, Қазақстанның Еңбек Ерлері, ғалымдар, өнер майталмандары, республиканың барлық өңірінен келген облыстық мәслихат төрағалары арнайы қатысты.
Мереке бастауындағы астананы Орынбордан Ақмешітке көшіру және Киргиз АКСР-ның Қазақ АКСР деп өзгертілуі, қалаға Қызылорда атауының берілуі, Ақмешітке қарай бағыт алған «Қызыл паравоз», Алаш арыстарының бейнелері, тарих желісінен сабақталған көріністер сол дәуірді көпшіліктің көз алдына әкелгендей әсер қалдырды. Одан кейін экрандағы көріністер жаңарған, жаңғырған Қызылорданың бүгінгі жасампаз келбетіне ауысты.
Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев жұртшылықты мерейлі мерекемен құттықтады.
«Бір ғасыр бұрын Қазақ Республикасының алғашқы астанасы болған Қызылордада мемлекеттігіміздің негізі қаланды. Сол кезеңде қаламыз еліміздің саяси, мәдени-рухани орталығына айналды. Ұлттық өнер мен ғылымның, білім мен баспасөздің алтын қазығы осында қағылды. Шежірелі шаһарымыздың елдік асыл мұраты, жасампаз жолы қалыптасты. Ұлтымызға «қазақ» атауын қайтарып, азат ел болуды аңсаған асқақ арман орындалды. Тілегі мен мақсаты ортақ Алаш арыстары ұлт мүддесі үшін тәуелсіз ел болуға бірікті. «Отан – елдің анасы, Ел – ердің анасы! Сыр – Алаштың анасы!».
Жүз жылда бірнеше кезеңді басынан өткерген Қызылорда бүгінгі күні Президентіміздің ерекше қолдауымен сәулетті де әсем қалаға айналып келеді. Сыр өңірі жасарып-жаңарып, өсіп-өркендеуде. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды. Облыс бюджеті 851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Бұл қаражат аймағымыздың ең өзекті деген мәселелерін шешуге, тұрғындарымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталды. Ең ғажап қала – ол адамның бақытты болған жері. Баршамызды бақыт құшағына алған Қызылорда – біздің мақтанышымыз.
Мерейлі мерекеде дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін! Егемен еліміздің еңсесі биік, Тәуелсіздігі тұғырлы болғай! Мереке құтты болсын, қадірлі жерлестер!», – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Гала концертте эстрада әншілері Ж.Ысқақова, Г.Оразымбетова, М.Сәдуақасова, Ж.Төлебай «Біздің Қызылорда» әнін шырқады. Сондай-ақ, К.Әлімжан, Т.Төрәлі, О.Нұралиев, тағы басқа өнерпаздар көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сахна сәні, би қойылымдары мен бейнероликтер, арнайы дайындалған тақырыптық дрон шоу Қала күнінің мазмұнын байыта түсті. Салтанатты шараның шарықтау шегінде мереке аспанын мың бояулы отшашулар жарқыратты.
Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

20.10.2025259 Views

Цифрлық штаб: Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін басым бағыт IT-салаларының тізбесі кеңейтіліп, Alem.cloud жұмыс ережелері қабылданды

20.10.2025227 Views

«ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ АСТАНАЛЫҚ КЕЗЕҢІ: ТАРИХ ПЕН ТАҒЫЛЫМ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

18.10.2025864 Views
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «Үздік аула» байқауы жеңімпаздары марапатталды

20.10.2025

Қазақстанның 13 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

20.10.2025

Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде 7-орынға көтерілді

20.10.2025

Израиль шабуылдарынан Газада 40-тан астам палестиналық қаза тапты

20.10.2025

Цифрлық штаб: Президент тапсырмасын жүзеге асыру үшін басым бағыт IT-салаларының тізбесі кеңейтіліп, Alem.cloud жұмыс ережелері қабылданды

20.10.2025

2,3 мың адам арнайы орталықтарда өздерінің біліктілігін растады

20.10.2025

«МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕҢМЕН,ҚЫЗЫЛОРДА!» АТТЫ ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

19.10.2025
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2025 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.