ТЖМ мәліметінше, биыл қазан айының басынан бері тұрғын үй секторында орын алған 650-ден астам өрт тіркелген. Негізгі себептердің бірі – жылу жүйелері мен электр құрылғыларын пайдалану ережелерінің бұзылуы. Шыңғыс Әрінов өңірлер бойынша Қостанай, Қызылорда және Абай облыстарында өрттің көбейіп отырғанын баяндады. Премьер-министр профилактикалық жұмысты күшейту және қауіпсіздік талаптарының сақталуын бақылау қажеттігіне назар аударды. «Жылу беру кезеңінде өрттердің 50%-ға жуығы пештер мен мұржалардағы ақаулардың кесірінен орын алады. Алайда, өрттің негізгі шығу себебі жылыту пештері мен қазандықтарды пайдалану кезінде өрт қауІпсіздігі ережелерін өрескел бұзу болып отыр. Төтенше жағдайлар министрлігі осыған баса назар аударып, мұндай бұзушылықтарға бей-жай қарамауға тиіс. Тек ұсыным берумен ғана…
Автор: un_admin
Кездесуде бұған дейін қол жеткізілген келісімдерді іске асыру және ынтымақтастық перспективасына қатысты мәселелер талқыланды. Қоршаған ортаны қорғау саласына, соның ішінде климаттық өзгеріс салдарын жеңілдету және «жасыл» энергетикаға көшу шаралары бойынша бірлескен жобаларға баса назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық экологиялық сын-қатерлер мен Қазақстанның орнықты дамуға ұмтылысы жағдайында бұл бастамалардың маңызы зор екенін атап өтті. Қазақстан Президенті биыл қыркүйек айында Астанада өткен Араб үйлестіру тобының дөңгелек үстел форматындағы басқосуының қорытындысына жоғары баға берді. Бұл іс-шара тараптардың стратегиялық жобаларды жүзеге асырудағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге өзара бейілді екенін көрсетті. Мемлекет басшысы «Климат өзгерісіне төзімді су ресурстарын дамыту» жобасы бойынша қаржылық және техникалық келісімнің бірінші…
Мемлекет басшысы бауырлас Түркия Президентімен Баку төрінде кездесіп отырғанына қуанышты екенін жеткізіп, биыл Қазақстан мен Түркия арасындағы Достық және ынтымақтастық туралы келісімге 30 жыл толғанын атап өтті. – Қазір де бауырластық қарым-қатынасымыз қарқынды дамып жатыр. Саяси деңгейде сындарлы диалог бар. Үкіметтеріміздің ықпалдастығы артып келеді. Түркия – Қазақстанның ең ірі бес сауда серіктесінің бірі. Былтыр екіжақты сауда-саттық 6 миллиард долларға жетті, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Сонымен қатар Президент Түркияның Қазақстан экономикасына мол қаржы құйған негізгі инвесторлардың қатарында екеніне назар аударып, түрік бизнесмендерінің қатысуымен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жеке бақылауында болатынын мәлімдеді. Режеп Тайип Ердоған Қазақстан мен Түркия арасындағы қарым-қатынас стратегиялық…
Қасым-Жомарт Тоқаев СOP29 Дүниежүзілік климат саммиті аясында Кувейттің Тақ мұрагері, шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабахпен кездесу өткізді. Мемлекет басшысы Кувейтті Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды серіктесі ретінде атап өтті. Президент екі ел арасында тұрақты саяси диалог пен экономикалық ықпалдастық дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстанның Кувейтпен жан-жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Кувейттің Қазақстан экономикасына қаржы құятын ірі инвестордың біріне айналуға әлеуеті мол екеніне сенім білдіріп, елімізде бірқатар Кувейт компаниясының табысты жұмыс істеп жатқанын мысалға келтірді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Сабах Халид әл-Хамад Ас-Сабах бірлескен инвестициялық жобаларға баса мән бере отырып, сауда-экономикалық байланыстарды жандандыра түсу…
Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Оралда түнде және таңертең тұман түседі. Алматы облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыс бағыттан солтүстік-батыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде екпіні — 17-22 м/с. Қонаевта 12 қарашада оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні секундына 18 метрге жетеді. Қарағанды облысында, күндіз облыстың солтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман. Қарағандыда түнде жаяу бұрқасын. Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман, көктайғақ. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, түнде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында, күндіз облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Таразда кей уақыттарда тұман түседі. Қызылорда облысының орталығында, шығысында тұман. Қызылордада түнде және…
Бүгінде отандық зығыр майы жапондардың сеніміне ие болып, олардың күнделікті рационының ажырамас бөлігіне айналған. Жапонияның зығыр майына жыл сайынғы қажеттілігі – шамамен 10 мың тонна, бұл бұған дейін жіберілген көлемнен әлдеқайда асып түседі. Сұранысты қанағаттандыру үшін «Джатеко» жақын арада отандық зығыр майының импортын жылына 3 мың тоннаға дейін арттыруды, сондай-ақ сафлор, мақта майларын жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр. Кездесудің басты тақырыптардың бірі логистика мәселесі болды. Айжан Бижанова еліміздің Азия елдерімен тұрақты тауар айналымын нығайтуды көздейтінін айтты. Ол көлік маршруттарын оңтайландыру және жапондық серіктестер үшін күту уақытын қысқарту мақсатында Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен жұмыс кеңестерін өткізуді ұсынды. Айта кету керек,…
Жалпы көлемі 96 гектар жерді алып жатқан аймақта қазір 7 жоба өз жұмысын бастап кетті. Мұндағы ең ауқымды әрі сәтті жүзеге асқан жобаның бірегейі – «Гежуба Шиелі Цемент компаниясы» ЖШС-ның «Тампонажды цемент өндіру зауыты» жобасы. Жоба құны 64 млрд. теңгені құрап, 260 адам жұмыспен қамтылған. «Гежуба Шиелі Цемент Компаниясы» ЖШС – «DANAKE Корпорациясы» ЖШС мен қытайлық «Gezhouba Group Cement Co Ltd» компаниялары бірлесіп құрған инвестициялық жоба. Зауыт 2019 жылы сынама ретінде, 2020 жылы толық іске қосылды. Ол – еліміздегі ең жаңа технологияларға негізделген құрылғылармен жабдықталған құрылысқа қажетті портланд және тампонажды цемент шығаратын зауыттардың бірі. Зауыттың жобалық өндірістік қуаты жылына 1…
Тиісті заңға мемлекет басшысы қол қойды.Қабылданған түзетулерге сәйкес, «жұмыс берушінің еңбек (қызметтік) міндеттерін атқару кезінде оның өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін, сондай-ақ «қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйымдардың азаматтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» ҚР Заңының талаптарын бұзғаны немесе орындамағаны үшін жеке тұлғаларға айыппұл қарастырылған. 30 есептік көрсеткіш (3 мың сом) мөлшерінде, заңды тұлғаларға — 130 есептік көрсеткіш (13 мың сом). Бұған дейін Қырғызстанда бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернетте жала жапқаны және қорлағаны үшін айыппұл салынуы мүмкін екендігі хабарланған болатын. Бұдан басқа, елде мемлекеттік органдар шенеуніктерінің азаматтардың өтініштерін қарау тәртібін бұзғаны…
Мемлекет басшысы мұндай шешім су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға жедел көмек көрсету мақсатында қабылданғанын мәлімдеген. Петро биліктің климаттың өзгеруінен туындаған проблемалармен күресіп жатқанын атап өтті. Президенттің айтуынша, елдің көптеген аймақтары су тасқынынан қатты зардап шеккен. Колумбияның Апат қаупін басқару жөніндегі ұлттық бөлімінің (UNGRD) мәліметінше, нөсер жаңбырдан 46 мың отбасы зардап шеккен, Ла Гуажира, Хуила, Чоко, Норте де Сантандер және Каука аймақтарында төтенше жағдай жарияланған. Әлеуметтік желіде жарияланған видеоларда ел астанасы Боготаның солтүстігінде су басқан тас жолды көруге болады. Петро UNGRD су тасқынынан ең көп зардап шеккен муниципалитеттерге көмек көрсету үшін екі Ұжымдық инвестициялық қор (FIC) арқылы 2,5 миллиард колумбиялық песо…
Қытайлық БАҚ-тың келтірген дерегіне сүйенсек, кабельдік кран салмағы шамамен 215 тонна болатын алғашқы болат ферманы (конструкцияны — авт.) белгіленген жерге дәл орналастырып, көпірдің келесі жылы ашылуы мен пайдаланылуына негіз қалап, жаңа кезеңге өтті. Құрылысы 2022 жылы басталған Хуацзян шатқалының көпірі «жер шарының жыртығы» деп аталатын Хуацзян атты үлкен шатқалға салынып жатқанымен әйгілі. Бұл – Гуйчжоу өлкесіндегі Лючжи-Анлун тасжолының басқарылатын жобасы. «Ұзындығы 2 890 метрлік көпір – су бетінен тік биіктігі 625 метр болатын аспалы көпір. Құрылыс аяқталғаннан кейін ол әлемдегі ең биік көпірге айналады», — деп жазады «Халық газеті».