Close Menu
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
Facebook X (Twitter) Instagram
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі
Facebook X (Twitter) Instagram
Ultnews-ақпараттық агентігі
  • Жаңалықтар
  • Аймақ
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Мәдениет
  • Денсаулық
  • Спорт
ҚАЗ РУС
Ultnews-ақпараттық агентігіUltnews-ақпараттық агентігі
РУС
Home»Денсаулық»Емханаларда не өзгерді: скринингтер кеңейтілді және кезектілік қысқартылды
Денсаулық

Емханаларда не өзгерді: скринингтер кеңейтілді және кезектілік қысқартылды

17.10.2025230 Views
Share
Facebook Twitter LinkedIn Pinterest Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
Соңғы бір жарым жылдың ішінде Денсаулық сақтау министрлігі медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізді. Мақсат – емхананы әр адамға барынша жақын әрі қолжетімді ету, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Скринингтік бағдарламалар кеңейтілді: қатысушылардың жасы 76 жасқа дейін ұлғайтылды — қосымша шамамен 1 млн адам қамтылды; жоғары сезімталдықтағы тестілер енгізілді — созылмалы ауруларды ерте анықтау көрсеткіші 1,5–2 есеге артты; ми қан айналымының бұзылуын ерте анықтау үшін 50–76 жас аралығындағы ер адамдарға арналған жаңа скрининг енгізілді; онкоскринингтер ТМККК пакетіне енгізілді — енді олар 300 мың сақтандырылмаған азаматқа да қолжетімді.

Учаскелік дәрігерлердің жұмыс күні 8 сағатқа дейін ұзартылды, оның 6 сағаты пациенттерді қабылдауға бөлінген. Бұл азаматтардың дәрігерге қолжетімділігін арттырып, мамандарға кезекті қысқартуға мүмкіндік берді. Цифрлық шешімдердің арқасында жалпы практика дәрігерлеріне қолжетімділік 3,5 есеге, бейінді мамандарға — 15 есеге артты. Тиімді өндіріс қағидаты енгізілді — қағазбастылық азайды, пациентке бөлінетін уақыт артты. Дәрігердің кейбір функциялары мейіргерлерге берілді, соның нәтижесінде халықты алғашқы көмекпен қамту деңгейі 60%-дан 80%-ға дейін өсті.

МСАК мамандарын ынталандыру шаралары күшейтілді: онкологиялық аурулар мен туберкулезді ерте анықтағаны үшін 5 айлық есептік көрсеткішке дейінгі бонустар, ынталандырушы компонент көлемі 2 есеге артты, сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін тоқсанына 2 млн теңгеге дейін төлем қарастырылған.

МСАК-ты трансформациялау шеңберінде ел бойынша 687 медициналық ұйымның басшылары мен мыңдаған маман – 787 жалпы практика дәрігері, 978 мейіргер, 279 колледж оқытушысы және 697 жоғары оқу орнының оқытушысы оқытудан өтті.

Ерекше назар — ана мен бала денсаулығын сақтауға аударылған. Соңғы бір жылдың ішінде нәресте өлімі 15%-ға, бастапқы мүгедектік 7,5%-ға төмендеді, үй жағдайындағы нәресте өлімі 22%-ға азайды. «Салауатты Ана» пансионаттары, жүкті әйелдерді бақылауға арналған 20 жағдайлық орталық және 100 ерте араласу орталығы ашылуда. Емханаларда жаңа педиатриялық бөлімшелер іске қосылуда.

Share. Facebook Twitter Pinterest Tumblr Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link

Оқи отырыңыз...

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026281 Views

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026339 Views

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026371 Views
Соңғы жаңалықтар

«АДАЛ ДОС, АСЫЛ АЗАМАТ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ

05.05.2026

Ұлттық жоба көмір генерациясының отын-логистикалық тұрақтылығын қамтамасыз етеді

04.05.2026

Үкімет Риддер қаласын жылумен қамту сенімділігін арттыруға 1,8 млрд теңге бөледі

04.05.2026

Иран компаниясы Қазақстанда май өңдеу зауыты мен құс фабрикасын салады

04.05.2026

Трамп Ормуз бұғазында әскери операция басталатынын жариялады

04.05.2026

Мәсімовке тиесілі болған самурай қылышы аукционда сатылды

04.05.2026

Қазақстанның тағы бір қаласында LRT құрылысы басталды

04.05.2026
Advertisement
Demo

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Facebook X (Twitter) Instagram YouTube Telegram

2024 жылы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің ақпарат комитетіне № KZ66VPY00098072 нөмірімен тіркеліп, “Ultnews.kz” ақпараттық агенттігі ретінде куәлігі берілді.

©2023- 2026 / Ultnews.kz ақпараттық сайты/ Барлық құқықтар тіркелген.
  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Сайт тәртібі

Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.