Автор: un_admin

Энергетика вице-министрі Сұңғат Есімханов Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде 2024-2025 жылдардың күзгі-қысқы жылыту маусымы тұрақты және ірі технологиялық бұзушылықтарсыз өткенін атап өтті, деп хабарлайды Primeminister. 2024 жылы энергия көздерін жаңартуға және жаңғыртуға бөлінген қаражат көлемі өткен жылмен салыстырғанда 44%-ға артып, 327 млрд теңгеге жетті. Инвестициялардың айтарлықтай өсуі жылу желілері саласында да байқалды – 28%-ға артып, 148 млрд теңгені құрады. Электр стансаларында жөндеу кестесіне сәйкес 10 энергия блогына, 55 қазандыққа, 45 турбинаға жөндеу жүргізілді. Электр желілерінде 21 мың шақырым электр беру желілері, 423 қосалқы станса жөнделді. 542 шақырым жылу желілерін қайта құру және ауыстыру жүргізілді. Жылыту маусымының қорытындысы бойынша 9 ЖЭО «қызыл»…

Read More

Президентке қала әкімі алдағы жұмыстың басым бағыттары, соның ішінде әлеуметтік-экономикалық даму, қала экологиясын оңалту және шаһар тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыру жөніндегі жоспары туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполисті дамытудың негізгі міндеттерін айқындады. Атап айтқанда, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, экономиканы әртараптандыру, қаланың инфрақұрылымын кешенді түрде жаңғырту, сондай-ақ жол-көлік желісінің жағдайын жақсарту, экологиялық мәселелерді шешу сияқты бірқатар нақты тапсырма берді.

Read More

Зорлық зомбылық кезіндегі өз елін, жерін қорғауда жанын пида еткен қолбасшы. Қазақ халқы ХІХ, ХХ ғасырларда талай зобалаңды бастан өткеріп, жойылып кетудің аз-ақ алдында қалғаны бүгінгі таңда көзі ашық, көкірегі ояу қазақтың бәріне мәлім. «Халықтар түрмесіне айналған патшалық Ресей» (В.И.Ленин) 1868 жылы Столыпин реформасын бекітіп, қазақтың шырайлы жерлерін Ресейден күштеп көшіріліп әкелінген қарашекпендерге беріп қана қоймай, олардың құқықтарын үстем етті. Осыған сүйенген қарашекпендер ойына келгенін істеді. Бұл жөнінде Шәкәрім хажының құрдасы, халық ақыны Сарышолақ Боранбайұлы: Жайықтан бергі қонысты,  Ну тоғайлы қорысты, Сай-саланы келісті, Кірмелер келе шұбыла, Зорлықпен алды қонысты. Кірме деп қалай айтайын, Елінен ауған мұжық-орысты. Құдамыздай ежелгі, Шұрайлы мекен…

Read More

Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жөніндегі республикалық штаб отырысы өтті. Оған облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев пен жауапты сала басшылары қатысты. Басқосуда Ақтөбе және Қызылорда облыстарының шегірткеге қарсы күрес жүргізу барысы талқыланып, облыс әкімінің орынбасары Бахыт Жаханов атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерді баяндады. «Былтырғы зерттеу жұмыстары нәтижесімен облыс бойынша 115 418 гектарға фитосанитариялық іс-шаралар жүргізу жоспарланған. Оның ішінде италиялық прусқа қарсы 24 702 гектарды, азиялық шегірткеге қарсы 35 322 гектарды, саяқ шегірткеге қарсы 55 394 гектарды қамту межеленген. Ерекше қауіпті шегірткеге қарсы өңделуі тиіс 60 024 гектардың 33 476 гектары аса жеңіл ұшақпен, 15 434…

Read More

Қызылорда облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен, «Аманат» партиясының қолдауымен өткен «Үш дәуірдің астанасы — Қызылорда» атты республикалық айтыс мәресіне жетті. 1000 орындық «Өнер орталығы» сөз додасын қызықтаған көрерменге толды. Айтыскерлер қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180, Қызылорда қаласының Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл толуын, Ұлы Жеңістің 80, Байқоңыр ғарыш айлағының 70 және Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығын жырға қосты. Қазылар алқасына мемлекет және қоғам қайраткері Сауытбек Абрахманов төрағалық етті. Құрамында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ғалым Жайлыбай, Мәдениет саласының үздігі, Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Құдайберлі Мырзабек, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ ұлттық өнер…

Read More

Бүгін Қызылордадағы «Өнер орталығында» «Үш дәуірдің астанасы – Қызылорда» атты республикалық ақындар айтысы басталды. Айтысқа Қазақстанның Еңбек Ері, Кеңес Одағының, Қазақстанның Халық әртісі Асанәлі Әшімов, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, журналист, әдебиеттанушы, қазылар алқасының төрағасы Сауытбек Абдрахманов, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман бастаған өнер жанашырлары қатысуда. Жыр додасын Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы Аманжол Әлтай жүргізіп отыр. Ашылу рәсімінде аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев қатысушыларға сәттілік тіледі. «Биыл — еліміз, өңіріміз үшін мерейтойлар жылы! Қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл, Қызылорданың Қазақ елінің астанасы болғанына 100 жыл, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Байқоңыр ғарыш айлағының ашылғанына…

Read More

Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына және “Ауыл аманаты” жобасының іске асырылу барысына арналған кеңес өткізді. Жиында аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев атқарылған жұмыстарды баяндады. “Президентіміздің бастамасымен ауыл халқының әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Ауыл аманаты» жобасы облыста оң нәтижесін беріп келеді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында агробизнес өкілдері ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл орайда өңіріміздегі «Абай-Дәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жаңашыл бастамасын, нәтижелі жұмысын ерекше атап өту қажет. Қазіргі таңда серіктестіктің оң тәжірибесін кеңінен таратуда, облыстың барлық ауылында жаңа өндіріс және сауда нысандарын ашуда белсенді жұмыс бар. Жоба шеңберінде 1000 шаршы метрден…

Read More

Суға батып кету оқиғаларының 95%-ы рұқсат етілмеген, қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген су көздерінде болады. Осы тұрғыда ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов ОКҚ брифингінде халықты тек рұқсат етілген, қауіпсіз су айдындарында демалуға шақырды. Оның айтуынша, қауіпсіз орындар туралы мәліметтер БАҚ-та, әкімдіктер мен төтенше жағдайлар жөніндегі өңірлік департаменттердің сайттарында, 2ГИС қосымшасында орналастырылған. «Бүгінгі күні еліміздің су көздерінде 698 демалыс орны бекітілді. Қазір 458 жеке жағажай, 227 коммуналдық, 13 нысан туризм мен спорт үшін пайдаланылуда. Әкімдіктермен 84 орын құру жұмысы жүргізілуде. Барлық коммуналдық жағажайларға кіру тегін. атқарыған кешенді жұмыстың арқасында жыл сайын қайтыс болғандар саны азайып келеді. 2021 жылдан…

Read More

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен «Өнер орталығында» Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай мерекелік шара өтті. Оған сала қызметкерлері мен ардагерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты. Аймақ басшысы жиналған қауымды кәсіби мерекемен құттықтап, сала жетістіктеріне тоқталды. «Баршаңызды Мәдениет және өнер қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлтымыздың болмыс-бітімін сақтауға, халқымыздың руханиятын байытуға зор үлес қосқан мәдениет және өнер майталмандарының еңбегі қашанда елеулі. Мемлекет басшымыз бірлік пен берекенің, өнер мен мәдениеттің құтты ұясы болған Сыр өңірін алтын бесікке теңеп, айрықша бағасын берген еді. Өздеріңізге белгілі, Бурабайда өткен Ұлттық құрылтайда келесі 5-ші отырысты Сыр бойында, кезінде Қазақ елінің астанасы болған Қызылорда қаласында өткізуді…

Read More

2022 жылдан бастап азаматтардың жекелеген санаттарына жеке сектордағы тұрғын үйді жалдау құнының 50%-ы субсидияланады. Бұл жеңілдік бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар, мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және көп балалы аналар, көп балалы отбасылар үшін қарастырылған. Қазір 11 мыңнан астам отбасы тұрғын үйді жалға алғаны үшін 50% төлеу бойынша мемлекеттік қолдауға ие. Бұл туралы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков ОКҚ брифингінде хабарлады. Бұдан бөлек, мұқтаж азаматтарға әкімдіктер ипотекалық тұрғын үй несиелері бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабуға тұрғын үй сертификаттарын береді. «Өткен…

Read More